Жунусова М. К., Кельдибаева А. Е



бет4/7
Дата31.12.2021
өлшемі115,5 Kb.
#21647
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ZHunusova-Keldibaeva-statya

Кіріспе. Қай халықтың болмасын фразеологизмдерінің ішкі формасынан ұлттық нақыш, ұлттық белгілер мен қасиеттер, мәдени-ұлттық менталитетті айқын аңғаруға болады. Олар дер кезінде ұмытылып, қазіргі уақытқа жетпей, өшкен болса, тұтастай бір ұлттың мәдениеті, асыл қазынасы жоғалған болар еді. Фразеологиялық қордан ұлттық мәдени көрініс кеңінен көрініс тапқан. Себебі сол ұлт топырағында қалыптасып, нәр алған сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, афоризмдер ұлттық қор бірліктері ұлт менталитетін, халық өмірінің шынайы тірлігін айқындап бере алады. Мағына тұтастығы, қолданылу тиянақтылығы, даяр қалпында қолданылу ерекшелігі арқасында фразеологизмдер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, өміршеңдігін жалғастыруда. Оларды ұлт өмірінің айғағы десек де болады.

Фразеологизмдер көркем әдебиет тілінің қажеттілігін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын танытатын ең күшті тілдік құралдардың бірі болып есептеледі. Тілдің әдебилігінің сипаттарының бірін, әдеби тілдің даму кезеңдерінің көркемдік ерекшеліктерінің бірін фразеологизмдер танытады. Ж. Қоңыратбаеваның зерттеу жұмысында ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдердің жалпы сипаты, тақырыптық-семантикалық, кезеңдік-құрылымдық, стилистикалық қолданыс ерекшеліктері қарастырылады. Автор ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдерді жалпы мағынасына қарай және ұйытқы болатын сөздерге қарай тақырыптық топтарға жіктейді.

Фразеологизмдерді жалпы мағынасына қарай: 1) Адамды сипаттайтын фразеологизмдер; 2) Алғыс және қарғыс мәнді фразеологизмдер; 3) Қоғамдық-әлеуметтік факторға байланысты туындаған фразеологизмдер; 4) Діни наным-сенімге, салт-дәстүрге байланысты туындаған фразеологизмдер; 5) Өлшемдік ұғымдарды білдіретін фразеологизмдер; 6) Табиғат құбылыстарына байланысты фразеологизмдер деп бөле отырып, кейбір фразелогизмдер мағынасы жағынан бірнеше топқа қатысты болатындықтан, оларды мұндай тақырыптық топтарға бөлудің шартты екендігін ескертеді [1, 78].

Тілдегі фразеологизмдер – тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік қызметі ерекше байқалатын, бірнеше мыңжылдықтар бойына пайда болып, дамып, қалыптасқан, әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі. Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің фразеологиялық қорынан қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына үлесін қосып отырады. Шын мәніндегі ағылшын көркем әдебиетінің ұлы тұлғалары ретінде танылып, Шекспирмен негіздеген жазба әдеби тіл дәстүрін әрі қарай жалғастырған ағылшын жазушылары осы тіл қазынасын мәнді материал, көркем құрал етіп, әдеби тілдің көркемдік дамуын ілгерілетті.

Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі – фразеологиялық қордан ерекше байқалатындығы. Қазақ фразеологизмдері – халық өмірінің айнасы.

Ағылшын тілінің мыңжылдық тарихы бар. Фразеологияны білу публицистикалық қана емес, көркем әдебиеттерді де оқығанды едәуір жеңілдетеді. Фразеологизмдерді дұрыс қолдану тілді идиоматикалық қылдырады. Қазіргі заманғы ағылшын тілінің фразеология әлемі үлкен және көпқырлы.

Фразеологизмдердің ерекшеліктері туралы Р.Авакова былай дейді: «Тіл халықтың рухани байлығының ең қажеттілерін - мифологиясын бойына жинайды. Осындай тіл фактілеріне талдау жасау мәдени тамырларымызға үңіле түсуге, оның құпия сырларын түсінуге септігін тигізеді. Фразеологизмдерді мифтік танымға, әдет-ғұрыпқа, салт-санаға әкеп жүктеу, оларды бір-бірімен байланысты дүние ретінде қарастыруға, оларды мәдениеттің құрамдас бір бөлігі, ұлттық тілдегі бейнесі деп тануға жол ашса, екінші жағынан, ғылымдар сабақтастығын (тіл, мәдениет, тарих, фольклор, этнология, әдебиет және т.б) жан-жақты теориялық тұрғыдан аша түсуге мүмкіндік береді» [2, 79]. Ендеше фразеологизмдер барлық ғылымдар саласымен де тығыз байланысты екен.

Лингвомәдениеттану бағытында салыстырмалы-салғастырмалы түрде әртүрлі тілдердің тілдік ерекшеліктерін зерттеген А.Вежбицкая англо-саксондықтар мәдениетін былайша сипаттайды: «Культура, которая обычно смотрит на поведение, без особого одобрения оцениваемое как эмоциональное, с подозрением и смущением. В этой связи можно обратить внимание на то, что английские непереходные эмоциональные глаголы, как правило, выражают негативные неодобрительные оттенки. Англичанам не свойственно отдаваться чувствам. Сама культура побуждает их be glad, а не rejoіce,be sad но не pіne и be angry скорее, чем fume или rage и т.д.». Одан әрі автор: «Ағылшын тілінен орыс тілінің айырмашылығы оның «активті» эмоционалды етістіктерге (қуану, сағыну, мұңаю, қобалжу, мазасы кету, қайғыру, мақтану, қорқу, үрейлену, ұялу, қызықтау т.б.) бай екендігімен ерекшеленеді. Осы етістіктердің көпшілігі ағылшын тіліне аударуға да келмейді» дей отырып, орыс тілінің етістіктері «-ся» жұрнағының көмегі арқылы жасалған. Бұл сол етістікке сыртқы әсердің ықпалымен эмоциялық реңк үстеледі емес, олар өз-өзінен сондай бояуға ие болып тұрғандай әсер қалдырады» [3, 89], - дейді.

Ғалымдар ұлттық реңктегі фразеологизмді анықтаудың екі бағытын ұсынады: біріншісі – басқа тілдер мен мәдениетпен салыстыру негізінде, екіншісі – оның ұлттық нақышы «басқа тілдермен салыстырмай-ақ белгілі.

Фразеологизмдердің мәдени ерекшелігі оның белгілі бір қоғамның материалды және рухани мәдениетінің элементтерімен, оның тарихи, діни ұстанымдары, дәстүрлері, өмір сүретін табиғи жағрапиялық жағдайымен байланыстылығымен айқындалады. Орыс ғалымы Б.А.Ларин де: «Фразеологизмдер әрқашан қоғамдық жағдайды, сол дәуірдің идеологиясын жанама түрде бейнелейді» [4, 11], - деп тұрақты тіркестердің қоғаммен, өз кезеңінің идеологиясымен тығыз байланысты, соның айнасы іспеттес екендігіне мән береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет