Журналистика кафедрасы


Лекция 2. Ақпарат беру құралдары бойынша жарнаманы жіктеу



бет8/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42
Байланысты:
amangeldieva zharnama tarih

Лекция 2. Ақпарат беру құралдары бойынша жарнаманы жіктеу

Сыртқы жарнама (визуалды) – «ашық аспан астында» орналасқан арнайы уақытша немесе стационарлы құрылымдарда бекітілетін мәтін, графикалық түріндегі жарнама, сонымен қатар ғимараттардың, үйлердің жоғары бөлігінде, көше жабдықтары элементтерінде, көшесің жүретін бөлігі немесе жол бойларында орналасқан түрлері.


Билбордтар мен тақталардағы жарнама - биллбордтардың мәлімділігінің өсуі, ең алдымен олардың орналасуына жеңіп алған орындарына әсер етеді. Ең маңызды трассалар мен магистральдарда орналасқан биллбордтар, ереже бойынша жүргізушілер мен жолаушылардың назарындағы қолжетімді құралға айналады.
«Призмавижен» құрылғысында орналасқан жарнама - жедел және қайталанып ауысып отыратын тақтадағы үш бейне – бұл жаңа идея емес. Адамның көзі кеңістіктегі аздаған өзгерістерді тез байқайды. Американ ғалымдарының зерттеуінше, 2000 –нан астам адамның 91 пайызы өзгеріп тұратын бейнелерді байқаса, жүргіншілердің 19 пайызы ғана аналогтық статистикалық суреттерді байқайды екен.
Призмаларды қолдану техникалық және жарнамалық мақсаттар үшін өте таптырмас әрі сәтті шешім болды. «Prismavision» құрылғысының үсті тығыз орналасқан үшжақты призмадан тұрады, өз осінің айналасында осы призмалар айналып тұратындықтан бейне өзгеріп отырады. Үш суреттің тез өзгеруі (бір секунд ішінде) және «болжамсыз фактор» мен кезекті сюжеттің айқындылығы адамның назарын аударып қана қоймай, оны эмоционалды жағдайда ұстайтынын атап өту керек.
Аялдамалардағы және лайтпостерлердегі жарнама -көлікті күте отырып жолаушылар түрлі бояулы плакаттарға қарайды. Көбінесе мұндай байланыс ұзақтығы аздаған секундтардан тұрмайды, көлік күтудің бар кезеңінде 10 минутқа дейін болуы мүмкін.
Жүгіртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады.
Дами отырып, сыртқы жарнама адамзат өмірінің бардың жаңа саласын меңгеріп келеді.
Бүгінгі күні көлік құралындағы жарнама өзге жарнама тасымалдаушыларға қарағанда арзанырақ. Сонымен қатар оның тиімділігі де кем қалмайды. Өзінің әдісінің күшіне қарай көліктегі жарнама тұтынушыға ұзағырақ әсер қалдыратынын атап өту керек. Бұл жарнаманы «қабылдамау эффектісін» тудырмастан, жарнама ақпаратының есте ұзақ сақталуын жоғарылатады.
Жарнама түрі оның мақсатымен тығыз байланысты, ал мақсат өз кезегінде тауар, жұмыс немесе қызмет тұтынушыларына бағытталады.жарнаманың түрін таңдамас бұрын, мақсатты анықтап алу қажет:

  1. тұтынушыдан аталмыш тауар, қызмет туралы белгілі бір дәрежеде білім деңгейін қалыптастыру;

  2. тұтынушы ойында нақты фирма образын қалыптастыру;

  3. тауар, қызмет түріне деген қажеттілікті қалыптастыру;

  4. фирмаға дұрыс көзқарас қалыптастыру;

  5. аталмыш фирмаға тұтынушының келуін қамтамасыз ету;

  6. дәл сол тауарды сол фирмадан алуға тұтынушыны бұру;

  7. тауар өтімін немесе қызметті қолданысқа енгізуді ынталандыру;

  8. тауарайналымды жеделдету;

  9. аталмыш тұтынушыны сол тауардың тұрақты сатып алушысы, фирманың тұрақты клиенті етуге тырысу;

  10. басқа фирмалармен сенімді серіктес ретінде байланыс орнату.

Осы мақсатта жарнамалар аталмыш жарнама бағытталған шешімге мақсаты бойынша 3 топқа біріктіру қажет:
ИМИДЖ-ЖАРНАМА - мақсаттар 2,3,4,10
ЫНТАЛАНДЫРУШЫ ЖАРНАМА - мақсаттар 1,5,6,7,8
ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАРНАМАСЫ - мақсаттар 5,9,10
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. [1.5.8]; [ 1.3.18]; [1.10.19;]; [1.3.14]
Қосымша: [2.7.9]; [2.7.17]; [2.8.18]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет