131
құзыреттіліктің жалпы кәсіби аспектісінде орташа деңгейдің төменгі деңгейіне
сәйкес келеді.
Жалпы коммуникативті кешеннің тапсырмаларын орындау кезінде білім
алушылардың негізгі қиындықтары: 1) сөздің немесе сөз тіркесінің денотаттық
мағынасын
толық
түсінгенімен,
эмотивтік
мағынасын
білмеу;
2)
коммуникацияның вербалды және вербалды емес эмоционалды құралдарын
үйлестіре алмау; 3) эмотивті коммуникацияның амалдарын білмеу: арнайы
стратегиялар
мен
тактиканы
қолдана
отырып,
сұхбаттасушымен
коммуникативті байланыс орнату, эмоционалды сөйлеу әсерін тигізу
дағдыларының болмауы.
Білім алушылардың кәсіби-коммуникативтік кешеннің тапсырмаларын
орындаудағы негізгі қиындықтары мыналар болды: 1) оқу материалын игеруге
деген талпыныс пен жағымды эмоционалды фон қалыптастыру үшін эмотивтік
бірліктерді қолдана алмау; 2) білім алушылармен коммуникативтік байланыс
орнатудың қиындығы; 3) оқушылардың эмоциясын басқара алмау, оларды
жағымды бағытқа бағыттай алмау; 4) кәсіби және коммуникативтік қызметті
жоспарлау кезінде де, оны жүзеге асыру барысында да креативтіліктің
болмауы.
Анықтау экспериментінің нәтижелері арнайы оқыту экспериментін
жүргізу қажеттігін анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: