Кенеттен пайда болған бозару, естен тану, пульс анықталмайды, жүрек тондар естілмейді. Науқаста көгеру, ұстамалар пайда болады. Еріксіз зәр жіберу және дефакция. 3-4 минуттан кейін өлім болуы мүмкін, бірақ ұстама 1 – 2 минутта басылады: қарыншаның идиовентрикулярлы қозғаушы ритмі пайда болады.
Функционалды экстрасистолия – вегетативті дисфункциясының көріністері бар жас адамдарда кездеседі. ЭКГ мәліметтері бойынша қарыншалық экстрасистолия, монотопты, ST интервалы және Т тісшесінің постэкстрасистолалық өзгерістері анықталмайды.
Функционалды экстрасистолия – вегетативті дисфункциясының көріністері бар жас адамдарда кездеседі. ЭКГ мәліметтері бойынша қарыншалық экстрасистолия, монотопты, ST интервалы және Т тісшесінің постэкстрасистолалық өзгерістері анықталмайды.
Органикалық экстрасистолия – 50 жастан асқан адамдарда пайда болады. Оларды тексеру кезінде жүректің ауруларын анықтауға болады. Экстрасистолия физикалық жүктеме кезінде пайда болады. Тыныштықта жоғалады немесе сирейді. ЭКГ да: Бұл әртүрлі топикасы бойынша экстрасистоиялар – жүрекшелік, атриовентрикулярлық, қарыншалық политопты , бірлескен.
Жүрекшелік экстрасистолия
Кезектен тыс синустық емес Р тісшесі, осыдан кейін қалыпты немесе аберантты QRS комплексі пайда болады. РQ интервалы – 0,12 – 0,20 секунд. Компенсаторлық пауза әдетте толық емес(еселенген РР қалыпты тісшесінен экстрасистолия алдында және экстрасистолиядан кейінгі аралықтағы Р тісшесінің интервалы кіші болады ).
Қарыншалық экстрасистолия
Кезектен тыс, кең (0,12) және деформацияланған QRS комплексі. Сегмент ST және Т тісшесі QRS комплексіне дискордантты. Р тісшесі экстрасистолияға байланысты болмауы немесе теріс болуы мүмкін. Компенсаторлық пауза толық (еселенген РР қалыпты тісшесінен экстрасистолия алдында және экстрасистолиядан кейінгі аралықтағы Р тісшесінің интервалы тең болады)