Жунусова М. К., Кельдибаева А. Е



бет6/7
Дата31.12.2021
өлшемі115,5 Kb.
#21647
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ZHunusova-Keldibaeva-statya

Қорытынды және талқылау. Фразеология жайлы ғылыми туындыларда фразеологизмдердің негізгі үш белгісі қарастырылған: мағына тұтастығы, құрылымының тұрақтылығы және қолданылу тиянақтылығы. Аталмыш белгілердің қатарында фразеологизмдердің бейнелілігі көрсетілмегендігін көрдік. Фразеологизмдердің тұтастығы жай ғана тұтастық емес, бейнелі, мәнерлі тұтастық. Бейнелілік, мәнерлілік фразеологизмдердің басқа белгілері сияқты маңызды белгісі болып табылады. Сөйтіп фразеологизмдер басқа тіл бірліктерінен төрт түрлі белгі-қасиетімен ерекшеленеді: 1) Құрылым тұрақтылығы; 2) Мағына тұтастығы; 3) Даяр қалпында қолданылу тиянақтылығы; 4) Бейнелілігі, мәнерлілігі. Осы белгілер фразеологизм атаулының бәріне тән, тек бірінде толық, бірінде солғын болуы мүмкін. Фразеологизмдердің жоғарыда көрсетілген белгілерін құрылымы немесе мағынасы жағынан оларға ұқсас басқа тіл бірліктерімен (еркін сөз тіркестері, күрделі сөздер, сөйлемдермен) салыстырғанда айқын көруге болады.

Фразеологизмдердің көркем әдебиет тіліндегі маңызы мен рөлі жайлы ғалым Х.Кәрімов: «Әдебиетте шығарма тілін көркемдеп, жандандырып, нәр беруші амалдардың бірі – халық тіліндегі тұрақты фразеологиялық тіркестер. Олар тілдегі бейнелі экспрессивті-эмоциялы бояуы қанық амалдардың қатарынан орын алады. Олар – ұлттық психикалық өзгешелігінің негізінде қалыптасқан образды ойлау тілінің үлгілері, халықтық даналыққа суарылған өткір құралдар» - деп ой түйіндесе, Ә.Қайдаров «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» атты жинағында фразеологизмдердің қолданысы жөнінде: «Фразеологизмы – весьма сложные лингвистические образования. Сложность их объясняется не только множеством структурных типов и синтаксических моделей, но и тематической и семантической многоплановостью, а также способностью выражать самые различные эмоционально-экспрессивные оттенки мысли» - деген [8, 97]. Демек, бұл пайымдауларға қарағанда, ғалымдардың пікірінше, фразеологизмдер – бейнелі ойлаудың жемісі болып табылады.

Фразеологизмдердің мағыналары құрамындағы сөздердің лексикалық мағыналарымен сәйкеспейді, яғни лексикалық мағыналардың жиынтығы емес. Фразеологизмдік мағына дегеніміз – құрамындағы сөздердің не жеке бір сыңарының лексикалық мағыналарының қайта жаңғыртылған жинақты мағынасы. Сол себепті фразеологизмдер семантикалық жағынан біртұтас тіл бірлігі ретінде қолданылады».

Фразеологизмдердің көркем мәтінде атқаратын функциясы – образ жасау, кейіпкерге тілдік мінездеме беруде, кейіпкерді мінездеу белгілі бір жағдаятқа қорытынды жасауда, күлдіргі-ажуа т.б. қызметінде жиі жұмсалады.

Қаламгер Оралхан Бөкей шығармаларында фразеологиялық тіркестер молынан қолданылған. Жазушы өз туындыларында халық тілінің бай қазынасынан көркем сөздің алуан түрлі өрнектерін мақсатты түрде ойына лайықтап алып отырған. Фразеологизмдерді жазушының өз қажетіне сай талғап, жаңғыртып қолдануы, оның ой-пікіріне, эстетикалық талғамына, қоғамдық-саяси, философиялық көзқарасына сәйкес болып келеді.

Х. Қожахметова «Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы» атты еңбегіндегі «Фразеологизмдердің көркем туындылардағы функциясы мен қолданылу тәсілдері» тарауында мынандай тақырыптарды қарастырады: фразеологизмдердің кейіпкерлерді мінездеуге қолданылуы; фразеологизмдердің кейіпкерлердің психологиялық сезім күйін суреттеуде жұмсалуы; фразеологизмдердің әзіл-сықақ қызметінде жұмсалуы; фразеологизмдердің кейіпкер портретін беруде жұмсалуы т.б. [9, 123].

Қазақ халқының рухани жан-жақты дамуына, ұлттық ерекшелікке, ұлттық болмысқа өз шығармаларымен зор үлес қосқан ақын-жазушылардың туындыларын зерттеп, олардың қаламына іліккен, қаламынан туған көркемсөз үлгілерін талдап, таразылап, анықтау қазіргі кезде өзекті мәселе екендігінде дау жоқ. Әр қаламгер заман озған сайын тілдік қолданыстар, соның ішінде фразеологизмдерді құлпыртып, жаңғыртып, жаңартып қолданады.

Әр халықтың ұлттық мәдени ерекшеліктері оның ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ой сандығынан көрініс табады. Сол ой сандығын орынды, ұтымды пайдалану – сол ұлттың даралығын сипаттайтын ерекше етіп бағалайтын, сол заманды толыққанды суреттейтін тілдік құралы деп есептейміз. Ал осы құралды қолдануда ақын- жазушылардың шеберлігі ұшан-теңіз.

Сонымен қатар ақын-жазушылар шығармаларындағы фразеологизмдерді қарастырдық:

1. Фразеологизмдердің түрлі сөз табынан екендігі, сөйлем мүшесі қызметін атқаратындығы анықталды.

2. Ақын-жазушыларымыз халық тіліндегі ойға жан бітірер бейнелі тұрақты тіркестерді қолдануда шеберлік танытты.

3. Етістікті, есімді фразеологизмдер дайын күйінде де, авторлық өңдеумен де ақын-жазушыларымыздың шығармасында молынан кездеседі.

Мәселен Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінде қолданыс өрісі кең сөздер кездеседі. Ақын тіліндегі көңіл сөзінің қатысуымен жасалған фразеологизмдер адамның ішкі жан дүниесінің, психологиялық жай-күйін білдіреді: «Күлігім бар!»,-деп, мен жүрмін көңілім тойып; Махаббат, мархабатлы болмаған соң, Уыз жас қалды көңілім замандастан; Менменсіген талайдың көңілін бастым; Кісінің көңілін жықпаған; Біреуді жақсы көріп, жылы тартсаң, Кіршіксіз болып көңілің ақ қағаздай.

Ертеден келе жатқан тіркестерге жан бітіріп, мағынасы жағынан жуық емес сөздерді шендестіріп, тіркесімділік қабілеті жоқ сөздерді байланыстырып, жаңа мағынамен байытудың жолын көрсеткен үлгілері: Көңілің бір өлік еді жансыз жатқан; Көңілдің ел қалмаған жайлауында; Көңіліме ерте қонған сөздің ауылы және т.б.

Көңіл сөзі ақын танымында аналогия, ассоциация сияқты ойлау процесі заңдылықтарының нәтижесінде туындайтын ұғымдардың атауы, жаңа лексикалық мағына туғызуға негіз бола алады. Ол – фразеологизм жасауға тірек сөз бола алатын тілдік бірлік.

Ақынның фразеологизмдерді жаңартып жұмсау тәсілі, халық тілі үлгісімен жасалған, өз қаламынан шыққан қанатты сөздері қазақтың ауыз әдебиеті тілімен ұштасып жатқандығын дәлелдейді. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы фразеологизмдердің окказионалды қолданыстары жасалу тәсілі жағынан сан алуан. Ақын жалпыхалықтық тілдің тұрақты тіркес құрамынан ең қажетін талғай отырып, мүмкіндігіне орай оларды түрлендіріп пайдаланады. Тұрақты тіркестерді жаңғыртып, өңдеп, құбылтып, айшықты сөздермен толықтырып қолдану арқылы фразеологизмдердің мәнмәтіндегі мәніне экспрессивті-эмоционалды реңк беріп, көркемдегіш қасиетін құлпыртып, стилистикалық қызметін күшейтеді, прагматикалық мақсатын айқындай түседі [10, 102].

Осы орайда Шекспирмен негіздеген жазба әдеби тіл дәстүрін әрі қарай жалғастырған ағылшын жазушылары шын мәнінде ағылшын көркем әдебиетінің ұлы тұлғалары ретінде танылып, осы тіл қазынасын мәнді материал, көркем құрал етіп, әдеби тілдің көркемдік дамуын ілгерілетті.

Фразеологизмдер көркем шығарма тілінде тек тілдік көркемдеуіш құрал ғана емес, халықтың, ұлттың дүниетанымы мен мәдениетін, салт-дәстүрін жеткізуші құрал қызметін де атқарады. Сондай-ақ олардың көркем шығарма тілінде үнемі дайын тілдік тұлға түрінде ғана қолданылмай, қажетті тұстарда құрылымдық жағынан өзгеріске түсіп қолданылатын жағдайлары да жиі кездеседі. Оған жазушы Ә.Кекілбаевтың шығармаларындағы фразеологизмдердің құрылымдық, тіркесімділік сипатындағы ерекшеліктерін талдау арқылы көз жеткізуге болады. Мысалы. Кеше бұнымен теке тіресіп арыстандай арпалысып жүргендердің көздеріне қалай құм құйылды? («Махаббат мұнарасы»). Әмірші аузына қандай берік болса, құлағын әркімнің аузына төсеп отыра алмайды, оған біреудің өсегін тыңдағанынан гөрі басындағы алтын тажды жұлып ап, сасық ауыз өсекшінің алдына түкіргіш қып қойғаны әлдеқайда дұрыс («Махаббат мұнарасы»).

Берілген сөйлемдердегі теке тіресіп, көздеріне (қалай) құм құйылды, аузына (қандай) берік, құлағын (аузына) төсеп тіркестері құрылымдық-тұлғалық жағынан бірқатар өзгерістерге ұшыраған.

Қазақтың әдеби тілінде көркем шығарманы әсірелеу, көркемдеу тәсілдері үшін фразеологизмдерді қолданудың орны ерекше. Фразеологизмдер арқылы шығарма мәтінінде айтылатын ойға айрықша нәр, мәнерлілік беріледі. Сондықтан да фразеологизмдерді – көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап бейнелей суреттейтін тілдегі дайын құрал деп есептейміз. Олар – халық даналығынан сусындаған образды ойлау тілінің үлгісі болып табылады.

Ағылшын жазушыларының шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуынан мынадай жағдайлар аңғарылады. Мұнда сөздердің фразеологиялық тіркесінің кеңеюі және олардың әрқилы өзгеріске түсуін көреміз. Мәселен, бұрын тіркеспеген, бір-бірімен байланысқа түспеген сөздерді жазушы алуан түрлі құбылту нәтижесінде қилы-қилы қызықты комбинация құрады. Мұндай жаңашылдықтың бәрі де әрине тілдің заңдылықтарына мүлде қайшы келмей, қайта сөздердің тіркесу қабілетіне сай фразеологиялық топтар негізінде жасалады. Сонда көптеген сөздер мен жаңа жасалған тұрақты тіркестердің семантикасын анықтап, олардың көркемдік ажарын мүмкіндігін толықтыра түседі.

Ч.Диккенс «Оливер Твист» романында фразеологизмдерді өте көп қолданған. Мысалы: the run of one’s teeth – 1) тегін тамақ, тегін тамақтандыру; демеу, көмек. 2) ауыспалы мағынасы – дамымау, дамуды тоқтату; құлдырау; ызғындау. a run of luck (немесе of good luck) – бақытты шақ, бақытты кезең, жолы болғыштық, үнемі жолы болу. the kid (немесе the kinchin) lay жарг. – көшеде баланың ақшасын ұрлау. set one’s heart (немесе mind] on (немесе upon) something [немесе set one’s mind to something) – бірдеңеге ұмтылу; бірдеңені қалау; бірдеңені қатты тілеу. What’s the row? – 1) бұл қандай шу? Неліктен бұндай шу? Андағы қандай шу? 2) не болып жатыр? Не болды? Қандай жағдай жүз берді? Қандай жағдай болды? Қандай оқиға болды?

Ч.Диккенстің «Оливер Твист» романындағы фразеологизмдерді аудару мәселесіне келетін болсақ, бұл мақсатта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылған. Ч.Диккенстің «Оливер Твист» романындағы фразеологизмдерді аудару барысында біріншіден, фразеологизмдердің жалпы мағынасы берілген [11,6].

Екіншіден, фразеологизмдерді аударуда олардың қазақ тіліндегі фразеологизмдермен мәндес келетіндігі ескерілген.

Үшіншіден, көптеген фразеологизмдер сөзбе-сөз аударылған.

Фразеологизмдердің грамматикалық, стилистикалық және функционалдық өзгешелігі бар.

Ч.Диккенс пайдаланған фразеологизмдердің өзіндік ерекшеліктері бар. Фразеологизмдер көркем әдебиетте қашан да белгілі бір сөйлем ішінде беріледі. Олай болса бұларды сөйлеммен байланысты тексерген дұрыс. Кейде бұлар өзара синоним болып та жұмсалады. Бірақ мұның сыры әдеттегі синонимдерден басқаша. Фразеологияның грамматикалық ерекшелігі дегенде осы қасиетін, яғни сөйлемде белгілі бір грамматикалық формада, белгілі бір сөз табын тілейтінін айтамыз. Сөйтіп ол грамматикамен әсіресе морфологиямен байланысты. Ал лексикологиямен байланысты болатын себебі, онда лексикалық сөздердің болатындығынан. Фразеологизмдер белгілі бір сөйлем мүшелері ретінде көрінетіндіктен синтаксиспен де тығыз байланыста [11,7].

Сонымен қатар, Ч.Диккенстің романдарында адамға кері байланысты беретін зоономинантарға өте үлкен мән беріледі. Соның қатарында «иттің» бейнесі жетекші зоометафоралар қатарында, бірақ «ит» үлгісін тек бір ғана лексикалық бірлігін қолданады, аталған бейненің «көптік» формасын Ч.Диккенс қолданады (қараңыз dog – ит; еск. жексұрын, сұмырай, сұрқия, арамза,; whelp –күшік; пренебр. жексұрын; cur – зәнталақ; оңбаған; сұм немесе дөрекі, қорқақ адам; spaniel – спаниель; жағымпаз, жарамсақ; hound – тазы ит; дөрекі. ит, сұм).

«Түлкі/түлкілер» бейнелері ағылшын жазушысы Ч.Диккенсте «айлакер» ретінде, сонымен «арам» адамды суреттеуге қолданады. Оның жұмысында бар жануарлар атауларының неғұрлым кең жүйесі биологиялық қасиеттері бойынша, және соның салдарынан, адами қасиеттер атауы олардың жынысына байланысты (ағылшын тілінің танымында қазымыр адамның бейнесі түлкімен суреттеледі– салыс. vixen – a female fox; a nasty, bad-tempered woman; айлакерлік және жылпостық «түлкімен» ассоциаланады [жабайы жануарлар] түлкі,).

Ч.Диккенстің шығармаларында «сотқар» және «жанжалқойды» атағанда «әтеш» бейнесін пайдаланған. (салыст. old cock –кәрі әтеш; young bantam –жас бентамдық әтеш). Ағылшын тілінде адамның мінез-құлқын сипаттағанда қолданылатын түрлер бейненің айқын және анық болуына қызмет етеді (салыс. cock – әңг.бұзақы, жанжалқой ; bantam [бентамдық әтеш ] – жанжалқой-бойы аласа = «нағыз әтеш» [11,66].

Ағылшын тілінде қазақ тіліне қарағанда негізгі 3 ядролық компонентермен көрсетілген (bag –сөмке, box – қорап, pot – қыш құмыра), ағылшын тілдік тұлғаның әртүрлілігін анықтайтын қасиеттер.

Мысалы, адамның сыртқы келбеті келесідей бірліктермен ұсынылған: pot – әңг.қызық емес, жағымсыз қыз; bag of bones –әңг.өте арық адам; potbelly –әңг.қарны қампиған адам.

Ақымақ адамды атауға келесідей номинантар қолданылды: ratbag – разг. ақымақ; pothead –әңг., кемсау.

Адам тұлғасының езбелік, алаяқтық, арсыздық сияқты қасиеттері келесідей бірліктермен суреттеледі: rattle-box – әңг. мылжын, езбе; chatterbox – әңг. мылжын, езбе; ratbag – әңг. алаяқ; saucebox – әңг. арсыз, әдепсіз.

Тұрмыс тіршілікте қолданатын заттар арқылы адамның әлеуметтік және кәсіби жағдайын сипаттауға болады (bagman –кедей,кезбе; panhandler – әңг. қайыршы; priest of the blue bag – әңг. адвокат; green-bag – юрист), оның адамгершілік қаситеттерін (half-pint – разг. пасықтық; scumbag – әңг. пасық; suck-bottle – әңг.ішкіш; bottle baby – әңг.ішкіш; pot-walloper – әңг. ішкіш). Ағылшындықтардың әлемнің тілдік картинасында қоғамда қабылданған бағалауды және мәдени дәстүрлер сипаттамаларын атап көрсетуге ұғымның және қасиеттердің бірнешесі айқындаған. Ч.Диккенстің шығармаларында бейнелік және бағалық номинантарды талдау ХІХ ғасырда адам номициясының микро және макроконтекстінде біркелкі қағидаттардың болуы дәлел болады, бұл дегенміз ұлттық және жеке әлем картинасының ажырамас байланысында. ХХ ғасырдың ағылшын көркем әдебиеттінде адам номинациясының қарастырылуы, аударманың ерекшеліктері, сонымен қазіргі заман үдерісіндегі лексика мен фразеология ағылшын тілдік тұлға санасында өзгерістердің орын алғандығын көрсете алады, ал бұл келешек зерттеулердің міндеттері бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет