ЌК-2 пјні ЌК-1 пјнініѕ жалєасы болып татылады


Құрылыс алаңындағы еңбекті қорғау



бет10/13
Дата23.08.2023
өлшемі2 Mb.
#105505
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
17.08.2023

6.2 Құрылыс алаңындағы еңбекті қорғау

Қоршаған ортаны қорғау. Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялык іздеулер кезеңінен бастап жүзеге асыра бастау кажет. Көлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұрақты, уақытша жолдарды да icкe жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол бермеуге тиіс. Іздеу жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейім жерлерді шамадан тыс көп суландыруға және көшкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және басқа да кажетті шараларды ойластыру керек. Іздеу жұмыстары аяқталғанынан кейін шурфтарды және басқа косымша казылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.


Құрылыс алаңы тал-шіліктерден және бағалы емес ағаштардың түрлерінен тазартылады, бұл жұмыс құрылыс салынатын территория ішінде жүргізіледі. Құрылыс алаңын дайындағанда топырактың өсімдік өсетін кабаты өтe ұкыптылыкпен алынып, құрылыстың басқа жерлерінде немесе баска учаскелерінде көгалдандыру мақсатында пайдаланылуға тиic. Ағаштардың түптердің атжалдағы топырақтармен жабуға болмайды, өйткені кейбір ағаш тұқымдары одан қурап қалады.
Жерасты коммуникацияларын жобалау және тарту жұмыстары құрылыстын, бас жоспары бойынша жүргізіліп, жоба катан сақталуы керек. Жер жұмыстарын, оның ішінде ipreтacтap мен жертөле кұрылыстарын салу жобадағы белгілерге сәйкес катаң сақталып, жургізілуге тиic.
Тұракты немесе уақытша орнатылған су деңгейін төмендеткіш қондырғы дренаж өсімдіктерің өсіп-өнуіне әсер етуіне қарай 300 метрге дейін қашықтықта орнатылады. Қондырғы мен дренажды салғанда оған жақын территорияда шпунтты қабырғалар тұрғызылады.
Құрылыс салынып жатқан территорияда сақталуға тиіс ағаштар мен бағалы көшеттер арнайы қоршаулармен қоршалады, тамыр жүйелерін қорғайтын тиicтi гумус қабаты сақталуға тиіс, ал ағаштың діні ағаш қораптармен жабылады. Ағаштардын және көшеттердің бағалы түрлері жобада көрсетілгендей нөмірленіп кабылданады, ал оларды өткізу aктi бойынша дендрологтың катысуымен жүргізіледі.
Ағаштар басқа жерлерге механикаландырылған әдіспен отырғызылады. Ағаш тамыр жүйесінін айналасындағы топырақпен бipгe ойылып алынады, ал оны кранмен көтерген кезде арқанмен ілетін жерлері арнайы қаптамалармен оралады. Егер ағаш басқа территорияға апарылатын болса оның тамыр жүйесі ағаш жәшікпен қапталады. Қыста ағаш тамырының, топырағы қатып калған жағдайда оны қаптаудың кepeгi жоқ.
Үймереттін жерүсті бөлігін тұрғызғанда территорияны шаңдатпас үшін құрылыс қалдықтары мен қоқысты шығарып тастап отыру керек. Олар арнайы контейнерлерге тиеліп төгіледі немесе қораптармен қабылдау бункерлеріне түcipіледі. Құрылыста жарамсыз деп табылған құрылыс бұйымдары мен белшектерін және пайдаланылмаған құрылыс материалдарын көмуге болмайды. Осы сияқты құрылыс алаңында материалдардың қалдықтарын, әсіресе битум негізіндегі орамаларды, айырушы материалдарды, бояғыштарды, автоқаптағыштарды және басқада ауаны ластайтын қоқыстарды жағуға болмайды.
Объект жобада керсетілген көріктендіру және айналадағы территорияны көгалдандыру жұмыстары біткеннен соң су, ауа газ тазартатын кұрылыстарды алдын ала техникалық кабылдаудан, осы секілді қатты қалдықтар территориядан шығарылғаннан кейін ғана пайдалануға қабылданады.
Арматураны дайындау жұмыстарында, жұмыс орнын қоршау керек. Дайындалған арматураларды сақтау үшін арнайы орындар жасалады. Жүретін жерлер ашық жерлер жабылады. Арматурамен жұмыс кезінде, жұмысшылар өтіп жүретін жерде һ=1,8 деңгейде қорғайтын жабдық жасалады. Конструкцияларды отырғызу, құрау кезінде арасына салынатын бетон қоспасының беріктілікке тексерілуі тиіс.
Әр ауысым сайын қауіпсіздік жабдықтары толық тексеріліп отырады. Сұйық заттарды көтеретін ыдыстардың бүтіндігі көтеру ілгектерінің мықтылығы мұқият тексеріледі. Сұйық құйылатын ыдыс пен бетон төселген жердің арасы 1м болуы керек. Бетон қатқан кезде оның сыртындағы қорабы алынады. Осы кезде қорабтың құлауын болдырмауға назар аударылады. Құлаған жағдайда ағаш жабдықтарды сындырып кетуі мүмкін. Бетонды ұрып тығыздайтын жабдықтармен жұмыс кезінде сақ болған дұрыс. 
- жабдықтарды қолмен дұрыс ұстау;
- жұмыс алаңында басқаның болмауы;
- жабдық гайкаларын қатты бұрап отыру керек;
-аппарат әр 30-35мин кейін сөндіріліп, салқындатылып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет