Жұрнақ, екіншісі — жалғау. Сонда: ЖҰрнақ


Туынды түбір. Түбірлес сөздер



бет2/2
Дата06.06.2023
өлшемі70,88 Kb.
#99279
1   2
Байланысты:
1 дәріс

Туынды түбір. Түбірлес сөздер
Туынды түбір — негізгі түбірлерге белгілі бір жұрнақтар қосылу арқылы жасалған сөздер. Мысалы, бұр, біл, құй, күй, би, бас, аз, қыс сияқты түбір сөздерге -ғы, -ім, -мақ, -ші, -тық, -ай, -қаш жүрнақтарын жалғау арқылы бұрғы, білім, құймақ, күйші, биші, бастық, азай, қысқаш тәрізді туынды түбір жасауға болады.
Туынды сөздер мен туынды түбір бір емес. Туынды түбір тек жұрнақтар арқылы негізгі түбірден туған сөздер ғана болса, туынды сөз тек туынды түбірден ғана жасалады, сонымен бірге туынды түбірдің өзінен де жасала береді. Мысалы, біл, білім, білімпаз, білімпаздық деген сөздерді алсақ, бәрінің түбірі — біл; бұл сөзден тікелей өрбіген сөз білім ғана, қалғандары — туынды түбірден өрбігеп сөздер (білім — білімпаз, білімпаздық).
Сөйтіп, негізгі түбірге бір жұрнақ жалғап, туынды түбір жасауға, оның үстіне тағы да жұрнақ жалғап, туынды сөз тудыруға, одан әрі қарай келесі жұрнақты жалғап, осылай өрбіте беруге болады.
Тілде бір түбірден бірнеше сөз өрби береді делік. Мысалы, өн сөзін алсақ, одан мына төмендегідей туынды сөздер өрбиді:

Мұндай сөздердің түбірі бір болғандықтан, олар бір-бірімсн түбірлес сөздер деп аталады.


ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ОРЫН ТӘРТІБІ
Жұрнақ сөз тудыратын, оны түрлендіретін сөз бөлшегі болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бұрын келеді. Мысалы: уй-ші- лер-іміз, үй-шік-тер-іміз-ге. Жалғаулар сөз бен сөзді байланыстыратын, қарым-қатынасқа түсіретін қосымшалар болғандықтан, сөздің соңында келеді. Мысалы: Біз әкемізбен ауыл ортасындагы үлкен жиындарга барып тұрамыз. Жалғаулардың бірнешеуі бір сөзге жалғанғанда, ең алдымен, көптік жалғауы, одан кейін тәуелдік жалғауы, ең соңына жіктік жалғауы жалғанады. Көптік жалғауының сөздерде екі рет қайталанып келетін жағдайлары да болады. Мысалы: Сендер жақсы оқушы-лар-сың- дар. Сендер улгілі жұмыскер-лер-сің-дер. Мұндағы бірінші көптік жалғауы сөзге көптік мағына беріп тұрса, екіншісі сөздерді (сендер) баяндауышпен байланыстыру үшін жұмсалып тұр. Сондықтан, соңғы көптік жалғауын жіктік жалғауынан (-сыңдар, -сіңдер) ажыратуға болмайды.
Кейде тәуелдік жалғауы мен көптік жалғауы орын алмастыруы да мүмкін. Мысалы: апа-м-дар — апа-лар-ым, әке-м-дер — әке-лер-ім.
Сондай-ақ, кейде -ғы, -гі, -ша, -ше, -дай, -дей сияқты жұрнақтардың арнаулы орын заңдылықтарынан ауытқитын жағдайлары да кездеседі. Мысалы: ауыл-дағы, ел-дегі, балалар-ша, үлкендер-ше, ба-лалар-дай, үлкендер-дей.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет