суреттеу және көрсету. Әр кезең оқытудың төрт деңгейін қамтиды: ұсыну,
жаттығу, қолдану, бақылау және бағалау.
Оқытудың бірінші кезеңі эмоционалды концепттің лексикалық және
фразеологиялық қорын ұсынуға бағытталған. Бұл эмотивті лексикалық және
фразеологиялық бірліктердің білім алушылардың сөйлеуінде семантикалану,
қолданысқа түсу тәсілдерінің жиынтығын жүзеге асырады.
Бірінші кезеңде эмоционалды концепттің лексика-фразеологиялық қор
бірліктерін семантикаландыру мен қолданысқа енгізудің тілдік емес әдістерін
де қолдануға болады.
107
Семантикаландыру мен қолданысқа енгізудің тілдік емес әдістеріне
фотосуреттер, коллаждар, смайликтер, суреттер, карикатуралар, газет
иллюстрациялары, мимика, пантомималар, ым-ишаралар және т.б. жатады.
Тілдік тәсілдеріне жататындар: түсініктеме беру, түсіндіру, синонимін
табу, антонимін табу, сөзжасам, контекст, парафраз, ассоциация,
контекстуалдық болжам, салыстыру, бірліктің мазмұнын жетпей тұрған
элементпен толықтыру, т.б.
Оқытудың екінші кезеңі – жаттығулар – студенттердің жадында
эмоционалды концепттің лексикалық және фразеологиялық қорын бекітуге
бағытталған. Сонымен қатар бұл кезең студенттерге эмоционалды концепттің
лексика-фразеологиялық бірліктерінің эмотивті коммуникациядағы қызметін
ұғындыруды қамтамасыз етеді.
Оқытудың бұл кезеңі, негізінен, тілдік тәсілдердің мынадай жүйесінде
жүзеге асырылады: таңдау, алмастыру, ауыстыру, белгісі бойынша
топтастыру, эмоцияларды жеткізудің қарқындылығы, салыстыру, талдау,
мәдени компонентті оқшаулау, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу және т.б.
Оқытудың үшінші кезеңі – қолдану – эмоционалды концепттің
лексикалық және фразеологиялық қорын эмотивті коммуникацияның әртүрлі
жағдаяттарында, соның ішінде серіктеске эмоционалды сөйлеу әсерін тигізу
мақсатында қолдануға бағытталған.
Дербес эмотивті коммуникацияда эмоциялардың вербалдануы, көбінесе,
оларды түсіндірудің экстралингвистикалық құралдарымен қоса жүретіндіктен,
оқытудың осы кезеңінде қолданылатын тілдік емес тәсілдер ерекше мәнге ие
болады. Олар студенттердің эмотивті жағдаяттар мен оларда қолданылатын
эмоционалды концепттің лексикалық және фразеологиялық қоры арасындағы
тұрақты танымдық байланыстардың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Қарым-
қатынастың сәтті болуын және қатысымның оң эмоционалды фонда өтуін
қамтамасыз ететін эмотивті координаттар жүйесін дамытуға жағдай жасайды.
Бұл оқыту кезеңіндегі тілдік емес тәсілдерге пантомима, ым-ишара,
суреттер, кескіндеме, музыка, мүсін және т.б. жатады.
Оқытудың осы кезеңіндегі негізгі тілдік тәсілдерге мыналар жатады:
мазмұндама, баға, пайым, пікір, анықтама, сипаттама, диалог, ойын,
пікірталас, дискуссия, байланысқан монолог сөздерін құру тәсілдері,
мәтіндерді эмотивті мазмұндағы ақпараттармен толықтыру және т.б.
Бұл кезеңдегі ерекше тәсілдер тобын әртүрлі дискурстағы эмоционалды
сөйлеу әсерінің негізінде болатын иландыру, сендіру, дәлелдеу құрайды.
Оқытудың төртінші кезеңі – бақылау және бағалау – эмотивті
коммуникацияны оқытудың диагностикалық-түзету және рефлексивті
қызметтерін жүзеге асыруға арналған. Бұл кезең студенттердің эмотивтік
құзыреттілікті игерудегі жетістіктерін эмоционалды концепттің лексикалық
және фразеологиялық бірліктерін меңгеру арқылы бағалауға және қажет болған
жағдайда оқытушы тарапынан кейінгі әдістемелік әрекеттерді түзетуге
бағытталған.
108
Бұл кезең оқытудың әңгімелесу, сауалнама, пікірталас, талқылау, тест
және т.б. тәсілдерін жүзеге асырады
Эмотивтік құзыреттілікті қалыптастыру мен дамытудың біз ұсынып
отырған
технологиясы
дәстүрлі,
интербелсенді
және
ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды
тиімді
біріктірген
сабақтардың
технологиялық формалары арқылы жүзеге асады:
1) педагогикалық өзара әрекеттің интербелсенді элементтері бар кіріспе
(өзектілігін айқындаушы) және қорытынды (жалпылаушы) дәрістер (оқыту
технологиясының кезеңдері бойынша);
2) аудиториялық және практикалық сабақтар;
3) аудиториядан тыс өзіндік оқу-танымдық және зерттеушілік іс-әрекет;
4) өзін-өзі бағалау шеңберінде технологияның кезеңдері бойынша
ағымдық бақылау жұмыстары;
5) бірлесіп қалыптастыру шеңберінде кәсіби іс-әрекеттің элементтерін
игеру бойынша ағымдық бақылау жұмыстары.
Отандық педагогика бүгінде өзінің бай тәжірибесін халықаралық
тәжірибемен ұштастырып, оқытуды ұйымдастырудың интербелсенді әдістері
мен түрлерінің үлкен шоғырын ұсынады.
Солардың ішінен біз жоғары оқу орындарында оқытудың мынадай
интербелсенді әдістерін қолдануды ұсынамыз: жеке және шағын топтық (3-5
Достарыңызбен бөлісу: |