Журналистика кафедрасы



бет26/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
amangeldieva zharnama tarih

Теледидар жарнамасы. Теледидардағы жарнаманың өз ерекшеліктері бар. Ішкі рынокта бұл ақпарат пен жарнаманың ең көп таралымы бар газетпен салыстырғанда әлдеқайда ауқымды бұқаралық құралы болып табылады. Теледидардағы жарнама төрт негізгі бағытқа бөлінеді:
• Банк туралы сюжеттер түсіріп, оларды белгілі бір уақытта беріліп тұратын танымал телебағдарламаларға шығару, оларда банк туралсы мәлімет тартымды көрсетілуі керек, оның ұсыныстарынын тиімділігі мен бірегейлігі түсіндірілгені жөн.
• Жаңалық бағдарламаларындағы банк туралы сюжеттер.
• Жоғары көркемдік және техникалық деңгейде жасалатын имидждік бейнероликтер, бұлар жарнамалық ұсыныстың жоғары сапасын айрықша атап көрсетеді. ВЕТАСАМ форматындағы ұзақтығы 30-60 секунд екі ролик: сомасы 20-30 мың.
• Бейнероликтерді ең қызғылықгы уақытта (ргіте Ііте) кинофильмдерде, телесериалдарда, жаңалыктарда, арнайы шолуларда орналастыру.
Банктің бейнероликтерін жасау, телесюжет түсіру және көрсету жөнінде шартқа отыру, сомасы 70-120 мың.
Радиодағы жарнама. Радиожарнама коммерциялық ақпарат таратудың икемді құралы болып табылады. Ол банк қызметін иланымды көрсетуге, проценттік кесімдер, депозиттер туралы жедел хабарлауға мүмкіндік береді.
Тікелей эфирде берілетін жаңалықтар мен бағдарламаларда жедел ақпарат тарату үшін алдын ала эфир уақытын сатып алу қажет. Сомасы – 5-10 мың.
Қалқандардағы, көліктегі жарнама, жарық жарнамасы.
Жарнаманың бұл түрлері тиімді келеді әрі өзге жарнама түрлерін толықтырып отырады. Олардың әсер ету тиімділігін газет жарнамасымен салыстыруға болады. Жүргіншілер мен жолаушылардың назарын көлемі үлкен, көркем безендірілген жарнама бірден аударады.
Қалқандар мен көліктегі жарнаманы "ақпараттық" және "беделдік" деп бөлуге болады. Олардың қай-қайсысы да көңіл аулауға, банк ұсынысының артықшылықтарын әйгілеуге бағытталған.
Жарнаманы қаржыландыру, жоғарыда атап өткеніміздей, банктің рынокта иеленетін үлесіне және алға қойған мақсаттарына тікелей қатысты болады. Қазақстан банктерінің тәжірибесі жарнама, оны жүргізу, қаржыландыру тәсілдері туралы пікір түюге мүмкіндік береді. Әлемдегі экономикалық ахуалға сәйкес банк жүйесі қайта құрылуда. Бұл банктердің жарнама қызметіне де әсер етуде.
Әдебиеттер:
Негізгі: [1.7.8]; [ 1.5.12]; [1.9.17;]; [1.3.18]
Қосымша: [1.7.6]; [1.3.8]; [2.7.11]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет