К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет137/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

«Менеджмент» - латынның «ману» - «қол» деген сөз түбірінен шыққан. «Менеджмент» ұғымына ғалымдар әр түрлі анықтамалар ұсынады. Мәселен, менеджменттің педагогикалық мән-мағынасын қарастырған ғалым Т.М.Баймолдаевтың пікірінше, менеджмент – бұл адамдардың ынтымақтастығы, адамдардың өзара қарым-қатынас тәсілі, нәтижесі, адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің ерекше формасы.
Ю.А.Конаржевский «Менеджмент – бұл басқару ғана емес, кез келген маманға қажет білімдердің жиынтығы» деп менеджментті әрбір адамның білуін, меңгеруін ұсынады.
Менеджмент іс-әрекеттің сапалы басқаруын талап етеді: егер басқару оң нәтижесін бере алмаса, ол ешқандай да басқару бола алмайды. Педагогикалық жәй басқарудан менеджменттің айырмашылығы да осында.
Менеджменттік жүйеде іс-әрекеттің сапалы нәтижесіне қол жеткізу үшін төмендегідей дидактикалық талаптар орындалуы қажет:

  • Сапалы нәтижені қамтамасыз ететін педагогикалық процесті анықтау.

  • Педагогикалық процестің сапалы жүруіне әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды көрсету.

  • Сапалы педагогикалық процестің жүйесін, жүру кезеңдерін айқындау;

  • Педагогикалық процестің сапасын анықтау, әдістері мен критерийлерін белгілеу.

  • Педагогикалық процестің сапалы жүргізуіне әсер ететін қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

  • Педагогикалық процесті бақылау, талдау.

  • Белгіленген межеге, нақты сапаға қол жеткізу үшін арнайы түзетулер енгізу.



Жоғары оқу орнын басқарудың сызықтық және матрицалық құрылымдары. ЖОО ұтқырлық және зерттеушілік саясаты. «Басқарудың классикалық теориясы» 1930 жылдарға дейін ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында «басқарушылық қатынастар теориялары» атты жаңа бағыт нәтиженің негізгі шарттары не, қайда, қашан және қалай істеу керектігін анықтайтын басқарудың материалдық жағынан қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мінез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бірінші орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Батыста, әсіресе, АҚШ-та кең өріс жайған, тәжірибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен де басқарудың демократиялық әдістерін кеңінен енгізу әрекеті де осы теориямен байланысты.
Мектептің тәрбиелік жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады.
160-суретте жоғары оқу орны білім беруді ұйымдастырушылық құрылымы көрсетілді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет