Тұжырым. Фразеологизмдер ұлттық мәдениетті мынадай жағдайларды сипаттауы мүмкін.
1. Кешенді, яғни тұрақты тіркестер компоненттері тұтасып келіп, идиомалық мағынаға ие болған жағдайда. Мысалы, Қазақ тілінде «Шық бермес Шығайбай» тіркесіндегі қолы тар, түк бермес, сараң келетін қазақ байына тән образды бейнелейтін «Шығайбай», ағылшын тілінде: a doupting Thomas (Фома неверующий (Евангелиялық аңыздан енген) // (Қазақ тілінде Сенбеуші Томас). Мұндай тіркестер әр халықта түрлі түсініктерге ие болады да, мұны белгілі ұлт өкілі өзінің ұлттық мәдени біліміне сүйене отырып қана ажырата алады.
2.Ұлттық-мәдени ерекшеліктер фразеологизмдерді құраушы компоненттер қатарынан көрінеді. Мысалы, қазақ тіліндегі алаштың азаматы тіркесіндегі «алаш» сөзі, ағылшын тіліндегі Man Friday (сенімді, жан қияр дос) тіркесінде Friday сөзі өзге ұлт өкілдеріне бірден түсінуге қиындық келтірері рас.
Фразеологизмдердегі ұлттық мәдениет өзінің прототипі – еркін тіркестер арқылы да берілуі мүмкін. Мысалы, қазақ тіліндегі қой ішінде серкедей, тізгінді босату, ағылшын тілінде Live a cat and a dog life (ит пен мысықтай).
Қорытынды. Фразеологиялық бірліктердің ұлттық-мәдени ерекшелігі әлеуметтік, табиғи, жағрафиялық жағдайлармен анықталады.
Ұлттық дүниетанымның сыры мен ерекшеліктері тек ұлт тілі арқылы жетіп танылса, адамдардың материалдық тұрмыс-тіршілігі, қоршаған ортасы және рухани ой-өрісі бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, бұл бірлік мәдени өмір сүру заңдылықтарына сай, сол ұлттың өз менталитетін айқындайды.
Ұлттың мәдени өмірінің көрінісі фразеологиялық қорда ерекше. Онда ұлт менталитеті көрінісі тұтастай қамтылады десек, асыра айтпағанымыз болар. Әр ұлттың тілдік ерекшеліктерінде, ұлт мәдениетінде әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысандары сақталады.
Фразеологизмдерді қарастыра отырып, мынадай ұстанымдарды атап көрсетуге болады.
Фразеологизмдердің басым көпшілігінде ұлттық мәдениеттің «іздері» жатады;
Фразеологизмдерде ұлттық-мәдени бояуы қанық, дүние жайындағы түсінікті бейнелейтін мәдени ақпараттар көздері фразеологизмдердің ішкі формасында жақсы сақталған;
Фразеологизмдердің мәдени-ұлттық ерекшелігін көрсетудегі басты нәрсе – мәдени-ұлттық коннотациясын ашу.
Фразеологизмдер лингвистикалық зерттеулерде тілдің құрымдылық жүйесіндегі аса күрделі тілдік бірлік ретінде жан – жақты қарастырылып келеді және бұл төңірегіндегі мәселелер қай тілде болмасын, тың ойлар ғылыми жұртшылық талқысына түсуде. Сонымен фразеологиялық бірліктердің семантикасы, оның ішкі формасы, коннотация мен фразажасым үрдістерімен байланысты фразеология төңірегінде бірқатар мәселелер әлі де терең зерттеуді қажет етеді.
Тарихи-әлеуметтік өмір тәжірибелерінен шығып, терең де зерделі тұжырым жасалған мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер, нақыл сөздер, қалыпты, орнықты қалыптасқан тіркестер, афоризмдер, фразеологизмдер халық жадында мәңгілік келеді. Әрбір тілде сақталып келген сөздің інжу-маржаны – ата-баба заманына бері жасалып келе жатқан өте көне мәдениеттердің көзі. Ол халықпен біте қайнасып, бірге жасайды. Сондықтан да ол – ел-жұрт өмірінің айнасы, табиғи шындықтың өзі дәлел.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Қоңыратбаева Ж. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер. Канд. дис. автореф. Алматы, 2002. 30 б.
2 Авакова, Р. А. Фразеологиядағы мифологемалар [Текст] / Р. Авакова // Казахстанская правда. - 2001. - №1. - С. 16-20
3 Bежбицкая А. Язык. Культура. Познание. – М., 1996. – С. 201-231
4 Ларин Б. А. О работе над новыми словарями // Вестник ЛГУ, 1960, No 20. С. 151–156.
5 Виноградов В.В. Проблемы русской стилистики. М.: Высшая школа. 1981. 320 с.
6 Кунин А.В. Курс фразеологии современного английского языка. - М.: Высшая школа, 1996. - 381 c.
7 Телия В.Н. Русская фразеология RTF.-Москва:Школа. Языки русской культуры, 1996. - 288 с.
8 Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. - Алматы: Ана тілі, 1998.-303б.
9 Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. – Алматы: Мектеп, 1972. -79 б.
10 М.Н.Баратова. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты. Оқу-әдістемелік құрал. Павлодар, 2007.
11 Диккенс Ч. Приключения Оливера Твиста. Издю ЦК ЛКСМУ «Молодь».1957.
References
1 Konyratbaeva Zh. ХХ gasyr basyndagy kazak prozasy tіlіndegі frazeologizmder. Cand. dis. avtoref. Almaty, 2002. 30 b.
2 Avakova, R. A. Frazeologijadagy mifologemalar [Tekst] / R. Avakova // Kazahstanskaja pravda. - 2001. - №1. - S. 16-20
3 Bezhbickaja A. Jazyk. Kultura. Poznanie. – M., 1996. – S. 201-231
4 Larin B. A. O rabote nad novymi slovarjami // Vestnik LGU, 1960, No 20. S. 151–156.
5 Vinogradov V.V. Problemy russkoj stilistiki. M.: Vysshaja shkola. 1981. 320 s.
6 Kunin A.V. Kurs frazeologii sovremennogo anglijskogo jazyka. - M.: Vysshaja shkola, 1996. - 381 c.
7 Telija V.N. Russkaja frazeologija RTF.-Moskva:Shkola Jazyki russkoj kultury», 1996. - 288 s.
8 Kajdarov A.T. Kazak tіlіnіn ozektі maselelerі. - Almaty: “Ana tіlі”, 1998.-303b.
9 Қozhahmetova H. Frazeologizmderdіa korkem adebiette koldanylui. – Almaty: Mektep, 1972. -79 b.
10 M.N.Baratova. Mashһur Zhusіp olenderіnіn zhanrlyk sipaty. Oku-adіstemelіk қural. Pavlodar, 2007.
11 Dikkens Ch. Prikljuchenija Olivera Tvista. Izdju CK LKSMU «Molod'».1957.
Достарыңызбен бөлісу: |