Сем
|
СОӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Жарнама: пайда болуы, жарнама туралы түсінік.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
2
|
Ақпарат беру құралдары бойынша жарнаманы жіктеу
|
2
|
1
|
3
|
3
|
3
|
Саяси жарнаманың тарихы
|
2
|
1
|
3
|
3
|
4
|
Саяси жарнаманың Қазақстанда пайда болуы
|
2
|
1
|
3
|
3
|
5
|
Саяси жарнаманың типологиясы
|
2
|
1
|
3
|
3
|
6
|
Жарнама тарату құралдары. Баспасөздегі жарнама.
|
2
|
1
|
3
|
3
|
7.
|
Телеарнадағы жарнама
|
2
|
1
|
3
|
3
|
8.
|
Радиожарнаманың ерекшеліктері
|
2
|
1
|
3
|
3
|
9
|
Ғаламтордағы жарнама
|
2
|
1
|
3
|
3
|
10
|
ХХІ ғасырдағы жарнама тарату технологиясы
|
2
|
1
|
3
|
3
|
11
|
Жарнаманың психиологиялық негізі
|
2
|
1
|
3
|
3
|
12
|
ҚР аумағындағы жарнаманың негізгі талаптары
|
2
|
1
|
3
|
3
|
13
|
Жарнаманың этикалық және заңды негіздері
|
2
|
1
|
3
|
3
|
14
|
Жарнама бюджеті
|
2
|
1
|
3
|
3
|
15
|
«Продакт плейсмент» - жасырын жарнама
|
2
|
1
|
3
|
3
|
Барлығы
|
30
|
15
|
45
|
45
|
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ:
Лекция 1. Жарнама: пайда болуы, жарнама туралы түсінік.
Жарнама жайында ең алғаш түсінік 1700 жылы Англияда пайда болды. Кітаптар, газет журналдардың жарнамалары ретінде. Жарнама дегеніміз не? Бұл сұраққа жарнама агенттері әр түрлі жауаптар береді. Қазіргі жарнама «әкесі» аталған Альберт Ласкер оған мынандай түсініктеме береді. «Жарнама – бұл баспа түріндегі сауда». Осындай анықтама радио мен телевидение пайда болмай тұрып берілді. Бұл кездерде жарнаманың ауқымы мен сапасы бүгінгімен жер мен көктей айырмашылығы бар еді. Жарнама жайлы әртүрлі анықтамалар бар. Ол қатынас өтім ұйымдастыру, эканомикалық және әлеуметтік процесстер – қоғаммен байланыс жасаудың бірден-бір көзі болып анықталуы мүмкін. Сонымен, жарнама – бұл ақпарат беру, әдетте төленетін және сенім пікірін тудыратын құрал. Ол көбіне өнім мен жарнама таратушының ойын іске асырумен айналысады.
Жарнама нышандары адамзаттың өзін-өзі танып, саналы тіршілікке көшкен уақытында пайда болды деуге негіз бар. Адамдардың алгашқы томаға-тұйық қауымдастықтарында өмірге келген жарнама дами келе мәдени факторға айналып, тіл, діл, дін, әдет-ғұрып сияқты өзге де объективті алғышарттармен бірге адамзат дамуының өркениеттік ұғым-түсінігін қалыптастырды. Ал, ақпарат алмасу тұрғысынан алғанда өркениет дегеніміз ең биік деңгейдегі мәдени қауымдастықтың, аралас-құраластық пен сан қырлы байланыстың, яғни коммуникацияның жоғары даму сатысы. Жарнама нышандарын алғашқы қауымға кауіп-қатер төнгенде дабыл (сигнал) кағарлық міндетті орындаған, бір тайпаның адамын келесі тайпаның өкілінен ажырата білген әлеуметтік акпарат ретінде қарастыруға болады. Тайпа мүшесінің сақал-шаш жіберуінен, киім киісінен, денесінің түрлі бөліктеріне таңба салуынан осындай ақпарат «көзге ұрып тұратын». Бүл кезеңде жарнама нышандарының экономикалық сипатынан элеуметтік бағыты басым болды, яғни осы арқылы билік тұтқасын ұстаған өкілетті тұлғалар, ауқатты топтар қарапайым халықтан айырмашылығы болды.
Жарнаманың даму үдерісін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады:
Б.д.д. ІІІ мыңжылдық - б.д. V мыңжылдық - жарнаманың ілкі тарихы (ежелгі дәуір, антикалық кезең және антикадан кейінгі кезең);
VІ-VІІ ғғ. - орта ғасырлар (феодализм дәуірі, өнеркәсіпті цехтық тәсілмен ұйымдастырудың қалыптасуы);
ХVІ-ХҮП ғғ. - Ренессанс және ағарту дәуірінің жарнамасы;
ХІХғ.-ХХ ғ. басы - индустриялық өндірістің және капиталистік экономиканың даму кезеңі.
Қазіргі заманғы жарнама әуелі протожарнама түрінде пайда болды. Протожарнама бұқаралық ақпарат құралдары мен бұқаралык коммуникация жүйесі қалыптасқан қазіргі жарнама пайда болар алдындағы ақпараттық-жарнамалық қызметті білдіретін тарихи-мәдени құбылыс саналады. Ежелгі протожарнаманың пайда болуы біздің дәуірімізге дейінгі З-ші мыңжылдықпен таңбаланады. Культтік протожарнама (рулық және тайпалық тотемдер), меншік белгілері (таңба, штамп, мөр), авторлық белгілер (сигнатуралар) протожарнамалық формаларға жатады.
Жарнама жасалу жолына қарай: өзіңдік немесе «үй жайындағы» жарнама берушінің өзі жасаған; жарнама агентімен дайындалған: дайын (ескі жарнама рөліктерінің ойналуы).
Жарнама көркемділік безендіру жағынан: қара – ақ, біртүсті, екі түсті, түрлі – түсті, мәтінді, суретті, фото, пайдаланылған және де затты жарнамалар: брелок, оттық, қалам, кәдесый, т.б. Сонымен қатар «тірі» жарнамалар да бар. Бұған модельдердің дүкендерде жүріп, атақты фирма киім үлгілерін көрсету жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |