Использованные литературы:
1. Н.Д.Арутюнова. Логический анализ языка: Образ
человека в культуре и языке. М.: Индрик, 1999. 422-с.
2. Н.С.Ашукин, М.Г.Ашукина. Крылатые слова. М.:
Правда, 1986. 768-с.
3. Н.В.Гоголь. Собрание сочинений в 8-и томах. Том
3. Повести. Статьи из сборника «Арабески». М.: Терра-
Книжный клуб, 1999. 384-с.
4. В.А.Маслова. Лингвокультурология. М.: Академия,
2012. 208-с.
5. М.Е.Салтыков-Щедрин. Господа Головлевы. М.,
1995.
6.
С.С.Хидекель,
Р.З.Гинзбург,
Г.Ю.Князева,
А.А.Санкин. Английская лексикология в выдержках и
извлечениях. Л.: Просвещение, 2010. 238-с.
7. В.М.Шукшин. Рассказы / Составление и коммен-
тарии В.Горна. Барнаул: Алт.кн.изд-во, 1989. 592-с.
26
27
Мұғалім мінбесі
Күләш РАХЫМБАЕВА,
Шоқан Уәлиханов атындағы
№2 гимназия «мектепке
дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Қапшағай қаласы.
МЕНІң ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҰСТАНЫМЫМ
Менің түсінігімдегі мұғалім – рухы таза, ой-өрісі биік,
ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық
пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл
қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне
жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың
бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам.
Мен ұстаздық мамандықты өз жүрегімнің қалауымен
таңдадым. Негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану,
оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын,
табысын бағалай білу. Мен дәріс беретін 2, 3, 4-орыс сынып
оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыру
мақсатында кез келген тапсырманы ойын түрінде ұсынамын.
Ойынға қызыққан бала деңгейіне қарай тапсырманы берген
жағдайда оны орындауға тырысады.
Сынып оқушылары осы нәтижеге жету үшін көп еңбектенді.
Мен әр оқушымның жүрегіне жол таба білуге, екінші ана,
ақылшы, бағыттаушы болуға тырысамын. Бүгінгі шәкірт
өзін байқағанын жақсы көреді. Кейде оқушы – қыздарым
менен түсінбеген сұрақтарын сұрайын дегенде байқамай
«апай» деп қалады. Мен сол сәтте өзімді сондай бақытты
сезінемін. Түсінгенім – ұстаз білгенін үйретуші ғана емес,
тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық пенденің
бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Ұстаздық қызмет
ету барысында күнделікті қызметтестерім мен шәкірттер
арасындағы қарым-қатынасына ізгі ниеттілік, кішіпейілділік
және мәдениеттілік ұстаным болса, ұжым арасында шынайы
құрмет пен беделге ие ететініне көзім жетті.
Ұстаз екеніңді, әсіресе, ұстаздар мерекесі күні мақтан
етесің. Себебі, 1-сабақтан саған деген тілегін түрлі тілектермен
білдіруі – еңбегімнің жемісі деп қабылдаймын. Сондай кезде
ерекше сезімге бөленемін. Айғайлап, менің балаларым
«осындай »деп айтқым келеді. Бірақ бұл қылығымды дұрыс
түсінсе жақсы,ал түсінбесе ше? Осындай сұрақтар мазалағанда
еріксіз, езуіме жымиыс орын алып, керемет сезімге бөленемін.
«Бала – Алланың сыйы»,- деген екен белгілі педагог
Амонашвили. Ендеше, сый бар жерде, түсінушілік бар, түсінік
бар жерде, жетістіктің де қасынан табылатыны белгілі.
Ұстаз мамандығы ең жоғарғы еңбек ақы төленетін және үздік
оқушылар таңдайтын мамандыққа айналса деп армандаймын.
Өйткені жаңа ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің
қарқындап өсуі – білім берудің барлық жүйесін дамытудың
жаңа мүмкіндіктерін дүниеге келтірді және білім беру саласына
іргелі өзгерістер енгізді.
Осындай жаңа даму үрдісі оқу орындары мен мұғалімдер
алдына жаңа талаптар қойып отыр. Кең жүректі болу - бұл
ата-анамнан алған үлгі, өнегем. Кейде ұстаздықтың қиындап
кеткені жайлы әңгіме қылатынымыз рас. Бірақ оқушымның
бірауыз алғысы лезде ұмыттырып жіберетінін қайтерсің!
Елбасы Н.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір
сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға
жүктелетін міндет ауыр»,- деген еді. Шынында да, қазіргі
заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі ғана болуы емес,
педагогикалық-психологиялық білімділік, саяси-экономикалық
28
29
сауатты көзқарас талап етеді. Ол талапқа сай болу үшін көп
ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеу қажет. Осындай
бағытта оқушыны тәрбиелеуге тырысамын. Менің негізгі
мақсатым – өзге ұлт оқушыларына мемлекеттік тілді үйрету,
қазақ халқының мәдениетін, тарихын, әдебиетін құрметтеуге
тәрбиелеу. Бала болған соң қателіктер жіберетіні хақ. Сондықтан
өз іс-тәжірибемде әңгімені арыдан бастағанды ұнатамын. Ол
үшін бірінші қасындағы достарының ой-пікірлерін басты
назарға аламын. Қазіргі бала өзінің қатарластары алдында
айтылған сынды дұрыс қабылдай алмайды. Әңгімені өте
жай мысалдар арқылы жеткізуді жөн көремін. Бүгінгі ата-
ананың көпшілігі жұмысбасты,көбірек табыс тапқанды
ұнатады. Ал балалардың қызығушылығын білсеңіз, қиындық
туғызбайтынына мен сенімдімін. Бүгінгі ұрпақ өзімен тең
дәрежеде сөйлескенді ұнатады. Менің оқушыларым – қазақ,
ингуш, кәріс, шешен, беларус ұлттарынан. Соған қарамастан
өте тату. Шәкірттерім өздерін өте еркін ұстайды. Мен өз
тарапымнан олардың қуанышын, өкпе-назын жақын адамы
сияқты бөлісетініне ризалықпен қараймын, интеллектуалдық
ойын өткізсем, балаларым жанын салады. Жұмыстың басын
бастап беріп, аяқтап келуді тапсырсам, оған өз көзқарасын
қосатынына мен қуанамын. Тіл мерекесіне арналған тәрбие
сағатында Снегирев Тимур: «Біздің қуанышымыз бірге. Қазақ
тілі – менің достарымның тілі, менің де ана тілім»,- деген сөзі
мені қатты тебірентті.
Қазақ тілі – ұлы тіл, Абайдың тілі. Менің тілім. Оқушымның
осы шын жүректен айтқан сөзінен өзіме жасаған тұжырымым
– менің бағытым дұрыс жолда екен ғой- деген ой болды.
Кейде оқушылардың сондай жылы лебізбен айтқан сөздері –
шаршағанымды ұмыттырады, жігерлендіреді. Сондай сәттерде
менен бақытты жан жоқ. Мен өз мамандығымды мақтаныш
етемін.
Нұргүл БЕКЕТОВА,
Үшқоңыр ауылындағы
орта мектептің мұғалімі.
Алматы облысы,
Қарасай ауданы.
БАҒАЛАУДЫң ТҮРЛЕРІ
Кез келген дәстүрлі сабақтардағы бағалау – оқушы
өтілген тақырыпты өзі түсінгені бойынша айтып беру немесе
жариялау. Ал XXI ғасыр мектебіндегі бағалау мақсаты кең
көлемді және әр түрлі болып келеді:
– оқушы қажеттілігін бағалау;
– оқушылардың жеке және бірлесіп жұмыс жасауын
марапаттау;
– оқу барысын бақылау;
– қаншалықты түсінгенін тексеру және тақырып мазмұнын
қаншалықты мағыналы түсінгеніне қарай марапаттау (тек
теориялық түрде ғана түсінгені жеткіліксіз);
– түсінгенін жариялау (түсінгенін тәжірибеде қолдана
білу);
– Оқушылардың оқу жетістігінің нәтижесін көру, білім
деңгейін анықтай алу, пәнге деген ынтасын, күш-жігерін
қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін арттыру.
Бағалау әдістері:
– оқу тапсырмалары арқылы бағалау (пікірталастар,
күнделіктер, оқытуды дамыту үшін қолданылатын барлық
материалдар);
– топта, жұпта, сыныпта талқылау;
– өзін-өзі және бірін-бірі бағалау;
– оқушы портфолиосы (оқушы жинаған бағалар, мара-
паттар, жетістіктер, т.б.)
30
31
Сабақ қызық болғанда ғана оқушыға барлығы түсінікті
болады. Демек, сабақ оқушы үшін қызық болуы тиіс.
И.Герберттің айтуы бойынша «қызығушылық» оқу уәжінің
синонимі екенін есте сақтау керек. Барлық оқытуды тізбектесек:
«қалаймын- орындаймын- қызығушылықпен орындаймын-
жекелеп-әрқайсымызға маңызды» (И.С.Якиманская), осы
құрылымның ортасында және қызығушылық тұрғанын
байқаймыз. Осы түсінікті оқушыларда қалыптастыру
үшін, оқушының белсенділігін арттыруымыз, өз бетінше
жұмыс жасауын қамтамасыз етуіміз керек; қосымша
мәліметтерді сабақта да, үйде де жігерлене іздеу; мәселелік
жағдаят туғызу; оқыту әдісінің әр түрлілігі; сабақ
үстіндегі атмосфералық ортаны қалыптастыруымыз керек.
Қазіргі кезде елімізде сабақтың сапасын арттыру негізгі
мәселеге айналды. Сабақтың сапасын арттыру мақсатында
мен әр сабақта бағалаудың келесі түрлерін тиімді деп
алып, оқу жылы барысында 8-сыныпқа қолдандым:
бірін-бірі бағалау; өзін-өзі бағалау; топтардың бірін-бірі
бағалауы; стикерлер арқылы бағалау; бағалау өлшемдерін
оқушылармен бірге құру және солар арқылы топбасшысы
топ мүшелерінің ұпайларын кестеге қойып отырады және
оны бағаға айналдырады; тестер; сұрақтар (жіңішке, жуан).
Осы оқу жылындағы таңдап алған тақырыбым: «Диалогтік
оқыту арқылы физика сабағында оқушылардың белсенділігін
арттыру» болғандықтан, сабақ жоспарларым көбіне осы
тақырыпқа негізделіп құрылған еді. Сол себепті жұптық
жұмыста тек қана жұптық жұмыс орындамай, бірін-бірі
бағалауды қолдандым.
Бірін-бірі бағалауда келесі шарттар орындалуы керек еді:
1) менің көршім тақырыпты меңгеруде маған жақсы
көмектесті (үйреніп жатқан тақырып бойынша ортақ сұрақ-
тарға көмектесті, мысалдар келтіріп, тақырыптың мағынасын
толық түсіндіре білді – 3 ұпай;
2) менің көршім ортақ сұрақтардың бір бөлігіне жауап
берді, тапсырмаларды шешуде аздаған түсініктеме де бере
алды – 2 ұпай:
3) менің көршім тақырып мазмұнын шешуде аздап ғана
көмектесе алды – 1 ұпай;
4) менің көршім маған көмектесе алмады – 0 ұпай деген
бағаларды қойып, көршісін немесе серігін бағалап отырады.
0 ұпай – «2», 1 ұпай – «3», 2 ұпай – «4», 3 ұпай – «5». Өзін-
өзі бағалауда оқушы әрбір дұрыс орындаған тапсырмасын
1 ұпайдан қойып отырады; бұрыс орындалған тапсырмаға
– 0 ұпайдан қояды. Бұл тәсілді көбіне мен үй тапсырмасын
қорытуда қолдандым. Топтардың бірін-бірі бағалауында топтар
бір-бірінің орындаған топтық жобаларын қаншалықты мазмұны
мен мағынасының ашылуына байланысты стикерлермен баға
қояды және қысқа түсініктеме береді. Бағалау өлшемдері
бойынша бағалауында көбінесе толық сабақ тапсырмаларына
байланысты мұғалім мен оқушылар бірге бағалау өлшемдерін
жасап шығады және әр тапсырмаға 1 ұпайдан қойып отырады,
әрбір тапсырмадан кейін топбасшы қай оқушы қаншалықты
өз үлесін қосты және қанша ұпай алғанын жариялап отырады.
Сонда әр оқушы сабақтағы әр тапсырманы орындаудағы
белсенділік дәрежесін біліп отырады және одан әрі не істеу
керектігін ойланады екен.
Сабақтың рефлексия кезеңінде: «Мен бүгін не үйрендім?»,
ББҮ кестесін толтырғыздым; сабақты қорытындылау кезеңінде
смайликтер арқылы, білім ағашына бүгінгі сабақ туралы
ой-пікірлерін жазып жабыстырады, бұл кері байланыс еді.
Сабақ соңында осы смайликтердің кейбірінде: «Бүгінгі сабақ
кешегіден де қызық болды, рахмет!», «Маған бүгін мынандай
тапсырма немесе сұраққа жауап беру қиын болды!», «Маған
бүгін сабақтың мына жері ұнамады!» деген сияқты өз ойларын
еркін жазатын еді. Смайликтердегі ұсыныстарды оқып
болғаннан кейін келесі сабақ құрылысына өзгертулер енгізген
кездерім де болды.
32
33
Нәрлі уыз – наурыз
Венера НҰРМҰХАНОВА,
Батыс Қазақстан облысының
Орал қаласындағы
А.С.Макаренко атындағы
№6 жалпы орта білім
беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
НАУРЫЗ ГҮЛІН СЫЙЛАУ
Сабақтың мақсаты: білімділік – «Наурыз мейрамы»
модулі бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау;
дамытушылық – оқушылардың дүниетанымын кеңейту,
сөздік қорларын байыту, ойын жүйелі түрде айтуға, сауатты
оқуға, жазуға дағдылан-дыру; тәрбиелік – наурыз мейрамы-
ның ерекшеліктерін айта отырып, ұлттық салт-дәстүрлерді
құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: нәтиже сабақ. Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, тест жұмысы,
тіл дамыту, т.б. Көрнекігілі: интерактивті тақта, тақырыпты
суреттер, т.б.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу.
2. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Өткен сабаққа шолу:
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Көктемде қандай мерекелер бар?
Сабақ интерактивті тақта арқылы жүргізіледі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Соңғы модуліміз «Көктем
мезгілі» деген тақырып бойынша жұмыстандық. Осы модульде
Адамдардың көктемгі киімі.
Көктемгі жұмыс.
Наурыз мерекесі туралы мағлұмат алдық және етістікпен
таныстық. Бүгінгі сабақта осы модуль бойынша алған
білімдерімізді жинақтап бекітеміз. Сабағымыз «Наурыз гүлін»
сыйлау атты ойын – сайыс түрінде өтеді.
Гүліміз 7 түрлі-түсті жапырақтардан тұрады.
1-жапырақ – «Қызыл түс».
2-жапырақ – «Көк түс».
3-жапырақ – «Көгілдір».
4-жапырақ – «Қоңыр түс».
5-жапырақ – «Қызғылт түс».
6-жапырақ – «Қызыл сары түс».
7-жапырақ – «Сары түс».
Әрбір жапырақта түрлі тапсырмалар берілген, «Наурыз
гүлін» бір-біріңізге сыйлау үшін тапсырмаларды орындау
қажет.
Сабағымызды бастаймыз.
1-жапырақ – «Қызыл түс».
1-тапсырма: Көп нүктенің орнына қимылды білдіретін
сөздерді қойыңдар.
Көктем .... . Көктемде қар ..... . Құстар туған жерге ....
.... . Адамдар Наурыз келді деп .... . Күн мен түн ... . Наурыз
көже .... . Адамдар «Ақ мол болсың !», «Ұлыс оң болсың!» деп
бірін-бірі .... .
2-тапсырма: Берілген сөздерді сәйкестіру және аудару.
Ұлттық мейрамы
Көктем сыйлау
Наурыз құттықтау
Гүл келді
Бірін –бірі ойындар
2-жапырақ – «Көк түс». 1-тапсырма: 7 санына байла-
нысты қандай ұғымдар білесіңдер?
34
35
Жеті ата. Жеті қазына. Жеті күн. Жеті түрлі ас. Жеті шелпек.
2-тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
1. Наурыз қандай мереке? 2. Наурыз көже деген не?
3. «Көкпар» деген не? 4. Наурыз, сәуір, мамыр деген не?
5. Наурыз айында қандай мерекелер бар? 6. Наурыз мейрамына
жайылған дастарқанда айтылатын тілек? 7. Домбыра деген не?
8. Қыркүйек,қазан,қараша деген не? 9. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас» деген не? 10. -лар, -лер, -дар, -дер, -тар,
-тер деген қандай жұрнақтар?
3-жапырақ – «Көгілдір».
1-тапсырма: мақал-мәтелдерді толықтырып, етістікті табу.
1. Отанды сүю отбасынан басталады.
2. Досы көпті жау алмайды.
3. Тәрбие тілден басталады.
2-тапсырма: Жұмбақ шешу.
1. Бір ағашта он екі ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа.
2. Түнде бармын, күндіз жоқпын.
4-жапырақ – «Қоңыр түс».
1-тапсырма:
«Наурыз»
тақырыбына
тірек-сызба
құрастырамыз.
Наурыз мейрамы қандай күн? Наурыз тойын тойлаудың өз
дәстүрі бар ма? Наурыз күні не пісіріледі? Наурыз мейрамында
адамдар қалай көңіл көтереді? Наурыз күні адамдар бір - біріне
қандай тілек айтады? Наурыз қандай мейрам?
2-тапсырма: Сөйлемдердің дұрыс-бұрысын анықтаңдар .
1. Наурыз-жаңа жыл басы. (дұрыс)
2. Наурыз күні адамдар қуанбайды. (бұрыс)
3. Наурыз көжені жеті түрлі дәмнен дайындайды. (дұрыс)
4. 1-қаңтар күні Наурыз мейрамын тойлайды. (бұрыс )
5. Наурызда мал төлдеп,күн жылынады. (дұрыс)
6. Наурыз мейрамы күні адамдар жұмыс істейді.
5-жапырақ – «Қызғылт түс».
1-тапсырма: Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлемдер
құраңдар.
1. Анама, сыйлаймын, гүл, мен.
2. Әпкеме, сатып, алып, бердім, бұйымдар, зергерлік.
3. Кітап, сыйладым, қарындасыма.
2-тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрау.
6-жапырақ – «Қызыл сары түс».
1-тапсырма: Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазу.
1. Наурыз – жыл басы, күн мен .... теңелген. (түн)
2. Бұл күнді барлық халық ... қарсы алған. (қуанышпен)
3. «Наурыз» деген сөз .... сөзі. (парсы)
4. Наурыз діни мейрам емес, ... мейрам. (халықтық)
5. Наурыз тойына арналған ... дайындалады. (наурыз көже)
2-тапсырма: Қалташаны таңдап, берілген тапсырманы
орындау.
1. Жатқа бата айту.
2 .«Ә» әрпінен басталатын 10 сөз айту.
3. Сөздерді аудару: праздник, победа, весна, благословение,
равноденствие.
4. Көктемгі мейрамдарды атап беру.
7-жапырақ – «Сары түс». Тест.
1. Ата деген кім?
а) әкенің шешесі;
ә) әкенің әкесі.
2. «Бесікке салу» деген не?
а) ұлттық ойын;
ә) дәстүр.
3. Тасымалданатын сөздерді көрсет:
а) бала, қаласы, Дана;
ә) ант, өрт, ерт.
4. Етістіктің райларын көрсетіңіз:
а) Ашық, бұйрық, қалау, шартты;
Наурыз
36
37
ә) жіктеу, өздік, белгісіз.
4. 22-наурыз қандай мейрам?
а) діни; ә) халықтық.
5. «Ерекше» сөзінің аудармасы:
а) великий; ә) особый.
6. Тұйық етістікті көрсетіңіз:
а) алу; ә) айтылады.
7. Бір жылда неше мезгіл бар?
а) 5; ә) 4.
8. Қимылды, іс-әрекетті, жай-күйді білдіретін сөз табы
– Қандай сөз табы?
а) етістік; ә) зат есім.
9. Наурыз сөзін парсы сөзінен аударғанда нені білдіреді?
а) жаңа түн; ә) жаңа күн.
10. Наурыз мейрамында адамдар бір-бірін қалай
құттықтайды?
а) «Ақ мол болсын!», «Ұлыс құтты болсын!»
ә) «Айт қабыл болсын!», «Балалар бақытты болсын!»
Оқушыларды бағалау.
8-жапырақ. Сөзжұмбақ шешу.
1. Число. 2. Мама. 3. Воздух.
4. Май. 5. Посуда. 6. Девочка.
Қорытындылау.
с а
Н
А н а
а
У а
м а
м ы Р
Ы д ы
с
қ ы З
Бану БҰРШАҚБАЕВА,
Алматы қаласындағы
№117 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫң
САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ
Мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру.
Тілді үйренуге, оны білуге, салт-дәстүрлерін құрметтеуге,
сыйлауға шақыру. Шешендік өнерді дамыту. Оқушылардың
шығармашылық қабілетін, ой-санасын ояту.
Ұйымдастыру:
1. Сабағымыз сыныпта өтеді. Сыныбымыз әдемі
безендірілген (түрлі-түсті шарлар, салт-дәстүрлер туралы
стенділер, газеттер, суреттер, мақал-мәтелдер).
2. Сабаққа қатысатын 6 «Б» сынып оқушылары сабақтан
тыс уақытта шақырылып қойған.
3. Сабақты жүргізетін оқушылар – Мадияр мен Аня.
4. Қолданылатын техникалық құралдар: теледидар,
бейнетаспа.
Мұғалім: - Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен
қонақтар! «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты сыныптан
тыс сабағына қош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымыздың
жүргізушілеріне сөз кезегін берейін.
Аня: - Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар!
Бүгінгі «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты сыныптан тыс
сабағымызды «ашық» деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Мадияр: - Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
38
39
Аня: - Бақыт, бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дабыр әні,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраны.
(ҚР Әнұраны айтылады)
Мадияр: - Қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Олар –
ерте заманнан ғасырдан ғасырға, атадан балаға жалғасып келе
жатқан мұра.
Аня: - Қазір біз солардың бірнешеуін сіздерге көрсетеміз,
назарларыңызды экранға аударыңыздар (слайдтар көрсетіледі).
Мадияр: - Ал, балалар, осы суреттерден сендер қандай салт-
дәстүрлерді көрдіңдер? Сендер білетін салт-дәстүрлер бар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |