Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет57/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

 
3.3 
Эмотивтік 
құзыреттілікті 
қалыптастыру 
мен 
дамыту 
технологиясының тиімділігін тексеру экспериментінің нәтижелері 
Зерттеу 
жұмысында 
ұсынылатын 
әдістемелік 
тұжырымдарды 
эксперименттік тексеру – ғылыми зерттеудің маңызды бөлігінің бірі. 


125 
Эксперимент зерттеу мақсатына сәйкес келетін жаңа жағдайларға белсенді 
түрде әсер ету немесе үдерістің ағынын қажетті бағытта өзгертуде кейбір 
құбылыстарды зерттеу болып табылады [203, с. 558]. 
Демек педагогикалық эксперимент бізге нақты оқу үдерісінде болашақ 
педагогтардың 
эмотивтік 
құзыреттілігін 
қалыптастыру 
мен 
дамыту 
технологиясының тиімділігін тексеруге мүмкіндік береді. 
Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру мен дамыту эксперименті 2019-
2020 оқу жылында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология: қазақ тілі» 
мамандықтарының білім алушылары арасында ұйымдастырылды. Тәжірибелік 
экспериментке 42 адам (2 топ) қатысты. 
Эксперименттік зерттеудің негізгі мақсаты – эмотивтік құзыреттілікті 
қалыптастыру мен дамыту технологиясының тиімділігін анықтау. Қойылған 
мақсатқа сәйкес эксперимент жүргізудің мынадай міндеттері белгіленді:
– білім алушылардың эмотивтік құзыреттілігінің жалпы коммуникативтік 
және кәсіби-коммуникативтік аспектілерін қалыптастырудың сандық және 
сапалық көрсеткіштерін әзірлеу; 
– арнайы жаттығулар жүйесін орындау арқылы білім алушылардың 
эмотивтік 
құзыреттілігінің 
жалпы 
коммуникативтік 
және 
кәсіби-
коммуникативтік білім, білік, дағдыларының даму деңгейін диагностикалау; 
– білім алушылардың жалпы коммуникативтік және кәсіби-
коммуникативтік білім, білік, дағдыларын дамыту мақсатында эмотивтік 
құзыреттілікті қалыптастырудың ұсынылған әдістемесін тексеру; 
– эксперимент нәтижелері бойынша білім алушылардың эмотивтік 
құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін диагностикалау; 
– эксперимент барысында алынған статистикалық мәліметтерді талдай 
отырып, жоғары оқу орындарының білім алушыларына осы зерттеуде 
ұсынылған оқыту технологиясының тиімділігін бағалау. 
Эксперимент келесі түрлерді қамтыды: 1) анықтау; 2) оқыту; 3) бақылау. 
Анықтау эксперименті 
 
Анықтау экспериментінде білім алушылардың эмотивтік құзыреттілікке 
қатысты бастапқы білім деңгейлерін анықтау мақсатында 2 тест-сауалнама 
алынды.
Бұл тест-сауалнамаларда анықталуы тиіс мәселелер мыналар болды: 
1) студенттердің өзінің сезімдері мен эмоцияларына бақылау жасай алуы; 
2) студенттердің эмоцияларды ажырата алуы; 
3) студенттердің эмоциялардың маңызын түсінуі; 
4) студенттердің басқалардың эмоцияларына баға беруі; 
5) студенттердің басқалардың сезімдеріне құрметпен қарауы; 
6) студенттердің эмоция көріністерін түсінуі; 
7) студенттердің эмоцияны тудыру себептерін түсінуі. 
Бірінші тест-сауалнама үшін 20 бөлімнен тұратын мәлімдемелер тізбегі 
дайындалып, білім алушыларға сол мәлімдемелерге қатысты «иә», «жоқ», 
«кейде» деген нұсқалардың біреуін таңдау тапсырмасы берілді (Қосымша А). 


126 
Тест-сауалнамалар www.survio.com сайтында дайындалып, білім алушыларға 
онлайн сілтеме арқылы жолданды (8-сурет).
 
 
Сурет 8 – №1 тест-сауалнама
Ескерту – Автормен құрылған 
Екінші тест-сауалнамада эмоцияларды тану, білдіру, сипаттау, маңызын 
түсіну мақсатында 10 түрлі тапсырма берілді (9-сурет). 
Сурет 9 – №2 тест-сауалнама
Ескерту – Автормен құрылған 


127 
Бұл тапсырмалар халықаралық деңгейде мақұлданған Женева 
эмоционалдық құзыреттілік тесті (GECo Test) негізінде жасалды. 
GECo тесті өзара тығыз байланысты 4 негізгі құзыретті анықтайды: 
1. Эмоцияларды тану – бет-әлпет, дауыс немесе дене арқылы берілетін 
басқа адамдардың вербалды емес көріністері арқылы эмоцияларды дәл тану 
қабілеті. 
2. Эмоцияларды түсіну – өзінің және өзгелердің эмоцияларының сапасын, 
себептері мен салдарын түсіну қабілеті. 
3. Эмоционалдық бақылау – мінез-құлық стратегияларын қолдана 
отырып, басқа адамдардың эмоцияларын (әдетте жағымсыз) тиімді реттеу 
мүмкіндігі; 
4. Эмоцияларды реттеу – позитивті аффективті күйді қалыптастыру мен 
сақтау және өзінің жағымсыз аффективті күйін төмендету мүмкіндігі. 
GECo тесті К.Шегель мен М. Мортиллароның 2018 жылы шыққан 
зерттеуінде ұсынылған [214].
Оқыту эспериментінің нәтижесіндегі динамиканы көру мақсатында 
анықтау экспериментінде берілген бұл тапсырмалар бақылау экспериментінде 
қайтадан алынып, нәтижелері бастапқы және қорытынды көрсеткіш ретінде 
салыстырылып көрсетілді (Қосымша Б). 
Анықтау экспериментінің нәтижесінде жоғары деңгей көрсеткішіне 
жеткен адамдар болмады. Жинақталған ұпай сандары бойынша 42 адамның 24-і 
(26,2%) – төмен деңгей, 18-і (50%) – орта деңгей нәтижесін көрсетті. Есесіне 
қорытынды сынақ нәтижесінде бұл көрсеткіштер айтарлықтай өсті (10-сурет).
 
Сурет 10 – Бастапқы білім деңгейін анықтау эксперименті мен қорытынды 
сынақ нәтижелері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет