Тері қабаты бүтіндігінің үшкір құралмен бұзылуы, егер де құралда АҚТҚ – мен зақымдалған адамның қаны болса. Бұл инені, шприцті, бритваны және басқа дәрігерлік құралдары қолданғаннан болуы мүмкін. Бұл нашақорлар үшін зақымданудың басты жолы және есірткіні бір рет болсын «кір» зақымдалған шприцпен тамыр арқылы қолданған жағдайда. Сол сияқты нашақорлар тәртіпсіз жыныстық қарым –қатынас жасап, ал нашақор қыздар есірткіні алу үшін жезөкшелік өмір кешеді.
Одан басқа нашақорлар мүшеқапқа теріс қарайды, сондықтан ЖҚТБ –мен зақымдану мүмкіндігі күшейеді. Осының барлығы АҚТҚ –нің басқа да адамдарға жұғу қаупін төндіреді.