6.3 Өртке қарсы іс-шаралар Өртке қарсы шаралар. Жобаланған ғимараттың конструкцияларын оттан қорғау үшін тұзды ерітінділерімен өңдеу талаптары қойылған. Ғимарат 2.01.02.85 ҚМжәнеЕ «өртке қарсы нормалар» талаптарына сәйкес орындалады. Су желілерінің (құбырының) үйге кірер тұсында өрт сөндіретін желіні жалғау үшін диаметрі 150мм жалғайтын қалпақша орнатылады. Сырттағы өртті сөндіру үшін алынатын су шығыны -15 л/сек
Өртке қауіпсіздігі жөнінен бас корпус «В» котегориясына жатады. Өрт кезініде адамдарды үйден эвакуация жасау үшін жобада ені 1,31 м болатын 3 есік есік қойылған. Жоғарғы қабаттан екі баспалдақ торлары арқылы эвакуация жасайды. Алғашқы қорғаныс құралдары (өртсөндіргіштер, су, шелек, т.б.) эквуацияға сәйкес (есік, терезелер сыртқа қарай ашылады.) өрттен қорғаныс сигналдары тағы басқалар қарастырылған. Ғимаратта негізінен өртенбейтін құрылыс конструкциялары жобаланған. Өрт сөндіру базасы 2,5 км қашықтықта орналасқан.

Өрттің алдын алу шаралары
- құрылыстық-жобалау;
- техникалық;,
- ұйымдастырушылық;
Құрылыстық-жобалау шаралары -ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдарын жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларын бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.