Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны сан-салалы білімдерді қамтыған терең философиялық шығарма ретінде



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата19.09.2022
өлшемі0,97 Mb.
#39504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Каренов Жүсіп 2015-3-79

Күміс көрген адам көңіл бұрмаса, 
Көзі тұнып, дымы құрып тұрмаса. 
(Алтын көріп, адам жолдан таймаса, 
Адамдықты, адалдықты ойласа). 
Ондай жанды періште деп қараңыз, 
Шынында да періштеге балаңыз. 
Жалпы, дастанда дəулетқұмарлық, дүниеқорлық, байлық, мансапқа құмарлық жан-жақты 
сыналады. Ғұламаның пайымдауынша, нағыз байлық — жан тазалығы. Өйткені рухың таза болса, сен 
аспандай бересің. Байлыққа құмарлық тұлғаның мінез-құлығының азып-тозуына жол ашады. 
Ойшыл ақын «опасыз өткінші ғұмырда байлық қумай, білімге ұмтылыңдар» деп үндейді [5; 68]: 
Кісіден кісі айырмасы — парқы көп, 
Айтсам, білім — бұл парықтың нарқы дөп. 
Бұл сөзімді білімдіге арнадым, 
Білімсіздің тілін ұға алмадым. 
Білімсізбен ешбір сөзім жоқ менің, 
Ей, білікті, қызметшіңмін мен сенің. 
3. Баласағұни əлемдік үйлесімділік негізінде əділетті адамзат əулетін құруды армандаған. 
Сондықтан да ол ғылым мен білімге зор мəн берген. 
Ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған əкімдер, мораль, этика, тағы басқа мəселелерге арналған 
тарауларында білімнің күш-құдіретін ардақтап, ғалымдарды көкке көтере мадақтайды [5; 75–77]: 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Жүсіп Баласағұнның «Құтты … 
Серия «История. Философия». № 3(79)/2015 
105 
Ақыл — шырақ, қара түнді ашатын, 
Білім — жарық, нұрын саған шашатын. 
Ақыл болса, асыл болар — болса ер, 
Білім болса, бектік қылар — қылса ер. 
Ақыл кімде болса — болар асыл ол, 
Білім кімде болса — бек һəм басың ол. 
Кісі ұланы қара жерге қол салды, 
Көтерді бəрін, білімін ол қолданды. 
Ақылмен кісі асыл атанар, 
Бекке ел ісі білімімен жасалар. 
Талай ізгі іс, атқарылды ақылмен, 
Мың рахмет ақыл-еске асыл кен! 
Пайдасы көп, аз ақылды аз деме, 
Қадыры көп, аз білімді аз деме! 
Жұпарға ұқсап білім де тез таралар, 
Сақтап болмас басқалардан даралап. 
Жасырсаң жұпар, оны иісі білдірер, 
Жасырсаң білім, тілің айтып бүлдірер. 
Білім — байлық, азаймас һəм жоғалмас, 
Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас! 
Ақыл, білім бейне кісен кісіге, 
Кісенді ашып бармас қылмыс ісіне. 
Жүсіп Баласағұн оқыған, парасатты, көзі ашық адамдар, ғалымдар ел басқару ісінде, ел-жұрттың 
талап-тілектерін жүзеге асыруда патшаларға, түрлі дəрежедегі əкімдерге, бектерге ұдайы ақыл-кеңес 
беріп көмектесіп отыруы тиіс деп түсінеді. Ақын ел билеушілердің, білімді адамдардың ақыл-кеңесін 
тыңдап, соған сəйкес елге билік жүргізуге шақырады. 
Дастанда мынадай ой-пікір бар: Патша ел-жұртын қылыштың күшімен, қатал тəртіппен 
басқарып отырады, ал ғылымдар қалың бұқараны ақыл-парасатымен басқаруы керек [8; 171]. 
Философ-ғалым адам бойындағы жаман қасиеттердің бəрі, атап айтқанда, зұлымдық, қатыгездік, 
сараңдық, опасыздық, т.б. — бəрі түптеп келгенде білімсіздіктен, надандықтан туындайды деп 
есептейді. 
Баласағұн ең алғашқы ағартушылардың бірі ретінде сауаттылықты дəріптеп, оны халықтың 
мəдени деңгейін көтеретін бірден-бір құралы деп білді. Бүгінгі күнде мəнін жоймаған мына бəйітті 
оқиық [5; 68]: 
Білімді — аз, білімсіздер қаптаған, 
Ақылсыз көп — ақылдыны таптаған. 
Философ білікті, парасатты адамдарды қоғам өз дəрежесінде бағаламайтын, бұл дүниеде ашкөз 
надандардың ұтатынын, олар пайдакүнемдік пен парасатқа, білімге, адам тағдырына, адамзаттық 
мұраттарға көз жұма қарайтынын айтады [11]. 
Бұл жағдайды түзеу үшін өмірдің бар салаларына білім нұрын сеуіп, қараңғы халықтың көзін 
ашып, оларды бұл дүниелік күйкі əрекеттерден серпілту керек дейді ғұлама. 
Жалпы, Баласағұни бəйіттері арқылы біз «білім мен ақыл — адам болудың нағыз кемел жолы» 
деген ой түйеміз. Сондықтан да дастанда ақыл мен білім жайында айтылған ойлар көп. Осы 
белгілеріне қарап, оны ғибратнама үлгісіндегі дастан деуге болады [5; 77]: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет