К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы


мініпсіңіз,  Ойын-күлкі сәулетпен  жүріпсіңіз



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
Алтаева жазбаша сөйлеу мәдениеті (1)

мініпсіңіз, 
Ойын-күлкі сәулетпен 
жүріпсіңіз, 
Жібек сұлу дегеннің аулы жақын, 
Бар еді, балам, қандай жұмысыңыз?
(«Қыз Жібек», 27) 
Мұндайды диалогте, халық ауыз әдебиетінде қолдануға болар, ал автор 
сөзінде, қазіргі әдебиетте қолдану барып тұрған дөрекілік болады.
Дегенмен ондай нормадан жөнсіз ауытқуларды да қазіргі әдебиеттен көп 
кездестіреміз. Оның екі себебі бар: біріншісі – тілдегінің бәрін «алтын» деп 
тану болса, екіншісі – кейбір ақын-жазушылар, журналистер әдеби тілдің 
нормасы болатынын, оны сақтау керек екенін елемейді. Сондайға тағы бір 
мысал: - Ой, пима шешуді ұмытып барамын екен ғой... Сен өзің жар сағына 
білмейсің екен ғой (Ж. Тілеков, «Қайнар», 184,186). Мұндағы ұнамсыздық – 
баяндауышқа жалғанған жіктік қосымшаның «екен» көмекшісіне жалғанбай, 
одан бұрынғы етістікке жалғануында. Дұрысы - ...ұмытып барады екенмін 
ғой... Сағына білмейді екенсің ғой. Бұл – норма. Ж. Тілековтың кейіпкерінің 
аузына салғаны – нормадан ауытқу. Сөйлеу тілінде ол бар. Сондықтан 
қарапайым кісінің аузынан бұзылып шыққан ондай сөз саптау да, әлгідей 
орайы келгенде, жөнімен ауытқу болады.
Ондайды автор баяндауында, ертеректе, әдеби тілдің онша 
қалыптаспаған кезеңінде, елеусіз кемшілік деп қарайтын болсақ, енді таңырқай 
қарауға тиістіміз. Мысалы: 
Әдеби 
Әдеби емес 
өлімсіреп 
жауласатын 
сансыз көп 
жазалаушылар 
түсінік беру 
өлеусіреп 
жауығатын 
санаусыз көп 
жазагерлер 
түсініс беру 
Мұндағы әдеби емес деген мысалдар көркем әдебиеттен алынды. Көркем 
әдебиетте грамматикалық нормадан жөнсіз ауытқудың көптігі жазушылардың 
тіл ерекшелігіне әуестігінен болса керек.
Грамматикалық тұлғалардың кейбірі әдеби тілдің нормалану процесінде 
жұмсалудан қалып қояды не болмаса өзгеріске ұшырап барып тұрақтайды. 
Мысалы, XIX ғасырдағы әдебиеттерде баяндауыш құрамында «дұр», «ұр» 
қосымшасы жиі қолданылатын: «боладұр», «өседұр», «болұр», «айтұр». 
Сондай-ақ есімшенің -тың тұлғасы ертеде тұғұн, -тұрған, -тұғын болып жазыла 


19 
беретін: «баратұғұн», «келетұрған», «жібертұғын» т.б. Бұл күнде бұлар 
қолданудан қалып барады. Ертеде жалғаулық мен түрліше айтылып, әр түрлі 
жазылатын: «билан», «бірлан», «менен», (бенен, пенен), «мен» (пен, бен). Қазір 
осылардың соңғысы (мен, бен, пен) әдеби нормаға айналды.
Тілде 
жарыса 
қолданылатын 
тұлғалардың 
әдебиетте 
жиі 
ұшырайтындары бар. Мысалы, сұраулы сөйлем тудыратын -ма // -ме де, -мы // 
-мі де әсіресе көркем әдебиетте көп қолданылады. Мысалы: Сұрайсың ба? - 
Сұраймысың? Барасың ба? - Барамысың? Осының алдыңғысы жазба тіл 
стиліне тән де, соңғысы сөйлеу тілі стиліне тән. Сондықтан кейінгілері 
диалогті сөйлемдерде жазылады.
Қазақ тілінде сөйлем мүшелерінің, құрмалас сөйлем компоненттерінің 
орналасу тәртібі бар. Сол тәртіпті сақтамау да жиі кездеседі. Мысалы: «Көріп 
келдім кеше құрылысшыларды», «Түсті ол атынан», «Келмеді ол, мен 
шақырғанда». Бұлай сөйлеу онша жарасымды болмаса да, қарапайым кісіге 
ерсі көрінбеуі мүмкін, бірақ әдеби тілде сөйлейтін, әдеби тілмен жазатын 
мәдениетті, сауатты адамдар грамматикалық норманың өңін айналдырып 
жіберудің өрескел қате екенін білуге тиіс. Ертеректе, «Түркістан уалаяты», 
«Дала уалаяты» газеттері шығып тұрған кезде де, сөйлем құрылысының әдеби 
нормалары берік болмайтын. Мысалы: «Съезді ашты Сергаполдың ойазнай 
начальнигі уасиат айтұб жиналған жұртқа». Бұл күнде де сөйлемді осылай 
құрау кездеседі. Бірақ ондайды сауатсыздық, мәдениетсіздік деп бағалаймыз.
Әдеби тіл грамматикалық кейбір құбылыстарды нормаға айналдырып, 
кейбірін одан шығарып отырады. Мысалы, бұдан біраз жыл бұрын ілік 
жалғауда айтылып, біріне-бірі анықтауыш болатын сөздерді құрастыруда 
тиянақ болмады. Осы күндері «Қазақстан Республикасының Ғылым 
академиясының Тіл білімі институтының директорының орынбасары» 
сияқтылардың ілік жалғауларын ықшамдап, түсіріп айтатын болдық. ҚР
Ғылым академиясы Тіл білімі институты директорының орынбасары. Қазір 
осы – норма.
Тілдің нормалану процесі үздіксіз болып отырады. Сол процесті тездету 
үшін де әдеби тілдің өзіндік өзгешеліктерін дамыта түсу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет