Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет13/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

– лингвистикалық емес ғылымдар: экология (биология, әлеуметтік 
экология, мәдениет экологиясы), антропология, мәдени антропология, этология, 
этнография, мәдениеттану, этномәдениеттану, әлеуметтану, этноәлеуметтану, 
психология, этнопсихология, халық, мемлекет, этнос тарихы, саясаттану; 
– 
лингвистикалық 
компоненті 
бар 
пәнаралық 
ғылымдар
лингвоантропология / антрополингвистика, этнолингвистика, әлеуметтік 
лингвистика (тілдік саясат пен тілдік жоспарлауды қосқанда), этноәлеуметтік 
лингвистика, заң лингвистикасы, лингвокриминология, психолингвистика, 
әлеуметтік психолингвистика, этнопсихолингвистика, лингвокогнитология, 
лингвоаймақтану, лингвомәдениеттану, сөйлеу мәдениеті теориясы; 
– лингвистикалық ғылымдар: тіл тарихы, тілдік контакт пен тілдік 
араласуларды зерттейтін пәндер, билингвология, ономатология, семантика, 
стилистика, социолектология, этносоциолектология, социолексикография, 
этносоциолексикография, жаргонология, арготология, коллоквиалистика және 
тілдің барлық деңгейлерінде әдеби нормадан ауытқуды, соның ішінде кәсіби 
және корпоративтік қосалқы тілдер мен социолектердің, субмәдениеттердің 
(әсіресе маргиналды) жүйесіне кіретін стандартты емес лексиканы, фразеология 
мен паремиологияны зерттейтін барлық жеке пәндер [39]. 
Бұл жүйелеулерден лингвоэкологиямен байланысқа түсетін ғылыми 
пәндер арасындағы үлкен алшақтықты көруге болады. Сондықтан 
«лингвоэкологиялық 
матрицаға» 
кіретін 
пәндерді 
нақтылауда
А.П. Сковородников келесі ұстанымдарды негізге алуды ұсынады. 
Біріншісі – байланысушы ғылыми пәндер тізімін шектемей, жүргізілетін 
зерттеу мақсатына, аспектілері мен шарттарына сай өзгереді деп есептеу. 
Екіншісі – байланысқа түсуші пәндерді негізгі пәндер (экология мен 
лингвистиканың барлық түрлері) мен зерттеу барысында байланыстыру қажет 
болатын пәндер қатарына жіктеу. Мұндай пәндерді алдымен тіл философиясы, 
әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, мәдениеттану, лингвомәдениеттану, 
саясаттану, саяси лингвистика, этика және эстетика енетін паранегізді пәндерге
қалған пәндерді ситуативті қажеттілік пәндеріне бөліп қарастыруға болады 
[35, с. 17]. 
Лингвоэкологияның пәнаралық сипатын сөз еткенде оның сөз 
мәдениетімен аражігін ажыратып алу міндеті туындайды. Бұл екі ұғымның 
аражігін, тиісінше, екі пәннің пәндік мазмұнын олардың негізіне алынатын 
басты аксиологиялық концептілердің оппозициясын құрау арқылы ажыратуға 
болады. Сөз мәдениеті дәстүрлі түсінікте дұрыс па, әлде бұрыс па деген 
сұраққа жауап береді, яғни қандай да бір сөз бірлігінің әдеби тіл тұрғысынан 
нормативті немесе нормативті еместігі анықталады. Қазіргі заманауи 
түсінікте бұл қатар орынды-орынсыз, тиімді-тиімсіз, айқын-белгісіз, мәнерлі-
мәнерсіз оппозицияларымен толығады. 
Лингвоэкология болса пайдалы немесе зиян (экологиялық немесе 
экологиялық
 
емес) тұрғысынан қарастырады. Бұл ретте лингвоэкология мен сөз 


24 
мәдениетін бірін-бірі толықтырушы, бірақ мақсаты мен нысаны, тілдік және 
сөйлеу фактілерін бағалау критерийлері тұрғысынан әртүрлі пәндер деп 
қарастыруға болады.
Лингвоэкологияның зерттеу пәніне әлеуметтік, тарихи, саяси және басқа 
да экстралингвистикалық факторлармен шартталған, тілге және сол тілде 
сөйлеушілердің тілдік санасына оң немесе теріс әсер ететін экологиялық 
ұстанымдар тұрғысынан (метафоралық «тіл саламаттылығы») күрделі 
семиотикалық жүйе ретіндегі тілдің жағдайы; тілді оған теріс әрі оң ықпал 
ететін өмір сүру ортасынан қорғау жолдары мен амалдары алынады. Нақты 
айтқанда лингвоэкологияның зерттеу пәні екі бағытты: 1) тілге және; 2) сол 
тілде сөйлеушіге, яғни жеке алғанда әрбір тілдік тұлғаға, тұтас алғанда тілдік 
ұжымдарға (этнос, социум, мемлекет) тиетін жағымды әрі жағымсыз 
ықпалдарды зерттеуді ұстанады. 
Лингвоэкологияның мақсаты – тіл мен адамның әлеуметтік, тілдік және 
сөйлеудегі құлдырау мен қалпына келтіру аспектілеріндегі өзара әрекетінің 
динамикасын зерттеу [39, с. 104].
Н. Уәли лингвоэкологияның міндеттерін былай анықтайды:
1) 
қоршаған тілдік ортаны түрлі ластанудан сақтау, тазалау, 
лингвистикалық нигилизммен күрес; 
2) тілдік ортаны бейпіл сөздерден, шеттілдік сөздерді уәжсіз қолданудан, 
жаргон сөздерден, құнтсыздықтан кететін қателерден таза ұстау үшін күрес; 
3) тілдік ортаға зардабын тигізетін тіл басқыншылығына қарсы күрес; 
4) тілдік тұлғаның санасында ана тіліне деген табиғи сүйіспеншілік 
сезімін, болашағына деген жауапкершілік сезімін ояту үшін күрес [40]. 
Бұл тұжырым Б. Момынованың мына пікірімен сабақтасады: «Тілдің тек 
қана жазба түрі емес, ауызекі тілдің де жағымсыз құбылыстарға бой 
алдыруына, жастар тіліндегі жасандылықтың шексіз көбеюіне, тіл мен 
сөйленістің техникалық сөздермен қойыртпақталуына қарсы әрекеттердің 
басын ұйыстыруы да – лингвоэкологияның міндеті» [41]. Ғалымдардың 
көзқарастарынан лингвоэкологиялық міндеттің тілдік ортаның тазалығына 
бағытталу басымдығы айқын көрінеді. 
Лингвоэкологияның міндеттері туралы Е.В. Семчук, А.А. Бернацкаяның 
еңбектерінде де маңызды тұжырымдар жасалады. Ғалым Е.В. Семчуктың 
пайымдауынша: «Лингвоэкологияның басты міндеті – бүлінген тілдік 
компоненттер мен құбылыстарды сақтау, оңалту, тірілту мақсатымен қазіргі 
тілдің, антропонимдердің тілдік және ақпараттық кеңістік жағдайын 
диагностикалау, сонымен қатар тілдік тұлғаны сол тілде сөйлеуші және сөйлеу, 
коммуникативтік қызметтерді жасаушы ретінде зерттеу, оның күшін оң 
биоэнергетикалық өріс пен «гуманистік, инвайронментальді ойлау образын 
қалыптастыруға» бағыттау», – дейді [38, с. 1234]. Ал А.А. Бернацкая үшін: 
«Лингвоэкологияның ең басты міндеті – этностың тілдік ерекшелігін, соның 
негізінде қоғамның рухани денсаулығы мен мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін 
сақтау» [42]. Бұдан лингвоэкологияның тілді адам, адам санасында 
қалыптасқан ақпараттық кеңістік, әлеуметтік-қоғамдық орта арқылы зерттеуді 


25 
көздейтінін ұғынамыз. Осыдан келіп лингвоэколгияның зерттеу нысаны 
анықталады. 
Лингвоэкологияның негізгі нысаны ретінде екі жолмен түсіндіруге 
болатын лингвистикалық орта қарастырылады: 1) жеке адам мен социум әрекет 
ететін тілдік орта; 2) тілдің өмір сүретін әрі қызмет ететін ортасы [1, с. 45]. 
Мұндағы тілдік орта – бір жағынан жеке адам, топ, социум мен тұтас қоғам 
әрекет ететін мәдени психологиялық ортаның немесе тілдік кеңістіктің 
компоненті болса, екінші жағынан мәдениеттің элементі, адамды социумға 
интеграциялайтын әлеуметтік фактор ретінде тілдің өзі өмір сүретін әлеуметтік 
кеңістік, қоғамдағы тілдің дамуы мен қызмет етуіне ықпал етуші ішкі және 
сыртқы тілдік факторлар. Шетелдік ғалымдар лингвоэкологияның зерттеу 
нысанына көп ретте адамның жеке өмірін, көркем шығармалар әлемін және 
физикалық әлемді де жатқызады [43].
В.П. Коровушкин лингвоэкологияның нысандық-пәндік аймағына ауызша 
және жазбаша сөйлеудегі этно-әлеуметтік-тілдік қарым-қатынас регистрлерінің 
әлеуметтік-стилистикалық және этика-стилистикалық төмендеуін жатқызады. 
Зерттеуші бұның (этно)социолектер мен (этно)субмәдениетке тән тілдік 
(этно)субстандарттың формалары мен элементтерін кеңінен әрі белсенді 
қолдану әсерінен болатынын айтады [39, с. 104]. 
В.И. Шаховский мен Н.Г. Солодовникова тілдік ортаның ластану деңгейі, 
тіл / сөйлеу / мәтіннің ластану коэффициенті, лингводигрессия, әртүрлі тілдік 
синдром, лингвоэкологиялық төтенше жағдай аймағы, сөздердің қызыл кітабы, 
лингвотоксикология, тілдің ластаушыларды жою қабілеті, лингвогомеостаз, 
лингвоэкологиялық 
құқық, 
лингвоэкологиялық 
құқықбұзушылық, 
лингвоэкологиялық императивтер, лингвоэкологиялық мониторинг және т.б. 
лингвоэкологияның негізгі нысаны деп көрсетеді [44]. 
Осы зерттеу нысандарынан лингвоэкологиялық зерттеулердің басты 
мәселелері туындайды. Олар өз кезегінде лингвоэкологияның жалпы мазмұнын 
құрайды.
А.А. Бернацкая лингвоэкологиялық зерттеулердің мынадай үш негізгі 
аспектісін көрсетеді: интерлингвалды, интралингвалды және транслингвалды 
[42, с. 29]. 
Интралингвалды аспект сөйлеу мәдениеті, стилистика және шешендік 
өнермен тығыз байланыста болып, сөз мәдениетіне тән сөздің тазалығы, 
анықтығы, мәнерлілігі, дұрыстығы тәрізді сапалық қасиеттердің сақталу-
сақталмау жағдайларын зерттейді. 
Интерлингвалды аспект жеке этнос тіліндегі көптілділік және тілдердің 
жойылуымен байланысты. Жалпыадамзаттың тарихи тәжірибесі мен ұлт 
мәдениеті белгілі бір ұлттың тілінде сақталып, сол тіл арқылы ұрпақтан-
ұрпаққа жетіп отырады. Әр тілдің тұрақты мәдени-тарихи құндылықтары да 
осы тілде сақталып, осы тіл арқылы тарайды. 
Транслингвалды аспект бір тілдегі бірліктерді, құралдарды басқа тілге тән 
құралдармен, бірліктермен бір контексте қатар қолданумен сипатталады [45].


26 
Лингвоэкологияның пәндік арқауын ұлттық тілдік сананың жай-күйі мен 
тілдің дамуына оң әрі теріс ықпал ететін қоршаған тілдік ортаның «ластануы» 
мен «зақымдануы», ғылыми-техникалық революция жағдайындағы тілдің 
техникалануы, лингвистикалық нигилизммен күрес, т.б. секілді үдерістерді 
зерттеу мәселелері құрайды. А.П. Сковородников 2016 жылы жазылған 
монографиясында
мұндай мәселелердің қатарын 25 тармақпен толықтыра 
келіп, бұл тізімнің әрқашан өзгеріп, толықтырылып отыратынын ескертеді [46]. 
Соның негізінде 2019 жылы жазылған зерттеу мақаласында ғалым 
лингвоэкология пәніне әлемнің ұлттық тілдік бейнесі мен ұлттық тілдік сананы 
қосады.
Лингвоэкология пәндік мазмұнын құрайтын зерттеу мәселелерінің 
ауқымдылығына қарай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет