Баспасөздегі жарнама. Баспасөз жарнамасы әлемде ең көп таралған жарнама түрі болып табылады. Оған дәстүрлі түрде газеттер мен журналдардағы жарнаманы жатқызады. Көптеген елдерде жарнамаға бөлінетін жалпы қаржының басым үлесі осы баспасөз жарнамасына тиесілі. Мәселен, Швецияда - 93%, Нидерландта - 83%, Германияда - 75%, Ұлыбританияда - 64%, АҚШ-та - 53%, Австралияда - 48%, Италияда - 43%.
Жарнама жеткізуші тиімділігі көрсеткіштерінің бірі - оның тұтынушылар назарын аудару қабілеті болып табылады. Баспасөз жарнамасының шамамен 50%-ы ақпаратты өндеудің осы алғашқы кезеңінен өте алмайды. Міне сондықтан да медиажоспарлау кезінде баспасөз жарнамасының өзіне назар аударту мүмкіндігін арттыратын факторларды есепке алуға тура келеді.
Нақты жеткізушісіне қарамастан баспасөз жарнамасының барлығы төрт құрылымдық элементке: безендіруге, бас тақырыпқа, мәтінге және сауда маркасының сыртқы атрибуттарына негізделеді.
Осы аталғандардың қай-қайсысы да стандартты құрамдас бөліктер болғанымен, марканың сыртқы атрибуттары бірден-бір міндетті элемент болып табылады. Мәселен, газеттер мен анықтамалықтарда орналастырылатын кейбір жарнамалық хабарландыруларда безендірудің болмауы мүмкін. Келесі біреулерінде тек безеңдіру мен марканың атауы немесе эмблема (әдетте бұл трансформациялы баспасөз жарнамасы болып табылады) болуы ықтимал. Үшінші біреулерінде безендіру, бас тақырып пен марканың атауы немесе негізгі мәтіні жоқ эмблема (жылжымалы сыртқы жарнама және постерлер) болады. Және, ең соңғыларында марканың атауы немесе эмблема (спорт шараларындағы демеушілердін «визит кәртішкелері») ғана жүреді. Соған қарамастан баспасөз жарнамасының барлығы осы негізгі төрт элементті пайдалана алады. Баспа БАҚ-тары ішінде ең көп таралған жарнама жеткізушілер газеттер мен журналдар болып табылады.
Әдебиеттер:
Негізгі: [1.7.8]; [ 1.5.12]; [1.9.17;]
Қосымша: [1.3.4]; [1.3.8]
Лекция 7. Телеарнадағы жарнама
Телеарна жарнамасы – бұл жарнама таратудың ең қымбат, теоретикалық, тиімдірек түрі. Телевизиялық жарнаманың әсері екі факторды айқындайды: кең ауқымды қамтиды және кешендік әсер қалдырады (визуалды, дыбыстық және мәтіндік). Жарнамалық роликтің қандай болатыны ең алдымен, жарнамалық компанияның мақсатына байланысты. ТВ жарнама қымбат тұратын бұқараны өзіне бағындыратын қару болып табылады. Сондықтан қате немесе нақты анықталмаған радиожарнамаға арзанқол болғандықтан болар, ілеспелі тауар ретінде қарау әлі күнге жалғасып келеді. Алайда телеарнажарнамасының артықшылықтарын білдіретін бірқатар ерекшеліктері бар:
Жалықтырмау: Теледидар жарнамасын тұтынушыға жағымдырақ, сонымен бірге есте жақсы сақталады – адам оны көзбен көру арқылы картинкамен адамды қызықтыра алады;
Икемділігі: Телеарнада жасалған жарнамалық тұжырымдаманы біз кез келген ақпарат тасымалдаушыға көшіріп ала аламыз. Жақсы түсірілген ролик арқылы ТВ өз көрерменін арттыруы мүмкін;
Жылдамдық: Теледидар — бұл шапшаң ақпарат, жоғары дәрежедегі жедел коммуникация. Теледидарда таңертең бір ролик шықса, кешке - екіншісі.
Теледидар жарнамасы - жарнамалық әсер етудің ең тиімді формасы. Теледидар тауардың немесе қызметтің кең танымал болуына жәрдемдеседі. Аудиторияны жаппай қамту мүмкіндігі жөнінен бұқаралық ақпарат құралдарының ешкайсысы да онымен теңесе алмайды.
Адам ақпаратты өзіндегі арналардың барлығы арқылы алады. Теледидар экранынан алынатын ақпаратгың 70%-ына дейінгісі визуалдық коммуникация үлесіне тиеді. Визуалдык коммуникация жеңіл қабылданып, тез жатталатын мәтіндерді туғызады. Теледидар коммуникацияның визуалды (көру) және вербалды (айтылу) сияқты негізгі түрлерін қамтиды. Міне, сондықтан да оның ең басты ерекшелігі - жарнаманың мақсатты аудиториясының көруі мен естуіне бірдей эсер ету мүмкіндігінде. Бұл арнайы әдіс-тәсілдерді (эффектілерді) қолдануға кең мүмкіндік береді, сол жерде қатысу әсерін туғызады, жарнамалық хабарландырудың жатталуының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Теледидар адамдардың тұрмыс салтына және ойлау үрдісіне әсер етеді, бұл оны бұқаралық коммуникацияның тиімді құралы деңгейіне көтереді. Теледидардың танымалдығы және оның тех-никалық мүмкіндіктері теледидар жарнамасының халықтың ең қалың топтарына жеткізілуіне мүмкіндік береді. Әсіресе Батыс аудиториясы үшін күнделікті құбылысқа айналғандықтан теледидар жарнамасы теледидар хабарының құрамдас бөлігі ретінде қабылданады.
Теледидар жарнама берушіге тиімді жоспарлау мен жарнамалық стратегияны өмірге енгізудің бірегей мүмкіндігін ұсынады. Осы арқылы жарнаманың эфирге шығуының күніне, сағаты мен минутына дейін оңай бақылап отыруға болады. Сөйтіп, мақсатты аудиторияны дұрыс белгілеуге мүмкіндік туады.
Әдебиеттер:
Негізгі: [1.10.15]; [ 1.5.14]; [1.11.18;]; [1.3.17]
Қосымша: [1.6.12]; [1.2.15]; [2.7.6]