Лекция 15. «Продакт плейсмент» - жасырын жарнама
Про́дакт пле́йсмент (ағылш. тілінде product placement, сөзбе сөз аударсақ, бұл өнімді жайғастыру; жасырын жарнама мағынасында) – кино, телебағдарлама, компьютерлік ойын, музыкалық клип немесе кітаптағы реквизит шынайы коммерциялық аналогқа ие болған жағдайдағы жарнамалық әдіс. Көбінде жарнамаланып тұрған өнім немесе оның логотипі көрсетіліп, сапасы жайында айтылады.
«Продакт плейсмент» екі жағдайда қолданылады - шығындардың бір бөлігін өтеу үшін, немесе кино не бейнеклип жасап отырған топ пен танымал бренд арасындағы байланысты көрсету үшін; орындаушы/режиссердің танымал брендке жылы көзбен қарайтынын көрсету мақсатымен де жасалынуы мүмкін.
Бұл әдістің тарихы 1929 жылдан басталады. Мультфильм мен комикстердің кейіпкері теңізші Попай консервіленген шпинатты жеп, өзіне күш-қуат беретін. Бұл хикаядан кейін АҚШта консервіленген шпинатты сатып алу 30 % ұлғайды. Осылайша Spinach Can фирмасы (Честер, Иллинойс штаты) үшін бұл мультфильм үлкен демеу жасады, ал Product Placement негізгі жарнама таратушы құрал ретінде пайдаланылды.
Кейін келе бұл әдіс үшін көп кинокомпаниялар және бренд иелері арнайы Product Placement бөлімдерін ашып, бұл саланың мамандарын тарта бастады. Дәл қазір Голливудтың өзінде бұндай агенттіктердің саны 200ден асады. Көрші ел Ресейде де жасырын жарнаманы кең қолданады. Ресей телехикаяларында алкогольді өнімдерден бастап, балаларға арналған дәрумендерге дейін жарнама жасалынады. Соңғы кино туындыларын еске түсірсек, Т. Бекмамбетовтың «Қара найзағайында» мерседес, ресейлік әлеуметтік желі, айфон, Ментос және басқа да брендтер жарнамаланды. Бекмамбетовтың «Шолғыншыларында» да, «Тағдыр тәлкегінде» де продакт плейсменттің мысалдары жетерлік. Бұл шынымен де нәтижелі жарнама әдісі. Ресейлік Anno Domini атты агенттіктің ақпараты бойынша, жыл сайын телекоммуникациялық компания AT&T кинода 500, Ford компаниясы – 350, ал Mercedes – 650 жайғасым жасайды екен.
Сарап орталығы “Левада-центрдың” зерттеуі бойынша 2008 жылдың өзінде ресейлік респонденттердің жеті пайызы жарнамаға «көбінде» сенеді, ал «толық» сенетіндер бір пайызды құрады, жарнамаға сенбейтіндер 27 пайызға жетті. Сол себепті өнімдерді жаңа арналар арқылы көрсетуге тура келеді. Тағы айта кететін бір жайт, ресейлік нарықта Продакт плейсмент жарнама түрін бүркелемей, жиі ашықтан ашық көрсетіп тұрады. Мысалы, телесериал не кинода бренд аты толық көрсетіліп, кейде аты да аталады. Бұны көрермендердің психологиясы не жарнамаберушілердің тілегі деп түсінуге болады.
Әдебиеттер:
Негізгі: [1.7.8]; [ 1.5.12]; [1.9.17;]; [1.3.18]
Қосымша: [1.7.6]; [1.3.8]; [2.7.11]
Достарыңызбен бөлісу: |