Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны сан-салалы білімдерді қамтыған терең философиялық шығарма ретінде



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата19.09.2022
өлшемі0,97 Mb.
#39504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Каренов Жүсіп 2015-3-79

Кітап атын «Құдатғу білік» қойдым — 
Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың. 
Жазған кітап, сөйлеген сөздеріммен, 
Екі дүниені ұстауды көздедім мен. 
2. Ғұламаның жігітікке ашынып, өкініп, қарттық-егделік хақында айтқандары мынадай 
[5; 581]: 
Жортқан бұлттай жігіттіктен ауыстым, 
Ескен желдей тірлігімді тауыстым. 
Қайран жастық, қайран отты күндерім, 
Тұта алмадым, қадіріңді білмедім! 
Жігіт дəурен, оралшы бір құстайын, 
Бүлде жауып, алақанда ұстайын! 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Р.С.Каренов 
110 
Вестник Карагандинского университета 
Беу, жігіттік, қайда жолың, тұрағың? 
Таба алмадым сарсылдым сан, сұрадым! 
Осы өлең жолдары адамның пендешілік өмір кешпей, рухани тазалыққа шақырады. Оқушыларға 
болашақтарына мақсат қоюға, уақыттың қадірін түсінуге, жамандықтан аулақ болуға тəрбиелейді. 
3. Ақын жақсылықтың мерейі туралы былайша толғанады [5; 595]: 
Бұл дүние қып-қысқа көрген түстей, 
Қадірін білген дұрыс көрге түспей. 
Өмір де бір қазына, алған қарыз, 
Қайырым етті қайтара салған парыз. 
Түптің-түбі бұл тағдыр теңестірер, 
Ажал келсе: ұлық, құл демес, білем. 
Жақсылық қыл, суымай бойда қаның, 
Бір өлім бар, жөн болар ойлағаның. 
Қалар өлсең меншігің — есімің де, 
Қатты серпкен кең дүние есігінде. 
Құрметтер ел, жан болсаң затың жақсы, 
Талай ғасыр жаңғырар Атың жақсы. 
Қарғысын естір талай ғұмырлардың, 
Есімі қаны қара зұлымдардың. 
Не күтіп жүр: Даңқы ма, мазағы ма? 
Өз ырқында. Тек сынба азабына. 
Қалар ныспы, сіңерміз қара жерге, 
Мақтап?.. Даттап?.. «Тірілтер» қалың ел де... 
Жүсіп Баласағұн бұл өсиетінде ақиқатты ашып көрсетеді. Жер бетіндегі адамдардың теңдігін 
баяндайды. 
4. Жас нəресте өмірге келісімен-ақ оны дұрыс тəрбиелей бастау — əке-шешенің қасиетті 
борышы екенін ақын жырға былайша қосқан [5; 421–422]: 
Ай мандайлы ұл-қыз туса алдыңда, 
Үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма. 
Тəрбиеші ал ізгілікті, көшелі, 
Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі. 
Ұл-қызыңа əдеп үйрет, білім бер, 
Қос жалғанды бірдей көріп, күлімдер. 
Ұлына əйел əпер, қызды ерге бер, 
Қайғы-мұңсыз тірлікке не тең келер! 
Ұлды үйрет күллі өнер-білімге, 
Онымен мал-дүние табар түбінде. 
Бақ ұлыңды, бекерге бос жүрмесін, 
Бейбастақ боп кетер бекер жүргесін. 
5. Данагөй адамшылыққа — адамшылық, қайырымға — қайырым ету туралы былай дейді 
[5; 598–599]: 
Ілкі сəттік өмірің болса жалғанда — 
Қайырым ет, қайырым қылған жандарға. 
Серттей түйсең, ұшқан ойды сөзімнен, 
Шет қалмайсың несібеңнен, еліңнен. 
Сиымды бол сыйлап сені жақтаса, 
Тайраңдама — қалың елің мақтаса. 
Адамшылық — адамға тəн қазына, 
Солай қазір, солай болғын бағыдан. 
Қайырым етсе достарың, не бауырың, 
Еселеп бер, көтер жүктің ауырын. 
Сөйтсең, дана ер болғаның сенімді, 
Құрығанда, байқатасың тегіңді. 
Данышпан философ оқушыларға адамгершілік қасиеттерді дарыта отырып, оларды достықты 
бағалауға, жақындарын сыйлауға тəрбиелейді. Тұлғаға тəн қасиеттерді, ізгілікті насихаттайды. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Жүсіп Баласағұнның «Құтты … 
Серия «История. Философия». № 3(79)/2015 
111 
Қорыта айтқанда, Баласағұни философ ретінде жəне тəрбиелік тағылымға толы педагог ретінде 
артына өшпес мұра, тəрбиелік дəстүр, өнеге қалдырған адам. 
Түйін 
Жалпы, «Құтты білік» не жайында? 
 «Құтты білік» — мемлекетті басқару ғылымы. Ол — түркі тілінде жазылған тұңғыш саяси 
еңбек. 
 «Құтты білік» — жалпыадамзаттық ұстанымдарды, адамгершілік қағидаларды зерттеген терең 
философиялық мұра. 
 «Құтты білік» — ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның тұңғыш шығармасы. 
 «Құтты білік» — оқырманын тəрбиенің түрлі салалары бойынша даналық ойлардан 
сусындататын тəлім-тəрбиелік энциклопедия. 
 «Құтты білік» — кісілікті қорлауға, орынсыз қантөгіске, əлеуметтік əділетсіздікке жаны қас 
ақынның дүниенің қызығы, құты — білім, ақылда, адамшылықта деген мүддесін биік көтерген 
толғаныс. 
 «Құтты білік» — насихат, ғақлия саздары айқын, елдік, мемлекеттік құрылысты егжей-
тегжейлі түсіндірген тариқат. 
 «Құтты білік» — заманның, уақыттың озмыштығына ойшылдықпен мəн берген, дүниенің асыл 
мəнін байсалды түсіндірген ақылман дастан. 
 «Құтты білік» — «мұсылман идеологиясына негізделген, сол идеологияны насихаттайтын, 
түркі тілінде жазылған жалғыз еңбек». Сондай-ақ Жүсіп Баласағұн — түркілік ислам 
əдебиетіндегі мадақ (Аллаға, пайғамбарға, сахабаларға, ел билеуші қағанға) жанрының негізін 
қалаушы. 
Сөз соңында айтарымыз «Құтты білік» («Құтадғу білік») — «Құтқа, бақытқа қалай жетуге 
болады?» деген адам баласы үшін ең өзекті, аса маңызды өмірлік һəм мəңгілік сұраққа жауап беретін 
ақылман туынды. Ал оның қандай жолдар екенін көкірегі ояу оқырман баба мұрасын зерделей оқу 
арқылы ұғына алады [5; 40–41; 605]: 
Əзіз кітап — бұл ұлылық негізі, 
Біліктіге болғай білім теңізі! 
Құт білікпен безенген бұл, жамағат, 
Шүкір қылып ал да, тіле қанағат. 
Күллі дана сөзі түгел сүзілген, 
Інжу-маржан тізбегіндей түзілген! 
Тыңдағанға — ұғынықты, қадірлі, 
Жазбасы — ауыр, надандарға кəдімгі! 
Көз-қолыңды демеп жарық шашар да, 
Ісіңді оңдар сөзі екі жаһанда. 
Шығыс елі, күллі түркі ішінде, 
Дүниеде — кітап жоқ бұл пішінде... 
Сөзімді айттым, құлы болмай құлқынның, 
Пайдасы үшін қалған қалың жұртымның. 
Аңсамадым — мадағыңды, даңқыңды, 
Көзге ілмедім күміс, гауһар, алтынды. 
Көз суалды, түнді түнге жалғадым, 
Сөзді жазып, баршаңызға арнадым. 
Менің зілдей еңбегімді білсін деп, 
Келер ұрпақ еске тұтып жүрсін деп. 
Бұл кітаптың əр ұйқасын, əр жолын, 
Тілім айтып, тізді мына өз қолым. 
Бұл кітапты сендер оқып жүргенде, 
Қолым қалмас; болмас тіпті тіл менде. 
Ұмытпа тек, оқырманым-сырласым, 
Жақсы сөзім жалғызсырап тұрмасын. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Р.С.Каренов 
112 
Вестник Карагандинского университета 
Сонымен, Жүсіп Баласағұн өмірдің өткіншілігін, болымсыздығын айта келіп, өзі бұл дүниеден 
кетсе де, сөзінің мəңгі қалатынына сенген. 
Əдебиеттер тізімі 
1 Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі əдеби жəдігерліктері. — Алматы: Раритет, 2011. — 243-б. 
2 Қыраубаева А. Ежелгі əдебиет. 5-томдық шығармалар жин. 2-т. / Томды баспаға əзірлегендер: Г.Асқарова, Н.Мəтбек. 
— Алматы: Өнер, 2008. — 216 б. 
3 Тауасарұлы Қ. Түп-тұқианнан өзіме шейін / Баспаға дайынд. Б.Қыдырбекұлы. — Алматы: Жалын, 1993. — 25-б. 
4 Ержанов Қ. Қара-Бурахан, Қожа Ахмет Иассауи жəне Жүсіп Баласағұн — бір асылдың сынықтары // Қазақ. — 2014. 
— № 49–50 (721–722). — 5–12 желт. — 7-б. 
5 Баласағұн Ж. Құтты білік / Көне түркі тілінен ауд. жəне алғы сөзі мен түсінік. жазғ. А.Егеубаев. — Алматы: 
Жазушы, 1986. — 616 б. 
6 Нысанбаев Ə. «Құтты білік» сол заманда «Қарахан» мемлекетінің Ата Заңының орнында жүрді // Жүсіп Баласағұн 
(ХІ ғ.). — Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2013. — № 18 (78). — 28-б. 
7 Əбілдаев Ж. Қазіргі таңда «Құтты білік» дастанының үш нұсқасы белгілі // Жүсіп Баласағұн (ХІ ғасыр). — Аңыз 
адам: Жұлдыздар отбасы. — 2013. — № 18 (78). — 42, 43-б. 
8 Келімбетов Н. Ежелгі дəуір əдебиеті: Оқулық. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 264 б. 
9 Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. І-т. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2009. — 
450-б. 
10 Қыраубаева А. «Құтты білік» — кемел мемлекеттің құрылымы // Жүсіп Баласағұн (ХІ ғасыр). — Аңыз адам: 
Жұлдыздар отбасы. — 2013. — № 18 (78). — 10-б. 
11 Қазақ даласының ойшылдары (ІХ–ХІІ ғғ.). — Алматы: Ғылым, 1995. — 160 б. 
12 Əнуарбекқызы Ə. Баласағұн ойларындағы басты мақсат — адамның өзін-өзі тəрбиелеуі // Жүсіп Баласағұн 
(ХІ ғасыр). — Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2013. — № 18 (78). — 48, 49-б. 
13 Құран Кəрім / Ауд.: Р.Нысанбайұлы, У.Қыдырғанұлы. — Алматы: Жазушы, 1991. — Қазақшасы — 578 б.; арабшасы 
— 585 б. 
Р.С.Каренов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет