17
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман!
(Махамбет)
- Жібермен, жібермен, қызыл түлкі!.. Алдымда тау тұрса да тайынбан!
(Ғ. Мұстафин).
Грамматикалық тұлғаның негізгі нормадан өзгеше болып ауытқуы бұл
арада заңды:
-ман (басқа варианттары да)
тұлғасы осындайда -май+мын
қосымшалары орнына жұмсалғанда, ерекше стильдік қызмет атқарады: егер
бармаймын, айтпаймын жай болымсыздық хабар болса, барман, айтпан деген,
істі істеуден қайсарлықпен, үзілді-кесілді бас тартқандықты білдіреді. Мұны
нормадан
жөнімен ауытқу деп тауып, сондайды дұрыс қолданған кісілерді
қоштап отыру керек.
Қазақ тілінде қалау райдың 1-жақ көпшесінің үш түрлі қосымшасы бар:
Негізгі
тұлға
-йық//-йік: барайық, келейік, білейік. Сонымен қатар
әдебиетте кейде
-лық//-лік және
-лы//-лі тұлғалары қолданылады:
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
(Ы. Алтынсарин)
Мекен іздеп жігіттер, кел-кетелі,
Ортасында Көктөбе белгі етелі,
Азаматтар, жалықпай тыңдасаңыз,
Қозы Көрпеш-Баянды сөз етелі.
Қозы Көрпештің» Жанақ нұсқасы)
Бұл екі мысалдағы тұлғалардың екеуі де негізгі қосымша ретінде оқта-
текте кездеседі. Оның алдыңғысы (-лық) бір іске шақыру, үндеу мағынасында
айтылса, соңғысы, барсана, келсана сөздеріндегі қосымшалар сияқты, ескірген
тұлға. Мұндайлар тарихи кейіпкердің сөзінде жұмсалса бір сәрі, бірақ қазіргі
әдеби тіл үшін оларды қолдану дұрыс болмайды. Сондықтан оқиықтың орнына
оқылық деп айту жөнімен ауытқу болады.
Ал барасыз, келесіз дегендерді – барасыңыз, келесіңіз деп айту, аласым,
бересім дегендерді – алажағым, бережағым деп айту, баратын, келетін деген
сияқтыларды – баратұғын, келетұғын не барулы,
келулі деп айту,
жиырмасыншы деудің орнына – жиырманшы деу,
мектепте оқыдым демей,
мектептен оқыдым деу – әрине, нормадан жөнсіз ауытқулар. Бұлар тілде бар,
бірақ әдеби емес. Мысал келтірейік: