Р.С.Каренов
106
Вестник Карагандинского университета
Ашкөзденбе, ұятты ойла, адал бол,
Ашық айтып, əділ іске жарар бол!
Мешкей тынып, сұғанақ көз қояр ма!?
Ашкөзділер жаһанды жеп, тояр ма?!
Сұғанақтық — дауасыз дерт, арылмас,
Күллі жаһан емі қонбас, жазылмас.
Барлық аштар, жесе ақыры тояды,
Сұғанақ көз, тек көрінде қояды.
Өз дəуірінің рухани тəжірибесін бойына сіңірген осынау шығарма қазақ əдебиетінің дамуына
айрықша əсер еткен. Қазақтың классикалық поэзиясы өзінің шығармашылық бастауын «Құтты
біліктің» рухани, эстетикалық əлемінен алған. Мəселен, жаңа қоғамдық тарихи жағдайда қазақ ақын-
жыраулары адам мінез-құлқының бір көрінісі болып табылатын
қанағат сезімін өздерінше
пайымдаған. Оны қазақ қауымының ұғымына лайықты етіп жырлаған.
5. Дастанда тіл өнері жайлы айтылған ойлардың эстетикалық тəрбиені қалыптастырудағы
маңызы.
«Құтты біліктің» ең негізгі көтерген мəселесі — адамгершілік. Адамгершіліктің сан саласы бар.
Оның бірі — тілді
тыйып ұстап, орынды жұмсай білу. Тіл екі жүзді қанжар секілді. Тілден бақ
қонады, тілден бас кетеді.
Дастан авторы тілдің маңызын түсіндіруге талай тапқыр сөздер қолданған [5; 64–67]:
Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететіғұн бас болар.
Тіл — арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды!
Не дейді, ұққын, тілден жапа шеккен ер,
Құлақ салып, амал қылып, есті елер:
«Тілімнен көп жапа шектім, есебім:
Бас кесілмес үшін, тілді кесемін!
Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын,
Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!»
Біліп айтқан сөз — білікті, саналар,
Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.
Көп сөйлеме, аз айт бірер түйірін,
Бір сөзбен шеш түмəн сөздің түйінін.
(Көрген емен көбік сөзбен оңғанды,
Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды!)
Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар,
Көп сөз басты қара жерге кеп тығар.
Көп сөйлесең, «Езбесің» деп жек қөрер,
Сөйлемесең, «Мылқау» екен — деп сөгер!
Бұлай болса, тең ортасы — керегің,
Тілге ұстамды болсаң, өсер беделің!
Тіліңді бақ, басың аман болады,
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.
Туған адам өліп сөзі қалады,
Өзі кетіп, ізгі аты қалады!
Қалар мұра — сөз, кісіден кісіге,
Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе.
Ойшыл
ақынның пайымдауынша, дана адамның сөзі де, ісі де бір жерден шығады. Ол
барлық
жағынан əділет үлгісі болуға тиіс деп біледі. Тауып айтылған өнегелі сөзге берер бағасы зор: «Алтын
мен күміс байлық емес, тауып сөйлей білген байлық. Дүниеде ешнəрсе де баянды емес, тек жақсы сөз
ғана баянды».
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Жүсіп Баласағұнның «Құтты …
Серия «История. Философия». № 3(79)/2015
107
6. «Құтты білік» дастанында отбасындағы эстетикалық тəрбиеге зор мəн берілуі.
Адам өмірінде эстетикалық тəрбие зор рөл атқарады. Əсемдікті көре, түсіне жəне жасай алу
адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді. Оған ең жоғары деңгейде рухани лəззаттануға
мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда Жүсіп Баласағұн отбасы жайлы айтылған мына бір бəйітінде
[5; 601–602]:
Достарыңызбен бөлісу: