ІІІ. Жаңа сабақ.
Абзал ақынның сырлы дүниесіне үңілу мақсатында бүгінгі
«Түркістан» өлеңімен танысайық.
«Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң,-
Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген,-
52
53
Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының,
Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», - деп
Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай,
М.Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды.
Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай
өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп
басып айтады.
1. Ой қозғау.
«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын
жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы
да шебер үлгісі.
Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай
көрінісі. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті
Тұранмен ұштасып жатыр.
М.Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер –
суын жетік білетін ақын.
Тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсету.
«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жекелеген
шумақтарына түсінік беру.
Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік
сезімін осы жолдардан байқауға болады. Түркістанға, Тұранға
оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет өрнек,
сурет жасаған.
Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік,
бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген
халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған.
Өлеңге жоспар құру.
1. Қасиетті Түркістан – бабалар мекені.
2. Тұран жері – түркілер елі.
3. Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік.
4. Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.
5. Туған жер – тұғырың.
Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген
ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр
етеді. Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан,
Ақсақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл – Фараби, Қасым
хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске
алып, ұрпағына үлгі етеді.
Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай арыстанның құр аты да,
Адамның жүрегіне жігер берер.
Бұл Тұран ежелден-ақ Алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан
Алаштың арыстаны – Абылай ері.
Тұранның билері бар Тарағайдай,
Сол биден Темір туған от боп ойнай.
От шашып жер жүзіне Ақсақ Темір,
Жарқ етіп өте шыққан нажағайдай.
Түріктің кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз шекті домбырасын?
Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,
Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!
Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейтін.
(Суреттердің жанына жазып қою)
Оқыта отырып, түсінік беру.
Мағжан –халқының болашағына сенген, келешектен
зор үміт күткен. Кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына
бөленетініне сенім білдірген. Мағжан – ұлтжанды ақын. Ол
бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған.
Ол әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын
бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан лүпілін білдіре жырлайды.
54
55
Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқушыны сұлулық
әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. Ақынның
бізге үлгі-өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы
ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті.
Осының өзінен-ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде
жатқанын байқауымызға болады.
«Түркістан» өлеңін 4 оқушыға мәнерлетіп оқыту, 1
шумақтың өлең құрылысына талдау жасау.
3 4 4
Шер батса// кім іздемес//туған елін,
3 4 4
Тұлпар да // көксемей ме // туған жерін?
3 4 4
Арқаның // ардагері – // қалың алаш,
3 4 4
Тұран да // біле білсең, // сенің жерің!
Өлеңде 1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ бар. Өлең 11 буынды
қара өлең ұйқасымен жазылған.
Өлеңнің көркемдік тіліне талдау жасау.
Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял.
Метафора: от болып туған, отқа ұқсап, Арқаның ардагері
– қалың алаш, Алаштың арыстаны.
IV. Сабақты бекіту.
Дұрыс, енді тақтаға назар аударайық. Осы өтілген тақырып
бойынша сұрақтар шығады, сендер соған жауап бересіңдер.
1. «Түркістан» өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған?
(туған жер, атамекен)
2. Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп
түсінеді. Себебі неде? («Бабаның басына барып қайту - үлкен
сауап»,- деп саналады)
3. «Ер Түрік» дегенде «ер» деген эпитеттің ақынның
қолданысындағы мәні неде деп түсінесіңдер?
4. «Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?!»
Өлеңнің осы шумағындағы ақынның айтайын деген
ойын анықтаңдар.
5. Бұл өлең қандай лирикаға жатады?
Қорытынды: - Міне, балалар, ақын ағаларыңның туған
жеріне деген жан толғанысы кез-келгенімізді бей-жай
қалдырмайды деп ойлаймын.
Туған еліміздің жыр маржанын төккен асыл ұлдарын
әрқашан ардақтап, жадымыздан шығармауымыз керек.
V. Балаларды бағалау.
VІ. Үйге тапсырма: «Түркістан» өлеңін жаттау. «Жыр
толғау». «Сыр толғау».
Күлайн КЕМПЕРБАЕВА,
Алматы қаласындағы
№ 94 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
БАТЫР БАБАЛАРДЫң
ҰРПАҚТАРЫМЫЗ
(7-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – мәтін бойынша
суреттеу арқылы оқушылардың жеке ойын еркін жеткізе
білу; дамытушылық – оқушылардың топпен жұмыс істеуін
логикалық ойлау қабілеттерін, өзіндік жұмыс жасай білу
қабілеттерін дамыту; тәрбиелік – Батыр бабаларымыздың
ерлігін өнеге етіп көрсету, оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу
56
57
арқылы достық қарым-қатынасын нығайту, бір-бірлерінің
пікірін тыңдауға, бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: ұжымдық, топтық, жеке. Көрнекілігі: интерактивті
тақта, суреттер, тірек-сызба, нақыл сөздер, мақалдар.
I. Сабақ барысы:
- Сәлемдесу,түгелдеу.
- Психологиялық тұрғыдан қарым-қатынас деңгейін тудыру.
- Үй жұмысына шолу жасау.
- Топқа бөлу.
1. «Шаттық шеңбері» ойыны арқылы оқушылардың бір-
бірлеріне жақсы тілек айту.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Батыр бабалар жайлы
интерактивті тақтадан слайд көрсету арқылы оқушылардан
сұрақ-жауап алу.
- Қазақтың қандай хандарын білесіңдер?
- Жоңғарларға қарсы соғысқан қандай батыр бабаларды
білесіңдер?
- Қазақтың қандай шешен-билері болған?
3. Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді оқып беру.
- Мәтінді екі топқа тарату.
- Әр топ мүшесі мәтіндегі таныс емес сөздерді «глоссарий»
әдісімен сурет арқылы жеткізу.
- Ол суреттерден: сөз, сөз тіркесі, сөйлем құру.
найза
күн нұры
ұрпақ
тамшы
субұрқақ
ойлану
4. Мәтінді екі бөлікке бөліп, екі топқа беру.
I топ – сұрақтар құрастырады.
II топ – жоспар құрады.
5. Мәтін ішінен грамматикалық тапсырмаларды орындату.
Сын есімдерді теріп жаздырту, сұрақтар қойдыру, сөз
тіркестерін, сөйлемдер құрату.
Сергіту сәті.
II. Мәтінді толық меңгеру кезеңі. Мәтін ішінен түйінді
сөздерді дәптерлеріне жаздырып,сол сөздерден сурет арқылы
флипчатқа түсіру.
Әр топ өздері салған сурет арқылы тақтаға шығып, мәтінді
қысқаша әңгімелеп береді.
6. «Миға шабуыл» әдісі. Әр топқа бірнеше мақалдар
беру. Сол мақалдарды екі топ бір-біріне сурет арқылы
жасыруы тиіс.
Батыр туса – ел көгерер,
Жаңбыр жауса – жер көгерер.
Ерге лайық ат туар.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі
Туған жерге туың тік.
Ердің көркі – елімен
Отан көркі – жерімен.
III. Қорытынды: Ой толғаныс.
Тірек сөздер: батыр бабалар, күрескер, бостандық, тәуелсіз
ел.
IV. Рефлексия кезеңі.
Бұл мәтіннің негізгі айтар ойы не деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың жеке көңіл-күй жағдайын, іс-әрекетін, оқушы
мен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау.
1. Менің сабақта түсінгенім........
2. Сабақта маған бұрын білетінім көмектесті....
3. Маған қиын болғаны......
Оқушы осы ойларын стикерге жазып қалдырып кетеді.
V. Үйге тапсырма: батыр бабалар жайлы реферат жазып
келу.
Бағалау: өзін-өзі бағалау.
58
59
Бір тақырыпқа – екі мақала
Алтынай ҚАНАТОВА,
Батыс Қазақстан облысының
Орал қаласындағы
№7 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
МЕНІң ОЙЫНШЫҚТАРЫМ
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың
ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту; ойын ойнау
арқылы ойыншықтардың неден жасалатыны жайында ұғым
беру, білімдерін толықтыру; дамытушылық – оқушылардың
ойлау қабілеттерін, зейіндерін, тілдерін дамыту; тәрбиелік
– оқушыларды ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, достыққа
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, баяндау, көрсету, ойын, сұрақ-
жауап, ертегі көрсету, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс:
әдебиет, орыс тілі, бейнелеу, өзін-өзі тану. Көрнекілік: әр түрлі
ойыншықтар, тақпақтар, суреттер, сөзжұмбақ, жұмбақтар.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылармен амандасу;
ә) Оқушыларды түгелдеу;
б) Сабаққа ынталандыру: Ортаға шеңбер болып тұрып, бір-
біріне жақсы тілектерін арнау.
- Еліміз тыныш болсын!
- Халқымыз аман болсын!
- Досымыз көп болсын!
- Отбасымыз аман болсын!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсаты – ойыншықтар туралы ұғымымызды
кеңейту, олардың неден жасалатыны туралы білу, сұрақтарға
жауап бере білу.
1-тапсырма (Суретке қарап, слайдтар арқылы ойыншық-
тарды атау)
Мынау не? сұрағына жауап беру.
Мынау – қонжық. Мынау – машина. Мынау – секіртпе.
Мынау – қуыршақ.
Сергіту сәті: «Ойыншықтар» әні шырқалады.
«Сиқырлы қоржын» ойыны.
Қазір біз сиқырлы қоржынмен ойнаймыз. Бұл қоржында
ойыншықтармен бірге кәмпитер де бар. «Бұл қандай ойыншық?»
деген сұраққа жауап береміз.
Слайд арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталаймыз.
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата.
2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту мақсатында
жаттаған өлеңдерімізді айтайық:
Іші толған бөлменің, Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Ойыншығым мол менің. Үркек қоян, сақ қоян.
Босқа тізіп қоймайық, Қаша берсең қалыңға,
Келе ғой, дос, ойнайық. Қорқағым деп ат қоям.
Дәптермен жұмыс. Үш ойыншық атауын тақтаға жазып,
қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызу. Мысалы: Секіртпе,
қоян, қонжық.
Бейнеролик көру. «Ойыншықтар». Бейнеролик тамашалау
арқылы ойыншықтар туралы білімдерін кеңейтті.
Жұмбақтар шешейік:
Үрлесең жеп-жеңіл, Доп-домалақ, іші қуыс пәле,
Елпілдеп кетеді. Қайта-қайта семіруде әне. (доп)
Ұшырсаң тырылдап көкте инелік,
Көк теңбіл, инелік емес, үй делік. (тікұшақ)
Бұлтқа да жетеді. (шар)
Сабақты қорытындылау.
Бағалау: смайликтер арқылы бағалау.
60
61
Айнұр МАҚСОТОВА,
Батыс Қазақстан облысының
Орал қаласындағы
№7 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
МЕНІң ОЙЫНШЫҚТАРЫМ
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойыншықтар туралы
түсініктерін кеңейту. Міндеттері: білімділік – бөлме
заттарының маңыздылығын түсіндіру; шығыс септігінің
сұрағымен, жалғауларымен таныстыру; дамытушылық –
қазақ тілінде ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; ойлау
қабілеттерін, тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту; қазақ
тіліне деген қызығушылықтарын арттыру; тәрбиелік – бөлме
заттарын, ойыншықтарын ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі сабақ. Әдісі: ой-қозғау, түсіндіру, сұрақ-
жауап. Көрнекілігі: ойыншықтар, кестелер, ТСО.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.
Шаттық шеңбері
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Сыныпта кезекші кім?
- Бүгін сабақта кім жоқ?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз айларын атаңдаршы?
- Бүгін ауа-райы қандай?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
ІІ. Үй тапсырмасы.
4-тапсырма. (әңгімелеу, диалог құрастыру)
Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары
Доп
орындықтың орындықтың орындықтың
үстінде жанында астында
Доп – ойыншық.
Бұл кімнің ойыншықтары?
Бұл менің ойыншықтарым.
Ендеше, оқушылар, біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың
тақырыбы – Менің ойыншықтарым. Шығыс септік.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сөздікпен жұмыс:
Ойыншықтар – игрушки;
Кітаптар – книги;
Киімдер – одежды;
Кітап сөресі – книжная полка;
Қорап – коробка.
Сөз тіркестерін құрастыру.
Менің ойыншықтарым, қызықты кітап, жылы киім, үлкен
кітап сөресі, кішкентай қорап.
Жаңа сөздерді қорытындылау.
Ягненок – құлыншақ,
Кукла – .................
Группа – топ,
Мяч – .................
Медвежонок – қонжық,
Игрушка – .....................
Говори – сөйле,
Полка – ........
Варежки – қолғап,
Коробка – .............
Слайд: «Менің ойыншықтарым».
62
63
Оқушылар өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы айтады.
- Оқушылар, біздің бөлмемізде ойыншықтардан басқа тағы
қандай заттар болады?
Кітаптар: қазақ тілі, орыс тілі, математика, жұмбақтар,
ертегілер.
Киімдер: көйлек, шалбар, жейде, етік, қолғап.
Мәтінмен жұмыс.
5-тапсырма. Аудиомәтін тыңдау, тапсырманы кітаптан
тізбектеп оқу.
Мынау – менің ойыншықтарым. Мынау – менің кітаптарым.
Мынау – менің киімдерім. Менің ойыншықтарым қорапта.
Менің кітаптарым сөреде. Менің киімдерім шкафта. Сенің
заттарың қайда?
Сұрақтармен пысықтау:
1. Сенің киімдерің қайда тұрады?
2. Сенің кітаптарың қайда тұрады?
3. Сенің ойыншықтарың қайда тұрады?
4. Осы мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді тауып
көрейік?
5. Қорапта, сөреде, шкафта сөздері қай септікте тұр?
Жатыс септігі
- Ендеше, оқушылар, біз атау, ілік, барыс, табыс, жатыс
септіктерімен танысқан болатынбыз, бүгін біз шығыс септі-
гімен танысамыз.
Слайд көрсетіледі.
Шығыс септік жалғаулары іс-әрекеттің болған жерін
және заттың жасалған материалын білдіреді.
Сұрағы: кімнен? неден? қайдан? қашаннан?
Жалғаулары
-нан / -нен
-дан / -ден
-тан /-тен
м,н,ң
-а, -ә, -е, -и, -у, -ы,
-і, -ю, -я
қатаң -к, -қ, -п, -с,
-т, -ш
ұяң -ж, -з, үнді -й,
-л, -р,-у
ұяң -б, -в, -г, -ғ, -д,
Мысалы: дүкеннен, мектептен, үйден, матадан.
Тақтамен жұмыс.
Сиқырлы қоржыннан сөздер алып, шығыс септік
жалғауларын жалғау.
Бөлмеден, шкафтан, қораптан, сөреден, сыныптан,
ойыншықтан, оқушыдан, мұғалімнен, кітаптан.
Жұмбақтар шешу.
Аяғы бар жүрмейді,
Аузы бар күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ)
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды. (доп)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Ойыншықтар туралы тақпақтар айту.
IV. Сабақты бекіту.
Тақырыптық түйінді сөздер.
V. Үйге тапсырма беру.
Ойыншық, нан, үй,
доп, сөре, алма
Қуыршақ, шкафтан,
жүзім, гүл, қонжық,
сөреден, қоян, бала,
ата, қорап, дүкен.
Ойыншық, доп,
сөре, қуыршақ,
шкафтан,
қонжық, сөреден,
қоян, қорап,
дүкен.
64
65
Гүлзат НАЙМАНОВА,
Алматы қаласындағы
№117 жалпы білім
беретін мектептің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
ӘДЕПТІЛІК – ӘР АДАМНЫң
БЕТ-БЕЙНЕСІ
(8-сынып)
Сабақтың мақсаты: мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға
жауап беру. Міндеттері: білімділік – сөйлемдерді көшіріп
жазып, тұрлаулы мүшелерін табу және ережелерді қайталау;
дамытушылық – сұрақтарға дұрыс жауап беруді, сауатты
оқуды, жазуды, сөздік қорын байытуды, ауызекі тілде сөйлеуді
дамыту; тәрбиелік – тақырып бойынша оқушыларды үлкенге
құрмет, кішіге ізет көрсетуін, «әдептілік, әдемілік» сөздерінің
мағынасын аша отырып, парасаттылыққа, инабаттылыққа,
әдептілікке, сыйласымдылыққа, тәртіпті, ізетті болуға
тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ. Көрнекіліктер: тақырып бойынша
суреттер, қима қағаздар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Міндеттері:
Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды
қамтамасыз ету;
Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
3. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру.
Міндеттері:
А) өткен сабаққа шолу; (сұрақ-жауап жасау);
Ә) өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыру;
Б) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
4. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі.
Міндеттері: грамматикалық форманы, жаңа сөздерді, жаңа
материалды таныстыру, меңгерту.
Жаңа сөздермен жұмыс жасау: үлгілі – образец, пример;
инабат(-ты) – галантность (-ный);
ізеттілік – почтение, воспитанность.
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.
Мысалы: Үлгілі отбасы, инабатты адам, ізеттілік көрсету,
т.б.
Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру.
Мысалы: Самат үлгілі отбасынан шыққан. Біздің жиында
көп инабатты адамдар болды. Сыныбымызда ізетті балалар
көп, т.б.
5. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі.
Міндеті: жаңа материалды оқушының қаншалықты
меңгергенін тексеру.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Сұрақтарға дұрыс
жауап беріңдер.
«Әдепті дегенше, әдемі десейші». Үлкен-кіші болсын,
әдеп сақтау – халықтық тәлім-тәрбиенің аса үлгілі, тәрбие
ісіндегі қалыптасқан заңы, жолы бар ерекше қасиетті тәлімдік
дәстүрі. Ұлтымыздың үлкеннің кіші алдындағы, еркектің
әйел алдындағы, әйелдің еркек алдындағы әдеп сақтаудың
тамаша үлгілері өте көп. Мысалы, үлкеннің жолын кеспеу,
бұрын сөйлемеу, халық ортасындағы инабат, сәлем беру, сәлем
алу жолы, тағы сол сияқты адамгершілік, сыйлау, сыйласу
халқымыздың ертеден келе жатқан әдебі әрі ғұрпы. Бұлардың
бәрі жасына қарамастан, тәртіп, тәрбие жолына үздіксіз әрі
үзіліссіз қызмет етіп келеді. Әдептілік – әр адамның бет-бейнесі,
өзін-өзі таныту жолындағы іс-үлгісі, ізеттілікке апаратын ең
басты қасиеті. (С.Кенжеахметұлы)
66
67
Сұрақтар:
1. Әдеп сақтау қандай дәстүр? Әдеп сақтау – халықтық
тәлім-тәрбиенің аса үлгілі, тәрбие ісіндегі қалыптасқан заңы,
жолы бар ерекше қасиетті тәлімдік дәстүрі.
2. Әдепті адам қандай болады? Әдепті адамның келбеті де,
киімі де, жан дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс. (А.П.Чехов)
3. Үлкендердің алдында сендер қандай әдеп сақтайсыңдар?
Үлкеннің жолын кеспеу, бұрын сөйлемеу, халық ортасындағы
инабат, сәлем беру, сәлем алу жолы, тағы сол сияқты
адамгершілік, сыйлау, сыйласу халқымыздың ертеден келе
жатқан әдебін әрі ғұрпын сақтаймыз.
4. Әдептілік деген не? Әдептілік – әр адамның бет-бейнесі,
өзін-өзі таныту жолындағы іс-үлгісі, ізеттілікке апаратын ең
басты қасиеті.
6. Жаңа материалды бекіту кезеңі. Міндеті: жаңа материалды
ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.
2-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, тұрлаулы
мүшелерін табыңдар.
1. Қазақ халқында қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау,
балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы
ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. (Н.Мыңжани)
2. Қазақ баласын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді.
3. Қарттардың үлкен құрметке ие болатыны сонша – үй
ішінде бір мәселе төңірегінде кеңес етсе, бәрі де қарттың
сөзіне тоқтауға мәжбүр. (Э.Вульфсон)
Достарыңызбен бөлісу: |