Ән: «Күз келгенде». Жүргізуші: Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар, солмен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?
Ойын: «Сиқырлы орамал» Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап отырайық.
Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.
Күз: Орамалды ашайық,
Астында не, қарайық?
Бұл не?
Себет қой!
Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.
Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.
Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдарбалалар!,Келгенше жыл айналып.
(Күз кетеді)
Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.
Жүргізуші: Осымен «Балбөбек» тобының «Келді міне Алтын күз» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!
«Жер. су. ауа» Жер, су, ауа біздердің достарымыз. Жүргізуші: О, Ғажайып табиғат,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін,
Күлімде күн күлімде.
Бүлдіршіндер қуансын,
Күлсін барлық бала шат.
Балалар, табиғаттың адам денсаулығына қажеитті үш байлығын еске түсірейік, ол үшін жұмбақ жасырайын:
Үлкен алтын табақтан.
Әлемге нұр таратқан.
(күн)
Күн : Амандасады.
Ия, балалар жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі мен, мен сізге не үшін керекпін;
Балалар:
Күн жарық, жылу береді.
Жүргізуші: 2-топ балаларын ортаға шығару,
Онда бізде бір-бірімізге ыстық лебіздерімізді айтып, жылу берейік.
Денсаулығымыз мықты болсын,
Тәртіпті бала болайық.
Табиғатты аялайық !
Әлемде бейбітшілік достық болсын.