Жүргізуші : Қамықпаған қиындықтың үрейінен, Өздеріңе силап қырдың гүлінен Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен! ІІ жүргізуші



бет3/4
Дата16.05.2023
өлшемі48,03 Kb.
#93611
1   2   3   4
Ән:
1.Көз жұмды майдангерлер қорғап елін,
Сескенбей біздің ерлер бар деп өлім.
Шайқасты қас дұшпанмен қайраттанып,
Алуға шәйіттердің жаудан кегін.
Күн бар ма, өмір ,өлім арбаспаған.
Майданда мұз төсеніп, қар жастанған.
Қапыда жау оғынан тапты қаза,
От жүрек өжет ерлер қол бастаған.
2.Өтсе-дағы содан бері қаншама жыл,
Өжет ердің рухы әлі тірі жүр.
Ескерткіші майдангерге тұрғызған.
Сый-сияпат ұрпағыңның жыры бұл.
Оралмады қыршын боздақ, қанша адам.
Жолын тосып үй іштері аңсаған.
Боздақтарды еске алып жыл сайын
9-шы мамыр Жеңіс күнін қарсы алам.
3.Қаншама жылдар,қаншама ғасыр өтсе де.
Нешеме көктем, жайнатып жерді кетсе де.
Неше мың жаңбыр селдетіп суын төксе де,
Тарихқа түскен керемет күндер жетсе де.
Жеңістің күні өзіңдей бәрі бола алмас
Өмірге мынау іздерін сендей сала алмас
Сөндірмей, айқын сәулелі ойлар жалғасын
9-шы мамыр ,ғажайып күн ғой , ғаламат.


4.Төрт жыл бойы жел соғып, дауыл келді.
Қала көрді, қиындық, ауыл көрді.
Жеңіс, Жеңіс! Анамның көз жасы боп,
Тамып түсіп жаттың сен қара жерге.
5.
Бас игін балам
Даңқты атаның табытына
Біз үшін қан төккен
Болашақ адамның бақытына
Қаһармандықпен қан кешіп
Оқболып атылған жауына
Сол үшін балам бас игін
Ерлердің рухына
Олар-өлген жоқ
Олар- тірі мәңгі
Олар бізбен бірге
Көреді атар таңды
Олар бізбен бірге жеңісті тойлайды
Олар мәңгілік гүлдейді, солмайды.
І жүргізуші:
Бүгін мереке. Ұлы Жеңіс мерекесі. Біз бүгін кешегі қанды майданда шайқасқан ардагерлерді, тылда еңбек етіп, жеңісті жақындатуға күш салған барша аға ұрпақты осынау ұлы күнмен шаттана құттықтаймыз. Әлемде мәңгі бейбітшілік сақталып, ешқашан күн сөнбесін, бұлт төнбесін!
І жүргізуші:
Әрқашанда әділдік жеңеді. Опасыздықпен шабуыл жасаған фашисттер, 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшіліктің негізі қаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет