5 СҒЗЖ: Құрылыс процестерін жобалаудың негізгі ережелері
Технологиялық жобалау өзімен ең аз техника – экономикалық көрсеткіштер мен жоғары сапалы құрылыс өнімін шығаруын қамтамасыз ететін құрылыс процестерін орындау үшін ең жақсы ұйымдастыру – технологиялық шешімдерін табуын көрсетеді. Ең жақсы шешім көптеген мүмкіншілік шешімдер ішінен негізгі техника – экономикалық көрсеткіштерді: өзіндік құнын, ұзақтылығын және еңбек сыйымдылығын салыстыру және таңдау арқылы үйлесімді вариантты табуды қарайды. Сонымен технологиялық процестерді өндіру варианттарын жасауды жұмыс өндірісінің жобасы құрамына кіретін технологиялық карта, еңбек процестер картасы түрінде жүзеге асырылады. Құрылыс процестерін жобалау оларды әр түрлі технологиялық варианттар мен орындауды жасауды, технологиялық сенімділігін есептейді және оны құжаттауды қарайды (ҚМжЕ 3.01.01– 85). Технологиялық жобалаудың мұндай қорытынды құжаттарына жұмыс өндірісінің жобасы, технологиялық карталар және құрылыс өндірісінің еңбек процестерінің карталары жатады. Жұмыс өндірісінің жобасы (ЖӨЖ) – технологияны орындау мерзімін және құрылыс – жинақтау жұмыстарын қаржылармен қамтамасыз ету тәртібін анықтайтын және үймереттер мен ғимараттардың бөліктерін тұрғызу бойынша өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі жетекші құжат ретінде пайдаланатын жоба және бұған кіретіндер: объект бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары немесе кешенді торлы график; құрылыстық бас жоспар; технологиялық карталар; құрылыс түзілістері, бұйымдары, материалдар және жабдықтардың объектіге түсу графигі; объект бойынша жұмысшы кадрлары және негізгі құрылыс машиналары жылжу графигі; геодезиялық жұмыстар өндірісі бойынша шешім; қауіпсіз техника бойынша шешімдер; технологиялық инвентарь және жинақтау жабдықтар тізімі; уақытша жүйелер жасау бойынша шешімдер; техника – экономикалық көрсеткіштер. Жұмыс өндірісінің жобасы құрылысты ұйымдастыру жобасында қабылдаған негізгі шешімдерді және жергілікті ұйымдастыру–техникалық жағдайларды есепке алып жұмыс сызбалары негізінде құрылыс ұйымы жасайды. Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) техникалық жобаның құрамында жобалық мекемесінде жасалады. Жұмыс өндірісінің жобасында (ЖӨЖ-де) құрылыстық бас жоспардың, құрылыс мерзімінің шешімдерін дәлелдейді, құрылыс–жинақтау процестерінің орындау әдістерін, материалдық, энергетикалық, техникалық және еңбек қаржылары қажеттілігін, еңбек қорғау шарттарын анықтайды. Технологиялық карта (ТК) – құрылыс – жинақтау жұмыстарының жиі қайталанатын түрі, өндірістің ұтымды және тұрақты технологиясын іске асыратын және жұмыс өндірісінің жобасы орнына немесе оған қосымша ретінде пайдаланатын құжат және бұған кіретіндер: пайдалану саласы; жұмысты орындауды ұйымдастыруы және технологиясы; еңбек шығындарының, машиналық уақыттың және еңбек ақысының каькуляциясы; жұмыс өндірісінің графигі; материалдық – техникалық қаржылар; қауіпсіздік техникасы; техника–экономикалық көрсеткіштер. Технологиялық карта төрт топты мөлшерлік құжаттарды бейнелейді: І – картаның пайдалану саласы және технологиялық талаптар; ІІ – технологиялық ережелер; өнім алу тәсілдері және әдістері; ІІІ – техника – экономикалық көрсеткіштер; IV – материалдық – техникалық қаржылар. Еңбек процестерінің картасы (ЕПК) - жиі қайталанатын өндірістік операциялары бар қандай болса да өндірістік процестің ұтымды және тұрақты технологиясы іске асыратын және әдістерін, орындау жағдайларын және осы операцияларды материалдық – техникалық қаржылар мен қамтамасыз етуін анықтайтын құжат. Еңбек процестерінің картасын қажетті техникалық – экономикалық көрсеткіштерді және өндірісті қауіпсіз жүргізу арқылы жоғары сапалы жұмысты қамтамасыз ететін құрылыс өндірісін қазіргі заманның деңгейіне сәйкес келетін озат тәжірибені зерттеу және қорыту негізінде жасайды. Мұнда мынадай мәліметтер келтіріледі: пайдалану саласы, еңбек процестерінің ұйымдастырылуы; операциялар бойынша график және звено (бригада) жұмысшылар арасында жұмысты бөлу; еңбек шарттары. Құрылыстық бас жоспар деп құрылыс мерзімінде тұрғызылатын және пайдаланатын негізгі жинақтау және жүк көтеретін механизмдер, уақытша үймереттер, ғимараттар және қондырғылар орналастыруды көрсетілген алаңның бас жоспарын айтады. Құрылыстық бас жоспары әдетте құрылыстың әр мерзіміне және құрылыс процестерінің әр түрлеріне, мысалы үймереттің жерасты бөлігіне, жерүсті түзілістерді жинақтауға, шатыр жасауға және т. б., жасалынады. Объект бойынша жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары деп тұрғызу мерзімі және жүйелілігі, құрылыстың кезеңдері бойынша шығындары және басқалары анықталған құжатты айтады. Сөйтіп жұмыс өндірісінің жобасы құрамында құрылыс процесін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар (технологиялық карталар, еңбек процестерінің карталары, құрылыстық бас жоспары мерзімдік жоспар) жасалады, материалдық – техникалық және еңбек шығындары есептеледі және құрылыс процесін іске асыруға қабылданған мерзімдерге сәйкес оларды пайдалану жүйелілігі анықталады. Сонымен құрылыс процестерін жобалауда күрделі процестерді орындаудың әр түрлі технологиялық варианттарын жасауды және техникалық – экономикалық көрсеткіштерді салыстыру негізінде олардың ең тиімдісін таңдауды ескереді. Салыстырылатын варианттардың тиімділігін бағалайтын негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштер: құрылыстың өзіндік құны, еңбек сыйымдылығы және ұзақтылығы болады. Жұмыс құны өзімен жұмыстың осы түрі көлем бірлігі өндірісінің материалдық, еңбек, энергетикалық және басқа шығындарды ақшалай түрде көрсетеді ҚЖ = ( Е + M + П + Кш ) Кқ /QЖ , Мұндағы Е – жұмысшылардың еңбек ақысы; M – дайындық – қойма қаржыларын және объект қоймасына жеткізу құнын қоса алғанда материалдар, бұйымдар және түзілістер құны; П – машиналар, иеханизмдер және құрылғылар пайдалану шығындраы; Кш – көлік шығындары; Кқ – қосымша шығындарды есепке алатын коэффициент; QЖ – орындалған жұмыстардың көлемі. Жұмыс еңбек сыйымдылығы адам–күн (ад–күн) немесе адам–сағатпен (ад–сағ) көрсетілген жұмыстың осы түрі көлем бірлігін орындау үшін еңбек шығындарының мөлшерімен анықталады Е = ЕЖ / QЖ , Мұндағы ЕЖ - жұмыстың осы көлемін орындаудың жинақтық еңбек шығындары; QЖ - орындалған жұмыстардың көлемі. Жұмыстың ұзақтылығы нақтылы құрылыс процесі жұмысының нақтылы көлемін орындауға шығатын уақытпен (сағат, ауысым, апта, ай) анықталады. Кешенді процестің және оның құрамына кіретіндердің ұзақтылығы процесті орындауға қабылданған әдіске ( жүйелі, жарыспалы, тасқынды ) байланысты. Бәсекелес варианттарда құрылыс ұзақтылығы бірдей болған жағдайда экономикалық салыстыру мына формула бойынша анықталады. ЭЭ = ( C1 – C2 ) + EМ (K1 – K2 ) , Мұндағы C1 , C2 – салыстырылатын варианттар бойынша құрылыс – жинақтау жұмыстарының құны; K1 , K2 - салыстырылатын варианттар бойынша жұмыстарды орындағанда пайдаланатын негізгі және айналым өндірістік қордың құны (машиналар, жабдықтар, механизмдер және т. б.); Ем – тиімділіктің мөлшерлік коэффициенті. Ем = 0,14 – 0,19.