Жарнаманың негізгі функциялары: -эканомикалық (утилитарлы) – бұл сауда көлемін көбейтіп, кірісті арттыру;
-ақпараттық шығарушылар – бұл белгілі бір тауарлар жайлы толық ақпарат беру;
-маркетингтік (коммерциялық) – тауардың сауда нарығында жылжуына себеп болады;
-қатынасты (идеологиялық) – бұқараға назар аудартады;
-тәрбиелі (ұйымдастырулы) – жарнаманың бұқара санасына әсер етуі;
-мәдениетті – эстетикалық қанағаттанушылықты толықтырады.
Жарнама мақсаты: -сауда нарығын кеңейту;
-бұқараға тауар жайлы хабарлау;
-фирманың атағын, тауар белгісін қалыптастыру және ұйымдастыру;
-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау;
-қарсыластарға тойтарыс бере алу.
Сонымен, жарнама – бұл ой, және де оны пайдаланушыға жеткізе білу шарт.
Жарнама мәтіні: Жарнама біреудің не бірнәрсенің көпшілікке танылуы жолындағы мүмкін деген барлық әдіс-тәсілдермен таныстырып, тұтынушыға қажет тауарлар жайлы толыққанды ақпарат береді. Қызмет көрсету саласынадғы басымдылықты көрсету арқылы сұранысты арттырып қана қоймай, эконмика, мәдениет пен саясатқа елдің белсене араласуы үшін, осы салаларға да шолу жасайды.
Жарнаманың артықшылығының крийтерилері деп – оның объектілігін, қамтыған қажетті ақпарат пен адресатқа көрсетілген нұсқауын айтуға болады.
Жарнама мәтінін құрауда төмендегілерді ескерген жөн. Олар: сөздік қоры бай тіліміздің барлық мүмкіндіктері, оңтайлы құрылымы, жарнама көрерменіне және тыңдарманына әсер ету психологиясы мен психологиялық қабылдау мүмкіндіктері.
Жарнамалық мәтiндер ақпараттық, еске түсiретiн, сендiретiн болып бөлшектенедi. Жарнамалық мәтiнiнде маңызды әр түрлi лексикалық - синтактиялық және бейнелеу құралдар көмегiмен жарнамалық түрдi қалыптастыруды білу. Жарнамалық түр зат туралы нақты ұсыныстарды құрады және оқырман немесе тыңдаушының мiнез-құлықтарына ықпал ететiн нақтылы сезiмдер шақырады. Жарнамалық түр жарнама жасалатын заттың жеке ерекшелiктерi және ұқсас заттардың топтарына тән жалпылама түрлерін есепке алуымен қалыптасады.
Жарнамалық мәтiннің нормативтiк сипаты болады. Ол әдеби тiлмен жазылуы керек. Әдеби нормалар жарнамалық мәтіннің құрастырылуында есепке алынады. Әдеби норма - таралған қазiргi - тiл нұсқалары iшiнен қоғамда озат қолдану, сөз пайдалану, грамматиканың сөйлеу тәжiрибесiне бекiнген.
Әдебиеттер:
Негізгі: [1.7.8]; [ 1.5.12]; [1.9.17;]; [1.3.18]
Қосымша: [1.7.6]; [1.3.8]; [2.7.11]