21
Келешегінен көп үміт күтетін бір жас автор «қырық
құлаш қыл
шылбардан аттың мойнына тұзақ салды» депті. Осы бір сөйлемде екі қате бар:
біріншіден, қыл шылбыр құлаш болмайды; - қыл арқан қырық құлаш болуы
мүмкін; екіншіден, қазақ аттың мойнына тұзақ емес, бұғалық салады, тұзақты
құсқа құрады.
Қазақ тіліндегі мәндес сөздердің бәрі бірдей әдеби, қолдану аясы кең
бола бермейді. Сондай сөздің бірі – «кезігу». Сонымен қатар әрбір синоним
қатарына енетін сөздер жазған жазуда, сөйлеген сөзде аздап болса да стильдік
өң алып тұруға тиіс. Мысалы: «жүзіңді көруге ынтықпын», «дидарыңды көруге
ынтықпан» дегендер бір емес: «жүзің» – қарапайым, «дидарың» - эмоциялы,
поэтикалық сөз. Мәндес сөздердің осындай
жақтарын елеп қолданудың
орнына өзгелерге түсініксіз, әдеби тілде көп қолданылмайтын «соныларын»
жазуға әуестіктен пайда жоқ. «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігінің» авторы
Ә.Болғанбаев жолдас та мәндес сөздердің қатарын көрсеткенде, олардың
әдеби, әдеби емес екенін айырмайды, оның үстіне мағынасы алшақ сөздерді де
бір ұяға енгізіпті. Мысалы, үнемі, өнебойы,
әруақытта, әрқашан, әрдайым,
ылғи сөздерінің синонимдік қатарына «әмен», «әмсе», «мүләйім», «үртіс»
сөздерін қосыпты (343-бет). «Әмен», рас, «үнемі» деген мағынадағы сөз, бірақ
ол әдеби емес, диалектизм ғой. («Бір бұл емес, бұл жігіттің маған әмен істейтіні
- осы»). Ол сөздікте жоқ «бойлай» да солай. Ал әмсе, мүләйім, үртіс – мүлде
басқа мағынадағы сөздер. Біздегі сөздіктерде, осындай, талғам болмаған соң,
әдеби тілде дөрекі сөздерді қолдануға тыйым салу да қиын.
Әдеби тіл жалпыға ортақ болғандықтан, ол мүмкін болғанша сымға тізге
моншақтай түзу, кедір-бұдыры жоқ тегіс, әрі айқын болуға тиіс. Ал, белгілі
мығынаны толып жатқан әдеби сөздердің бірімен айтудың орнына, қайдағы
ұсқынсыз бір бұлдыр, бұралқы сөздерді пайдалану мәдениеттілікке жатпайды.
Мысалы, бет, жүз, келбет, дидар, мүсін, бейне... сияқты синонимдер тұрғанда
«пошын» сөзін қолдану мүлде дұрыс емес: «Өзіне таныс пошындардың біріне
де ұқсамайды» («Қ. әд. »).
Сондай-ақ бағзы біреу (кейбіреу), өбу (сүю), құдды (дәл, нақ), әйбет
(жақсы), бәден (дене), әмсе (және де), ғұмыр (өмір), әтеш (қораз) сияқты
сөздерді диалогта болмаса, автор сөзінде қолдану әдеби тілдің сиқын бұзады.
Осыдан келіп әдебиетте сөзді тыңдап, талғап қолдану керек деген міндет
қойылады.
Бірқатар
жас авторлар халық тілінің, әдеби тілдің табиғи байлығын,
заңды құрылысын қомсынып, қалайда «жаңалық» тауып,
сырты сұлу, іші
қуысқа әуестенеді. Анығында, «сөздің қарапайымдылығы – ең үлкен
данышпандық». Мақалдар мен халық өлеңдері әр уақытта қысқа келеді, оларда
ой мен сезім ұшан-теңіз.
22
Тілде жаңалық болмайды емес, болуға тиіс.
Бірақ ол тілдің ішкі заңы
негізінде, тілде бар дәстүрді, норманы бұзбай, соларды дамыта, қалыптастыра
түсу үшін іздену жолымен жасалады.
Қазақ тілінде «неғұрлым» үстеу емес, жалғаулық қызметіндегі сөз. Орыс
тіліндегі бірінсіз-бірі айтылмайтын «в том, что», «так, как» сияқты оның да
«солғұрлым» деген екінші сыңары бар: «
Достарыңызбен бөлісу: