Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны сан-салалы білімдерді қамтыған терең философиялық шығарма ретінде



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата19.09.2022
өлшемі0,97 Mb.
#39504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Каренов Жүсіп 2015-3-79

Дастандағы өсиет сөздердің қазақ халқының мақал-мəтелдерінің түптөркініне іспеттес болуы 
Баласағұн шығармасындағы даналық сөздері қазақ мəдениеті мен халықтық мақал-мəтелдері 
арқылы ұштасып кеткенін байқау қиын емес. 
«Құтты білікті» оқи отырып, бүгінгі қазақ мақал-мəтелдерінің түпкі негізі соларда жатқанын 
анықтауға болады: 
1. Қазақ мақалында: Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді. 
Баласағұнида [5; 532]: 
Ойлы кісі айтқан сөздің ақ шынын: 
Кісі өлсе де, өлмес аты жақсының! 
2. Қазақта: Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма. 
Баласағұнида [5; 501]: 
Ертеңге — деп, бітер істі тастама, 
Қалар кейін, шықса ісің басқа да!... 
3. Қазақта: Кеңесіп пішкен тон келте болмас. 
Баласағұнида [5; 512]: 
Кеңесіп іс жасау керек кеңінен, 
Кеңеспеген кісі өкініп, еңірер. 
4. Қазақта: Жақсымен жанассаң атаққа ілінерсің, жаманмен жанассаң шатаққа ілінерсің. 
Баласағұнида [5; 483]: 
Жаманға сен жолама, жаласына жанарсың, 
Жақсылыққа жанассаң, жақсы қылық табарсың! 
5. Қазақта: Ит үреді, керуен көшеді. 
Баласағұнида [5; 332]: 
Көк төбетті бөрі елемей жеңбей ме? 
Ит үреді, керуен көше бермей ме!? 
6. Қазақта: Əуелгі байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшіншісі — он саулық. 
Баласағұнида [5; 344–345]: 
Ішпек-жемек əуелгісі бұлардың, 
Қатын алмақ — бірі рахат-құмардың, 
Үшіншісі — тəн саулығың, тірлігің, 
Бұл үшеудің сақтау қажет бірлігін. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Жүсіп Баласағұнның «Құтты … 
Серия «История. Философия». № 3(79)/2015 
109 
7. Қазақта: Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді. 
Баласағұнида [5; 264]: 
Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді, 
Сөз қалады, таяқ табы кетеді! 
8. Халық арасында Бір топ итті арыстан бастаса, күндердің күнінде олар арыстанға айналар, 
ал бір топ арыстанды ит бастаса, олар итке айналады деген мысал бар. Осыны ойшыл ақын поэзия 
тілімен [5; 222]: 
Біл, арыстан басшы болса иттерге, 
Арыстандай күркірер кеп иттер де! 
Арыстандар басы болса ит бір күн, 
Арыстандар жасар еді ит тірлік! — 
деп суреттеген. 
Ж.Баласағұни «Құтты білікте» əдеп, əдет туралы былай деген: 
Аз ғана игі іске көп рахмет айт. 
*** 
Кісі алдындағы асқа қолыңды созба. 
*** 
Кісі айыбын ашқаннан, жапқан жақсы. 
*** 
Мінезі жақсы төрге озар. 
*** 
Жақсы қылық адамға — ас пен киім. 
*** 
Сəлем берген саулық береді, 
Сəлем алған қызығын көреді. 
*** 
Үлкен келсе, асыңды аяма, 
Ыстық асқа үрлеме. 
*** 
Құрсақта біткен қылық қара жерге бірге кіреді, 
Сүтпен біткен ізгі қылық, өлгенше өзгермейді. 
Қорыта айтқанда, дастанда қазақтың шешендік сөздерімен, бата-тілегімен, мақал-мəтелімен 
сабақтас тақырып — ойы, жүйесі мен мəнері, өрнегі бірдей шығып жататын нақыл сөздер аз емес. 
Кемеңгер ақын мəтінге кіргізген нақыл сөздер, мақалдар мен мəтелдер дастанды ерекшелендіре 
түседі: «Түркілерде бұл жөнінде мақал бар, соны осы жерде келтірудің реті бар», «Түркі тілі дана 
сөздерді сақтаған, Бабалардың сөздерін тыңдау керек ол үшін. Бабалардың мақалдарын сақтау — 
сенің борышың», — дейді автор. 
«Құтты білік» еңбегінің тəрбиелік мəні 
Бұл еңбек — халықтың құты, ырысы болған ілім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа 
адамдық, азаматтық қасиеттерін, əдеп-адалдық дəстүрін сіңірген шығарма. Бұны біз келесі жыр 
жолдарыннан аңғарамыз: 
1. Жүсіп Баласағұнның еңбекті «Құдатғу білік» қоюына өзінің жауабы бар [5; 80]: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет