Жүсіп баласағҰНИ


  Жаңа  сабақты  қорытындылау



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата06.04.2017
өлшемі1,48 Mb.
#11181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

7.  Жаңа  сабақты  қорытындылау.  Міндеттері:  сабақтың 

тәрбиелік  мақсатын  ашу;  жаңа  материал  бойынша  ойын 

қорытып айта алуға дағдыландыру.

3-тапсырма.  Мақал-мәтелдердің  мағынасын  ашып,  оларды 

аударыңдар.

1. Өзек қуа ағады, 

    Өзен судың саласы.

    Алыстан сәлем береді, 

    Әдепті елдің баласы.

2. «Сіз» деген әдеп, 

    «Біз» деген көмек.

3. Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол. 

    Қызың өссе, қызы үлгілімен ауылдас бол.

4. Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең, 

    Ақылды қария жазып қойған хатпен тең.

5. Сыйластық екі жаққа бірдей. 

6. Әдептің не екенін, 

    Әдепсіз адамды көргенде ұғарсың.

7. Жаста берген тәрбие – жас қайыңды игендей.

8. Аға әдепті болса, іні әдепті.

    Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

9. Әдепті бала, ата-анасын мақтатар, 

    Әдепсіз бала, ата-анасын қақсатар.

10. Үлкенді сыйласаң – қадірлі боласың

      Кішіні сыйласаң – құрметті боласың. 

8. Бақылау және өзін-өзі бақылау кезеңі.

Міндеттері:  Оқушылардың  материалды  меңгеру  сапасын 

анықтау;  Өзін-өзі  және  өзара  бақылаушылық  мүмкіндігін 

дамыту.


Оқушылардың  қосымша  тапсырманы  өз  бетінше  орын-

дауын қадағалап, сабақты қалай меңгергенін тексеру.

4-тапсырма. Қима қағаздар арқылы топтық жұмыс жасау.  

Берілген мәселелер бойынша пікірталас өткізіңдер.

І топ – Адамды іс-әрекетіне қарап бағалау керек.

ІІ топ – Әдептілік – әр адамның бет-бейнесі.

ІІІ топ – Баланы жастан тәрбиеле.

9.Үй  тапсырмасы.  Міндеті:  оқушыларға  үй  тапсырма-

сының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.

1-тапсырма.  Мәтіннен  сын  есімдерді  теріп  жазыңдар, 

олардың жасалу жолын анықтаңдар, 29-30 бет.

1)Жаңа  сөздерді  жаттап,  бірнеше  сөз  тіркестерін,  сөйлем-

дер құрап жазыңдар.



10.  Сабақтың  бағалау  кезеңі.  Міндеті:  Өзара  бақылау; 

жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне 

сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту, т.б.)


68

69

Сабаққа  атсалыса  қатысып  отырған  балаларға  тиісті 



бағаларын  қойып,  қосымша  тапсырманы  орындаған 

оқушыларға  жауап  бергеніне  қарай  бағалау  жасап,  кемшілік-

тері мен қателіктері болса айтып, түзетіп, қайталап түсіндіру.

11. Рефлексия кезеңі.

Міндеттері: 

Оқушының  көңіл-күйін,  іс-әрекетін,  оқушылар  мен 

мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау;

Оқушылардың  өзін-өзі  ұстай  білуі  және  ынтымақтастық 

қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету.

Сергіту сәті: «Әдептілік» сөзіне қатысты сөздерді табу.

тәрбие


         

 

Әдептілік 



   

   


 

Сайлаугүл СПАНОВА,

Алматы қаласындағы

№117 жалпы білім 

беретін мектебінің қазақ тілі 

пәнінің мұғалімі.

ӘДЕПТІЛІК – ӘР АДАМНЫң              

БЕТ-БЕЙНЕСІ

(8-сынып)

Мақсаттары:  білімділік  –  мәтінді  мәнерлеп,  түсініп  оқу, 

мәтіннің  мазмұнын  айтуға  дағдыландыру.  Жаңа  сөздер  мен 

сөз    тіскестерін  меңгерту;  дамытушылық  –  оқушылардың 

сөйлеу  қабілеттерін  дамыту,  ой-өрісін,  тілдік  сезімдерін 

дамыту; тәрбиелік – оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, 

сыпайылыққа  тәрбиелеу.  Жалпы  қабылданған  әдеп  норма-

ларын сақтау әдетін қалыптастыру.

Түрі:  жаңа  тақырыпты  меңгеру.  Көрнекілігі:  компьютер, 

суреттер,  грамматикалық  кестелер,  тірек-сызбалар,  қима 

қағаздар, сандық. 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

- сабақтың тақырыбы, мақсаты.

 2. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткенді  қайталау.  Алған  білімімізді  ортаға  салайық, 

тексерейік: а) өткен тақырыптар бойынша оқушылар бір-біріне 

сұрақ қояды; ә) тест сұрақтарына жауап береді; б) мұғалімнің 

сұрағы: 

-  Балалар,  сендер  отбасы  туралы,  қыз  бен  ер  баланың 

тәрбиесіне  байланысты  қазақтың  қандай  мақал-мәтелдерін 

білесіңдер?



3. Жаңа сабақ:

1. Кіріспе сөз: Әдеп – халықтың әдет – ғұрпында қалыптасқан 

этикалық  тәртіп.  Бұған  инабаттылық,  ізеттілік,  кішіпейілдік 

қасиеттері  жатады.  Әдептілік  –  адамдардың  өзара  жақсы 

қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.

1. Мәтінмен жұмыс. 1. Мәтінді тыңдау (компьютер).

2. Сөздік жұмысы.

Жаңа сөздер мен сөз тіркестері: 

Үлгі, қалыптасқан заң,  инабат, ізет, өзін-өзі тану, сыйлау.

Мәнерлеп оқу. Хормен оқу.



Ізет, сыйлау сөздерінің синонимін тап.

Синонимдерді қатыстырып, алдымен сөз тіркестерін, содан 

соң сөйлем құрастыру.


70

71

А)  Мәтінді  тізбектеп  оқу.  Ә)  Мәтінді  сөздіктің  көмегімен 



түсініп  оқу.  Б)  Мәтін  бойынша  сұрақтарға  жауап  беру, 

әңгімелесу. В) Мәтінге сүйеніп, әдептілікке байланысты ереже 

құрастырайық.

Әдепті болу үшін не істеу керек (оқушылар әдептілік туралы 

ережелер, ақыл – кеңестер жазады).

4. Грамматикалық тапсырмалар:  1. Мәтіннен сын есімдерді 

теріп жазыңдар  2. Сөйлем мүшелерін еске түсіру. Сөйлемдерді 

сөйлем  мүшесіне  талдап,  тұрлаулы,  тұрлаусыз  мүшелерін 

анықтаңдар. Әрқайсысына сұрақ құраңдар. Тақтаға жаздыру:

1.  Қазақ  халқы  ерте  заманнан  өз  балаларын  әдептілікке 

тәрбиелеген.

2. Әдепті бала ата-анасын сыйлайды.

3. Ол өз Отанын қадірлейді.



4. Жеке жұмыс – үлестірмелі қима қағаздар.

1. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңдар:

Қазақстан, туған, менің, жерім.

Жүзге,  жуық,  Қазақстанда,  өмір,  сүреді,  ұлттар  мен 

халықтар.

Мемлекеттік, қазақ тілі, елімізде, тіл.

II. «Әдептілік» сөзін септеңдер.

III. Төмендегі мақалды толықтырыңдар:

Әдепті бала –  .... бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

Жақсыдан – .....

Жаманнан – жирен.

...... белгісі.

Иіліп сәлем бергені.

...... деген – әдеп

Біз  деген – көмек.

Керекті сөздер: арлы, әдептілік, үйрен, сіз.

5. Топтық жұмыс. Әдепті сөздер – «сиқырлы сөздер». Қай 

топ «сиқырлы сөздерді» көп біледі? Қандай «сиқырлы сөздерді» 

білесіңдер?    Берілген    қағазға  (жүрек  суреті)  «сиқырлы  

сөздерді» жазып, сандыққа салу керек.

- Өте жақсы, осы сөздерді біз жазып қана қоймай, әрдайым 

еске  сақтап,  бір-бірімізге  жақсы,    әдемі  сөздер  айтып,  үлкен-

дерді сыйлап жүрсек, қандай тамаша болар еді.

Әдептілік  ережесін  әрдайым  сақтап,  орындап  жүр.  Әдепті 

бол!

Әдепті бала қуантады.



6. Сабақтың қорытындысы.

№1 тапсырма. I қатардағылар әдептіліктің белгісін атайды.

№2  тапсырма.  II  қатар  «Әдептілік»  ұғымына  сипаттама 

береді.


№3  тапсырма.  III  қатар  «Әдептілік»  сөзіне  тірек-сызба 

құрастырады.  

- Әдептілік деген не?

- Әдеп сақтау қандай дәстүр?

- Мәтін кімге арнап жазылған?

7.  Рефлексия.  –  Балалар,  бүгін  біз  сіздермен  қандай               

тақырып өттік? Не туралы айттық?

Бүгін біз сабақта нені білдік?

8. Оқушыларды бағалау.

9.  Үй  тапсырмасы:  оқулықтың  29-бетіндегі  мәтінді 

мазмұндау, сөздікті жаттау.

 

Әдептілік 


72

73

Миргүл РАКИШЕВА,



Батыс Қазақстан облысының

Орал қаласындағы

А.С.Макаренко атындағы 

№6 жалпы орта білім 

беретін мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

АСТАНА – ӘСЕМ ҚАЛА

Сабақтың 

мақсаты:

Білімділік:

Қазақстан Республикасының астанасы туралы жан-жақты 

мағлұмат беру, грамматикалық тақырыпты қайталау.

Дамыту-

шылық:


Жаңа сөздер арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту, 

ауызекі сөйлеу тілін, ойлау қабілеттерін, сауатты жазу 

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:

Отанын, халқын, жерін сүюге, елін құрметтеуге баулу, 

патриотизмге тәрбиелеу.

Түрі:

Жаңа сабақ.



Әдісі:

Баяндау, ауызекі сөйлесу, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап...

Пәнаралық 

байланыс:

Тарих, орыс тілі.

Көрнекілігі:

Астана қаласының көріністері туралы бейнеролик, суреттер 

интерактивті тақта, кесте.

Сабақтың 

барысы:


I. Ұйымдас-

тыру кезеңі:

1. Амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Сабақтың психологиялық ахуалын қалыптастыру.

«Шаттық шеңбері»ойыны. Оқушылар келген қонақтарға 

өздерін таныстырады,бір-біріне тілек айтады.

3. Ауызекі сөйлесу. (өткен тақырыптар бойынша)

- Күнтізбенің қандай түрлері бар?

- Күнтізбе неше күннен тұрады?

- Күнтізбеге нелер кіреді?

- Бір аптада неше күн бар?

- Аптаның қай күндері болады?

- Бүгін аптаның қай күні?

ІІ.Жаңа сабақ:



1. Мұғалімнің кіріспе сөзі (жаңа сабақтың мақсатын 

хабарлау, тақырыпқа байланысты сұрақ қою)

- Астана қай елдің астанасы?

- Астана қандай қала?

- Астанада нелер бар?

Сөздік 


жұмысы:

2. Астана туралы бейнеролик.

Тұрғын – житель; орталық – центр; ғимарат – здание; бой 

көтерді – выстроились; қасиетті – священный; танымастай – 

неузнаваемо; ұлт өкілдері – представители нации; болашақ 

– будущее; өзгерді – изменился; елбасы – глава государства; 

қонақ үй – гостиница; жастар сарайы – дворец молодежи; көп 

қабатты – многоэтажный; ескерткіш – памятник.

-Жаңа сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар хормен оқиды, 

кезектесіп оқиды, жуан, жіңішке сөздерді бөліп оқиды, буын 

түрлерін ажыратады;

-сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

ІІІ. Мәтінмен 

жұмыс:


- Мәтінді мұғалімнің оқуы.

- Мәтінді оқушылар дауыстап оқиды (1 рет), тізбектеп оқиды.

Мәтін 

бойынша 


сұрақ-жауап:

- Қазақстанның астанасы қай қала?

- Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

- Есіл өзенінің бойында қандай ғимараттар бой көтерді?

- Парламент үйінің алдында кімдердің ескерткіштері 

қойылған?

- Астанада қанша ұлт өкілдері тұрады?

- Қала тұрғындарының саны қанша?



IV. Грамма-

тикалық 

тақырып:

Топпен жұмыс (берілген сөздерді тәуелдеу, әр қатардан 

тақтаға бір оқушы шығып тәуелдейді)

1-қатар – Астана. 2-қатар – қала. 3-қатар – туған жер.

Тапсырма:

3 – тапсырма, 72-бет (ауызша сөйлемдер құрастырып, сәтті 

шыққан 1-2 сөйлемді тақтаға жаздырту)

V. Сабақты 

қорытын-

дылау:

Тірек-сызба арқылы мәтіннің мазмұнын айтқызу.

                                ҚР астанасы

      518 мың                                                 Есіл өзені

                                                                   Елбасы Резиденциясы,

100-ден астам                                                 Парламент үйі,

                                                                         Жастар сарайы.

 

                  Төле би,



                                 Қазыбек би,

                                  Әйтеке би.                                                    

Бағалау:

Үйге 


тапсырма:

Тірек-сызба бойынша мәтінді мазмұндау, жаңа сөздерді 

жаттау.

 

Астана 



74

75

Гүлнұр ЖАНБАБАЕВА,



Алматы қаласындағы

№117 жалпы білім 

беретін мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

АСТАНА – ӘСЕМ ҚАЛА

(6-сынып)

Мақсаты:  оқушыларға  жаңа  тақырыптың  мазмұнын  аша 

отырып,  жаңа  сөздерді  меңгерту.  Міндеттері:  білімділік  – 

еліміздің елордасы - Астана қаласы жайлы түсініктерін кеңейту; 

дамытушылық  –  ауызекі  тілді  дамыту,  танымдық  ой-өрісін 

кеңейту,  сана-сезімін,  ой,  ми  қабілетін  жетілдіру,  шығарма-

шылық белсенділігін арттыру, қазақша жатық сөйлеуге, сауатты 

жазуға дағдыландыру, білімге құмарлығын дамыту, сөз қорын 

байыту;  тәрбиелік  –  Отанын  сүюге,  тарихын,  салт-дәстүрін 

білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.



Түрі:  аралас.  Әдіс-тәсілдері:  ізденіс,  ғылыми-зерттеу, 

ой  қозғау,  ой  түйіндеу,  пікірталас,  сұрақ-жауап,  пәнаралық 

байланыс,  салыстырмалы.  Көрнекілігі,  ОТҚ:  Қазақстан 

картасы,  иллюстративтік,  үлестірмелі  қосымша  материалдар, 

қима қағаздар, дидактикалық материалдар, кестелер, сызбалар.

Сабақтың барысы:



1. Ұйымдастыру.

Міндеттері: Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы 

жағдайды қамтамасыз ету;

Оқушыларды қарым- қатынасқа психологиялық дайындау;

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі.

Міндеттері: грамматикалық форманы, жаңа сөздерді, жаңа 

материалды таныстыру, меңгерту.

Ой қозғау стратегиясы:

1. Қазақ елінің Отаны қалай аталады? 2. Қазақстан қандай 

мемлекет? 3. Қазақстанның елбасы кім? 4. Қазақстанның ірі  

қалаларын    атаңдар.  5.  Қазақстанның  астанасы  қай  қала?                   

6.  Астана  қандай  қала?  7.  Қазақстан  қандай  өңірлерге  бөлі-                                                                                                                                            

неді? 8. Астана қай өңірге жатады?

Сызбамен жұмыс (тарихқа шолу)

Қазақстанның  ескі,  жаңа  елордаларымен  таныстыру             

(мұғалім таныстырады). Сызба, суреттер интерактивтік тақтада.

Астана болған қалалар: 1925 жылы Қызылорда (Ақмешіт). 

1929  жылы  Алматы  (Верный).  1997  жылы  Астана  (Ақмола). 

1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының аты Астана болып 

өзгертілді.

Қала атауларының өзгеруі:

1961 жылы – Ақмола қаласы

1961-92 жылы – Целиноград



1993-98 жылдары – Ақмола

1998 жылы 6-мамырда – Астана



Мәтінмен  жұмыс  істемес  бұрын  жаңа  сөздермен  таны-

сайық. Жаңа сөздерді оқу, аудару, сөздік дәптерге жазып алу. 

Сөздік:    Сөз  тіркестерін,  сөйлемдер  құрастыру.  Елорда 

–  столица;  жүрек  –  сердце;  солтүстік  –  север;  көркею  – 

расцветать; ғимарат – здание; үкімет – правительство.

Мәтінмен жұмыс.



Оқылым:  5-тапсырма,  74-бет.  Мәтінді  мәнерлеп  оқу, 

түсіндіру. Мәтінді оқушылар  тізбектеп, мәнерлеп оқиды. 

Тіл білімі. Назар аудар, 75-бет. Дәптерге жазып алып, есте 

сақтау. 


76

77

4.  Жаңа  материалды  меңгеру  дәрежесін  тексеру  кезеңі.

Міндеті: жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін 

тексеру.


6-тапсырма,  75-  бет.  Берілген  етістіктерге  көсемшенің 

жұрнағын  жалғаңыз.

6.  Жаңа  материалды  бекіту  кезеңі.  Міндеті:  жаңа 

материалды  ауызекі  және  жазба  тілде  қолдана  алу  біліктілін 

қалыптастыру.

Сөзжұмбақ шешу. Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңдар.

– Сонымен, балалар, қандай сөз шықты?

– Астана.

8. Бақылау және өзін-өзі бақылау кезеңі. 

Міндеттері:  Оқушылардың  материалды  меңгеру  сапасын 

анықтау; 

Өзін-өзі және өзара бақылаушылық мүмкіндігін дамыту.



3-тапсырма, 74-бет. Сөздерді жұптастырыңыз.

9. Үй тапсырмасы. 

Міндеттері:  Оқушыларға  үй  тапсырмасының  мақсатын, 

мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру. 

а) Жаңа сөздерді жаттау;

ә) «Астана – әсем қала» мәтінін мазмұндау. 4-тапсырманы 

жазу.  Мәтін  бойынша  бос  орынды  толтырыңыз.Үлгі:  Мақсат 

Астанада туды.

10. Бағалау.

Міндеті:    Өзара  бақылау,  жеке  оқушының  және  сынып-       

тың  жұмысы  мен  қабілеттілігіне  сапалы  баға  беру  (ынталан-

дыру, мадақтау, ескерту). _______________________________



11. Рефлексия кезеңі:  

Міндеттері: оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін, оқушылар 

мен  мұғалімнің  өзара  қатынас  рефлексиясына  жағдай  жасау; 

оқушылардың  өзін-өзі  ұстай  білуі  және  ынтымақтастық 

қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету.

Білім негізі – бастауышта

Гүлжанат АБАКАШЕВА,

Шығыс Қазақстан облысының

Өскемен қаласындағы

Дарынды  балаларға арналған 

«Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу 

арнайы мектеп-кешен-орталығының 

қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің мұғалімі.

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ТӘН          

ДЫБЫСТАРДЫ ҚАЙТАЛАУ

(1-сынып)

«Еліміздің ең басты байлығы – сапалы білім».

                                                               Н.Ә.Назарбаев.

Білім көзі – бастауышта. Сондықтан бастауышта алған білім 

де, оқытқан мұғалім де адам есінде мәңгі сақталады. Мен сабақ 

орыс  тілінде  жүретін  мектептің  бастауыш  сыныбында  қазақ 

тілі пәнінен сабақ беремін. Бұл буында  балаларға меңгертетін 

басты  тақырып  –  қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  үйрену.  Бұл 

тақырып ең керекті және ең күрделі болып табылады. Сіздердің 

назарларыңызға  өзімнің  бір  сабағымның  жоспарын  ұсынып 

отырмын.  Мұндай  жұмыстар  өз  тәжірибемде  үлкен  жетістік 

беріп отыр. Бұл менің өз еңбегім, өз нәтижем.

1-сыныпта қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.

Ұ-Ү дыбыстары.

Сабақтың мақсаты: алдыңғы сабақтарда алған білімдерін 

пысықтау. Міндеттері: а) меңгерген дыбыстарды дұрыс қолдана 

білуге үйрету; ә) оқушылардың сөздік қорын молайту; б) есте 

сақтау  қабілетін  жетілдіру;  в)  пәнге  деген  қызығушылығын 

арттыру.  Түрі:  қайталау  сабағы.  Әдіс-тәсілдері:  суретпен 


78

79

жұмыс,  сұрақ-жауап,  ойын  ұйымдастыру.  Көрнекілігі: 



электрондық  оқулық,  тақырыптық  суреттер,  интербелсенді 

тақта, үлестірмелі материалдар.



Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Сәлемдесу.

2) Сыныпты түгелдеу.

3) Сабаққа назар аудару.



ІІ. Тілдік  ортаға ену. 

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Қай ай?

- Аптаның қай күні?

- Сыныпта кім жоқ?

ІІІ. фонетикалық  жаттығу. Жаңылтпаштар.

1. Түлкі – айлалы аң, айлалы аңға айла пайдалан.

2. Мұз-тұз, тұз-мұз, бәрі де тұз бен мұз.

IV. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін бағдар беру.

Интербелсенді тақтада үш сурет  берілген. Осы үш суреттің 

атауында  кездесетін  қазақ  тіліне  тән  дыбысты  табу  керек. 

Суреттерді  балалар  кезектесіп  атап  шыққан  соң  сол  сөздерде 

кездесетін  қазақ  тіліне  тән  дыбысты  айтады.  Ол  дыбысты  әр 

бала жеке-жеке бір айтып шыққан соң, қатар болып қайталайды.

Балалар    осы  сөздерді  атап,  үшеуінде  де  кездесетін  Ү 

дыбысын атайды.

Оқушылар  бұл  суреттер  атауындағы  ортақ    Ұ    дыбысын 

атайды.


-  Балалар,  қалай  ойлайсыңдар,  сабағымыздың    тақырыбы 

қандай?


Оқушылар  сабақтың  тақырыбын  анықтап,  мұғалімнің 

көмегімен  мақсатын, міндеттерін айтады.



V. Сабақты жүргізу.

Дыбыстардың  айтылуын  қайталап,  артикуляциясын 

пысықтаймыз.

Әр бала жеке-жеке атап, содан кейін қатар болып қайталайды.  

Екі бала біреуі ү дыбысын, екіншісі ұ дыбысын кезек атайды.

Екі дыбыстың айтылуын салыстырады. Жуан және жіңішкелігін 

ажыратамыз. Бұл дыбыстар кездесетін сөздерді еске түсіреміз.

Әріп  таңбасын  қайталап,  жазылуын  пысықтаймыз. 

Әріптердің жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылығын 

атаймыз.  Бала  көзімен  қарағанда  бұл  әріптердің  неге 

ұқсайтынын  айтқызамыз.Берілген  бірнеше  әріптерден  сөздер 

құрау.


Мысалы:

            л                                     м

а                     н                 і                     т

VI.  Осы  дыбыстар  кездесетін  сөздерді  қайталау.  «Кім 

жылдам?» ойыны.

Бұл  ойынды  доппен  ұйымдастырамыз.  Бір  бала  допты 

лақтырып, ү дыбысы бар сөзді айтады, екінші бала қағып алып, 

сол сөзбен сөз тіркесін немесе сөйлем құрайды.

Мысалы: Ұ – Ұшақ – Үлкен ұшақ.

                 Ү – Түлкі – Түлкі – жабайы аң.



VІІ. Ү-Ұ әріптерінің жазылуын еске түсіру. Интербелсенді 

тақтамен жұмыс.

Берілген  сөздерден  түсіп  қалған  әріптерді  жазып  шығу.              

Осы жұмыс арқылы әріптердің жазылуын қайталау.

Т...лкі,  қ...с,  к...н,  ...лу,  ж...мыртқа,  қ...рал,  қ...мыра,  с...т,            

т...н, ...тік, б...зау.



VIII.  «Ойлан,  тап»  ойыны.  Жұмбақтарды  шешу  арқылы 

қазақ  тіліне  тән  әріптердің    жазылуын  пысықтау.  Мұндай 

жұмыс  балалардың  еске  сақтау  қабілетін  дамытады.  Ойын 

түрінде жасаған жұмыстан балалар шаршамайды.

Сүңгіп жүзіп үйретті,

Су жұқпайтын тонына

Кім білмейді ...............үйректі  (Ү)

Басын бастап беремін,

Ұя, ұлу, ұшақтың

 

ұ 



ү 

80

81

Құс, жұмыртқа  бұтақтың ортасында жүремін. (Ұ)



ІX.  «Кім  тапқыр?»  ойыны.  Өткен  тақырыптар  бойынша 

осы дыбыстар кездесетін сөздерді топтастыру.

                                                     шұжық

    «Азық-түліктер»                   жұмыртқа

        тақырыбы                           балмұздақ

                                                     сүт

                                                     алмұрт

                                                     жүзім

    «Жануарлар»                 түйе

      тақырыбы                    түлкі                                                                                   

                                            ұлу                                                                                     

                                   үйрек                                      Гүлім

 «Құстар»                  үкі     Адам аттары                Ұлан

тақырыбы                 бұлбұл                                     Үміт




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет