К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
Алтаева жазбаша сөйлеу мәдениеті (1)

 
 


20 
II СӨЗ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІ 
 

6 - дәріс. Сөз қолданудағы стильдік қателер 
Газет-журнал, радио, телеарна, кітап – білімнің қайнар бұлағы. 
Мыңдаған адам олардан жалпы, арнаулы білім, алумен қатар, сөз шеберлігін, 
сауаттылықты, сөзден сөйлем құраудың жақсы үлгілерін де үйренеді. «Қазақ 
әдебиеті» газетінің шыға бастаған қуанышына арнап Мұхтар Әуезовтің «Сәт 
сапарға дос ниет» деп жазған мақаласында әдебиетке мынандай да міндет 
артқан болатын:
«Анық өскелең сапарға ие болған өнерлі әдебиет – сөз жұртының тіл 
өнері жөніндегі тәрбиешісі, көмекшісі. Әрбір жеке ірі шығарма тәрізді жеке 
баспа орны да өз оқушы жұртшылығын тіл өнеріне тәрбиелейді. Біздің 
газетіміз ойдағыдай сапалы тілмен шығып тұрса, оқушы мен жас 
жазушыларды шешендікке, орамды тіл шеберлікке баулиды».
Халыққа ондай тілдік тәрбие беретін баспасөз бетінде, радио, телевизия 
хабарларында әдеби тілдің өнегелі үлгілері аз емес. Әсіресе «мақсатым – тіл 
ұстартып, өнер шашпақ» деген Абай қағидасын жақсы ұғынған С.Мұқанов, 
М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сияқты сөз шеберлерінің шығармалары 
тіл өнерін үйренем деушілердің мектебі болып отыр.
Кең аңғарлы әдебиетімізде тілге шорқақ болмаса да, тіл мәдениеті төмен 
кітаптар, жеке шығармалар жоқ емес. Мұхтар Әуезов айтқандай, «... тілдегі 
жетіспеген олқылық, олақтық, дәмсіз, нәрсіз, сұрғылт жүдеулік пен штамп 
тәрізді арзан қолды схемалық көп болса, сондай міндерді де түзей отыру 
керек». Осындай міні көп кітаптың бірі – Кәмен Оразалин жолдастың 
«Жексен» деген кітабы. Көркем сөз күйін шертемін деп жасандылыққа 
салынған сол автордың кітабынан бірнеше мысал келтірейік:
Анна Ивановна... екі 
иығын тонына сұғылыстырыңқырап түймесін 
салды (83). Қала қардың астында


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет