Жүргізуші : Қамықпаған қиындықтың үрейінен, Өздеріңе силап қырдың гүлінен Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен! ІІ жүргізуші



бет4/4
Дата16.05.2023
өлшемі48,03 Kb.
#93611
1   2   3   4
Хор:Бейбіт күн тілегі.
ІІ жүргізуші:
Осымен біздің Ұлы Жеңістің 78-жылдығына арналған мерекелік концертіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
 Жүргізуші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Құрметті ата-аналар және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 72 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Жүргізуші:
Аз емес зар жылаған,егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.

Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,


Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні


Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы


Ұлы Отаным басын иіп бір минут,


Есіне алмақ сол бір апат қайғыны...


/1 минут үнсіздік, үнтаспадан жай ғана ән естіл


Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,


Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.


Жеңіс тойын жақындатып әкелген


Төккен қаны, әке - аға, інінің.


: Жеңіс деген шат күлкісі баланың,


Тыныштығы жер мен жаһан даланың.


Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,


Тыныштығың сол Жеңістен басталған.


Сол күнде, бүкіл әлем күлім қақты,


Нұрланып ой, күн, жұлдыз сәуле шашты.


Құс сайрап, жануарлар сайран салып,


Жайқалып өсімдіктер шешек атты.


Аз емес зар жылаған, егілген жан
, Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған

Қиындық кезең сындары


Ерліктің отын маздаттың.
Соғыстың сұрапыл жылдары —
Тағдыры талай боздақтың.
Аттанып ердің дүрмегі,
Отан деп келді сөз басы.
Соғыстың күңгірт күндері —
Жесірдің ащы көз жасы.
Алыстап жылдар барады,
Білініп уақыт бағасы.
Соғыстың зарлы заманы —
Жетімнің қайғы, наласы.
Ерлікке толып өткені,
Ұмытылмай тұрды ер ісі.
Соғыстың соңғы көктемі —
Солдаттың асқақ Жеңісі.
Жақыны қамығып ойланған,
Тағдыры солай болса бір.
Оралмай қалып майданнан,
Хабарсыз кетті қаншама ұл.
Өссе де ұрпақ тербеле,
Демейік өткен солғындар.
Ұмытылмай жатсын кеудеде
Соғысты көрген тағдырлар.
Салмағын содан ұғасың,
Жеңістің білсең бұл күнін.
Осынау күннің куәсін
Құрметтей, ұрпақ, жүр бүгін!
***
Өтсе де күн, есімің ескерілер,
Ұрпағыңның жадынан өшпедіңдер.
Соғыс жылғы Аналар, өйткені рас,
Болмысы асқақ, өзгеше, басқа едіңдер!
Жан едіңдер қашаннан елдікті ұғар,
Сол бейнеңде өшпейтін ерлік тұрар.
Ұлылығыңа орнатса бір ескерткіш,
Алтынның да бағасы кемдік қылар.
Соғыс үзді шаттықты ән-жырларыңды,
Бес қаруын бойына ұл да ілді.
Біледі ұрпақ оларды қан майданға
Шығарып сап үмітпен тұрғаныңды.
Тыныштықтың сілкінтіп соғыс таңын,
Көрді ұлдардың дұшпанмен алысқанын.
Берді оларға күш-қуат ақ тілегің,
Түсірмеді ерге тән намыстарын.
Ұялатар Ана ғой санаға арман,
Жетелейтін сол үміт баланы алдан.
Намысты ұл да туатын шығар, бәлкім,
Өздеріңдей намысты Аналардан.
Алмақ боп жау бейбіт ел қалаларын,
Оқ даусы үзді бөбектің балаң әнін.
Сонда ұлдарың майданда сәбилер мен
Қорғап қалған олардың Аналарын.
Жоғалтпады сол сында боздақ арын,
Соғыс кейде қайғының қозғады әнін.
Өздерің де бауырға басқансыңдар
Пана іздеген ұл-қызын өзге ананың.
Ана сезім ортақ қой балаға да,
Перзент те ортақ көрінер бар анаға.
Бөлінбейді бұл жүрек ұлтқа мүлде,
Сыймайды екен бұл сезім шекараға.
Намысы боп тілеуің жорықтардың,
Алаңдаумен жүрегің торыққан мың.
Сол жылдардың Анасы, мәңгі өздерің
Аналары солдаттың болып қалдың!
Келер деген беріліп сенімге ерен,
Мейірімдерің ортақ боп, бөлінбеген.
Ана болу сарбазға қашанда да
Отанына Ана ол болу деген.
Өтті уақыт.. Ана-үміт, Ана-арман
Құлындарын тосумен жараланған.
Соғыс бүгін кешірім сұрай қалса,
Сұрау керек алдымен Аналардан.
Пейілі де, бір болған тілегі елмен,
Сол ақ тілек Жеңіс боп күле келген.
Мың дастанға лайық жансыңдар-ау,
Жетпейді екен болмысың бір өлеңмен!
1 - жүргізуші: Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

2 - жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

1 - жүргізуші:

Аз емес зар жылаған, егілген жан,


Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық.
(1 мин үнсіздік)

(Сахнадада күй ойналады. Халық, бейбіт өмір көрінісі жүреді)


Радио: - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, 1941 жыл 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді. 
Соғыс басталды.
(Халық бір- біріне үрейлене қарады. « Слава Отечественной Войне» әні жаймен ойналады.)
Халық арасынан - Соғыс! Соғыс! Соғыс! (Дауыстар шығады. Ер адамдардың барлығы соғысқа аттану кезеңін көрсетеді. Жылау, сықтау)
Қария :
- Балаларым, қырандарым!
Ел шетіне жау тигенде, бабаң бүгіп қалмаған, 
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас»- деген.
Отан үшін аттан, атттан, аттан!

(Осы кезде « Қасиетті соғыс» әні ойналады. Сахна сыртында жүргізушілер)


1 - жүргізуші: «Соғыс» деген суық хабар. Қазақстанның барлық жеріне 1941 жылдың 22-ші маусымында келіп жетті. Осы соғыстың қарсаңында Қазақстанның халқы 6 миллионнан астам еді.

(Радиодан жеңіске жеткен хабарлама қойылады)

Бала: 
- Алақай! АлақаЙ! Алақай! 
Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс! 
Көкем келеді, алақай! 
Экранда деректі бейне фильм көрсетіледі.

1 - жүргізуші : - Енді бір мезет экранға назар аударайық.


(Бір минут үнсіздік. Сахнада Қария)
Қария:- Айналайын халқым! Ұрпақтарым.
Біздің еренді еңбегімізді елеп, ескеріп, мәртебемізді көтеріп, қошеметтеп, жыл сайынғы елде жасап жатқан жақсылықтары бізді қуантып, марқайтады.
Елбасымыз өз жолдауында халықтың жағдайын жасаумен бірге ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне зор көңіл бөлгеніне ризашылығымызды білдіреміз.
2 - жүргізуші : - Иә, миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс халық санасынан ұмтылған жоқ. Сол сұм соғысты көзімен көрген, көкірегімен түйіндеген ардагер ата, әжем еріміз ортамызда. ( Ардагерлерге сөз беріледі.)
1 - жүргізуші: - Сахнада Жас ұрпақтар монтаж «Ардагерлер»

(Монтаждан кейін Жас ұрпақтар ардагерлерге галстук тағады.)

Жас ұландар: - Ардагерлерге мың тағзым!
Ән «Алия» орындайтын А.Қарлыбай.

2 - жүргізуші: Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!


1-оқушы: «Майдангерлер»
2-оқушы: «Екеуін де көтерді ол» Ж.Молдағалиев
3-оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ.Жұмағалиев)
4-оқушы: «Соғыс» Қ.Әбдіқадыров
5- оқушы: «Жеңіс күні» Т.Молдағалиев
6-оқушы. «Болмасын соғыс»
7-оқушы: «Сен құрметте оны»

2 - жүргізуші:


Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды

Би: «Катюша»

1 - жүргізуші:
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін

Аналар қоштасқанда асылымен,


Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,


Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

Көрініс: «Тылда». Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді.

Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам!»
2 - жүргізуші: Соғыс... Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады, қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»



1 - жүргізуші:
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
2 - жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 70-ші көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 71 жылдығында кездесейік.
1 - жүргізуші: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.
2 - жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым!
1 - жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
2 - жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын!
1 - жүргізуші: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/9_mamyir_2015/27812/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет