Күн: Ия балалармен әлемге жарық, қызу беремін менің арқамда балалар жарқырап тұр.
Жүргізуші: 3-топ балаларын ортаға шығару.
Қане балалар күнге ақ тілегімізді айтайық.
Жанайым Күлімде, күн күлімде
Жер жасарып көгерсін
Кешегіндей бүгінде,
Қанат қақсын көгершін
Күлімде күн күлімде.
Мирас Бүлдіршіндер қуансын
Қырдың қызыл гүліндей,
Қолдарына ту алсын.
Күлімде, күн күлімде.
Байтақ Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей.
Бейбіт болсын болашақ!
Ойын: 2-топ балаларын ортаға шығару,
Төнелден өту.
Мақсаты: Балалар екі топқа бөлу, жылдам төнелден жүгіріп барып өту, шапшандылығын артыру.
Жүргізуші: Балалар табиғаттың екінші байлығын жұмбақ арқылы жасырайын:
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақтыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қорын тек,
Барша тіршілік құрайды.
(Су) Су кіреді:
Неге тек сіздің арқаңызда мен болмасам сіздің ыстығыңызға қалай шыдайды, солай емес пе балалар, су не үшін керек?
Сусыз тамақ піспейді.
Сусыз тазалық болмайды.
Су адамға қажетті тағам.
Сусыз тіршілік жоқ.
Су шынығу үшін керек.
Су арқылы үйді жылтады.
Су:
Балалар мен жаңбыр түрінде кездесемін. Ертегі тыңдайсыңдарма?
Ертеде осыдан көп жыл бұрын су болыпты. Құстар шөлден қаталыпты. Шаршаған құс желден көмек сқрайды. Көмектесуге уәде берген жел күнге келеді. Күн көлдердің суын қыздыра бастайды. Су тамшылары буға айналып, аспанға көтерледі. Ол жерде тамшылар бір-бірімен қосылып, бұлтқа айналады. Жерге жағбыр жауады жер рахаттана дем алады. Жаңбыр суына шөлі қанған өсімдіктер мен құстар қуанады.
Балалар жаңбыр не үшін керек?
Надира Жанымызға дауасың,
Біз ойнайтын ауланың.
Тазартасың ауасын.
Ойын: Су тасу. Мақсаты: Балалар екі топқа бөліп, шелекпен су тасиды, шапшан, жылдамдылығын артыру.