Журналистика кафедрасы



бет2/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
amangeldieva zharnama tarih

1.3. Пререквизиттер
Пән аясында студенттер оқып-үйренуге, меңгеруге тиісті мәселелер:
- Жарнама тарихын танып-білу барысында студенттер өзара байланыс процесінің даму кезеңдерімен, әлеуметтік-экономикалық саладағы, коммуникациялық секторлар мен мемлекеттік құрылымдардағы жарнама инститтутары мен түрлі жарнама орталықтарының қызметімен танысады;
- курстың барысында студенттер паблик рилейшнздің мәнін, мағанасын, қоғамдағы ролін және қазіргі азаматтық қоғамдағы PR-жарнаманың даму ерекшеліктерін үйренеді. Әлеуметтік басқару жүйесінің ерекше түрі ретіндегі қоғаммен байланыстың қалыптасу тарихы мен даму жолдары жан жақты оқытылады.
- жарнама теориясы мен тәжірибесін жаһандану процесіндегі өркениеттің аясында қарастыра отырып, қоғамдық пікірді талдау мен мониторингтің қазіргі әлеуметтік қызметінің мәліметтері мен деректерін қолдану, оқытуда жарнама шығару техникалық құралдарын, БАҚ-та жарияланған жарнама материалдарын, отандық PR-жарнама технологиясының тәжірибесін пайдалану студенттердің паблик рилейшнздің табиғатын, оның жан-жақты қырлары мен болашағын жете түсінуіне мүмкіндік береді.
1.4. Постреквизиттер
Белгіленген курс тарихи жарнаманың талдануы жайында, яғни журналистика саласына қатысты. БАҚ-тағы жарнама пәні негіздік пәндер қатарына жатады. Аталған пән «Журналистикаға кіріспе», «PR журналистика», «Қоғаммен байланыстың қазіргі технологиялары», «Халықаралық және отандық PR» пәндерімен тығыз байланысты және БАҚ құралдарының маңызды бөлігін құрып, студенттерге ақпарат әлемі жайлы мағлұмат береді. «Жарнама тарихы» пәні журналистика мамандығы бойынша негізгі пәндердің бірі болып саналады.
Бұл пән журналистика мамандығы бойынша негізгі тарихи қағидаларды және әмбебап кешендік білімді береді.

1.5. Пәннің қысқаша мазмұны
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнаманың рөлін анықтау үшін БАҚ мақсатын, міндетін, құқығын және олардың ішкі құрылымдық ерекшеліктерін білу шарт. Курстың пәні – жарнамалық технология, даму, үйлесімді және БАҚ қолданысының міндерін қарастырады. БАҚ жарнаманың ерекшелігін қарастырады.
Курстың мақсаттары:
1.БАҚ мен жарнама технологиясының қарым-қатынасын қарастыру
2. БАҚ-тағы жарнаманы жанрлық және түрлілік жағынан қарастыру
3. БАҚ жарнаманың даму сатысын болжау
4.БАҚ-тағы жарнаманың дәрежелік әсерін анықтау және керісінше
Курстың теориялық және методологиялық мақсаты нормативтік актілер мен құқық, шәкіртақы сияқты мәселелер төңірегінде Барманқұлов айтқанддай тоқталуға болады.
Пәнді оқытудың міндеттері:
Қоғам өмірінің мәдени, қоғамдық-саяси саласындағы, мемлекеттік құрылымдардағы, коммерциялық секторлар әлеуметтік-экономикалық саласындағы қоғаммен байланыс бөлімдерінде жарнамамен айналысатын бөлімдердің қызмет ету ерекшеліктерін, жұмысты ұйымдастырудың принциптерін басқаруды үйрету;
әлеуметтік-корпоративтік жауапкершілік және кәсіби мінез-құлық;
PR-жарнаманың негізгі бағыттары және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын сипаттау; Осы курсты меңгеру барысында студенттер жарнама агенттіктері, PR кампаниялары, мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметі т.б. салаларда кәсіби маман ретінде сауатты жұмыс істей білуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет