Тәрбие, оқыту мен білім беруді біріктіруші бастама оқу, тәрбие мен тұлғаны дамытудың бңрлңгңн бейнелеуші педагогикалық процесс болып табылады. Педагогикалық процесс – білім, білік және практикалық дағдыларды игеру, тұлғаның моралды-психологиялық, дене қасиеттерін дамыту мақсатында педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттері. Оның негізінде тәрбиешенің өзіндік белсенділіктерін, педагогикалық өзара әсерлесу және белсенді қабылдау бірлігі ретінде педагогикалық әсер ету жатыр. Нәтижесінде олардың тәртібінен, әрекеті және қарым-қатынасынан өзгерістер көрінеді.
Педагогика ғылымы адам туралы ғылымдардың барлығымен (философия, анатомия, физиология, психология, биология, кибернетика, т.б.) тығыз байланысты болғандықтан пәнаралық түсініктер кеңінен қолданылады – тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру, қарым-қатынас, т.б.
Өзін-өзі дамытудың негізгі сипаттамалары болып табылатындар:
тұлғаның әртүрлі бағыттағы процестері: психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, физиологиялық, философиялық және т.б.
бұл процестердің өзегі – жасаушылық мәні болатындығы болып табылады;
тұлғаның барлық аймағын қамтитын қарама-қайшылықтарды шешетін сандық және сапалық параметрлері болады;
өзін-өзі дамыту тұлғаның өзіне-өзінің белсенді іс-әрекеті нәтижесінде жүреді.
Өзін-өзі дамыту – өзін-өзі өзгерту мен шығармашылық идеяларды іздеуге мақсатты бағытталған саналы түрде мотивацияланған процесс. Өзін-өзі дамытудан дамытудың ерекшелігі – ол кездейсоқ жүреді және ішкі қарама-қайшылықтарды шешу нәтижесінде тұлғалық сапалардың өзгерісі байқалады.
Өзін-өзі дамытудың барлық сатысы: өзін-өзі тану, шығармашылық пен өзін-өзі анықтау, шығармашылықпен өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару бір-бірімен тығыз байланысты және біртұтас күрделі жүйені құрайды.
Ғалым В.И.Андреев тұлғаның өзін-өзі басқаруына қатысты 9 мағыналы қабілеттерді ажыратады: өзін-өзі тану қабілеті, өзін-өзі анықтау қабілеті, өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті, өзін-өзі белсендіру қабілеті, өзін-өзі сендіре алу қабілеті, өз бетінше іс-әрекет жасай алу қабілеті, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру.
Өзін-өзі жетілдіру – бұл мотивацияланған, дербес процесс және өзін-өзі тану, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі анықтау, өзін-өзі басқару процестерімен тығыз байланысты. Оның негізіне тұлғаның өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі жетілдіру мақсат бағыттылығын түсінуі жатады.
Өзін-өзі жетілдірудің қажетті шарттары – басты мәселені қоя алу және басым бағыттағы бірінші мәселені ұтымды шеше алу. Осыған сәйкес уақыт талабына сай келетін мәселені таба алу керек, сондай-ақ, оның басым бағыттарын дұрыс анықтау қажет. Бұл үшін тәрбиешіге өзінің ішкі әлеуетін толық жетілдіруге мүмкіндік беретін мақсатты дұрыс анықтап алу қажеттілігі туады.
Тәрбиешінің кәсіби өзін-өзі дамыту мотивациясына психологиялық талдау инновациялық іс-әрекетке талдау жасаудан бастау алады. Тәрбиешінің кәсіби өзін-өзі дамытуын ояту негізінде тәрбиешінің қажеттілігі, қызығушылығы, әртүрлі бағыттағы танымдық өзгеріс сапалары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |