К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасыЖоғары білім сапасын басқару
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)
Басқару қатынастары жасалу уақты бойынша: уақытша және тұрақты қатынастар болып бөлінеді (168, 169-суреттер). Сурет-168. ТQМ-ның иерархиялық құрылымы (дәстүрлі пирамида) Сурет-169. ТQМ-ның иерархиялық құрылымы (төңкерілген пирамида) Жағдаяттық бағыт. Жағдаяттық бағыттау негізіне нақты жағдайда мекеменің жұмыс стиліне өте қатты әсер ететін іс-әрекеттер жиынтығы, яғни жағдаяттар алынады. Жағдаяттық бағыт бұл мәселені ұйымдастыру мен шешуді жүзеге асыратын тиімді басқарудың бірден-бір жолы. Жағдаяттық бағыт - нақты жағдайда қолданылатын нақты әдіс-тәсілдерді және тұжырымдамаларды, мекеменің алға қойған мақсатқа тиімді жету жолдарын айқындау жолын көрсетеді. Жағдаяттық бағыт процесс бірдей болғанымен де, мекеме басшысының қойылған мақсатқа жету жолындағы таңдаған әдіс-тәсілдері әр түрлі болатындығын мойындайды (170-сурет). Сурет-170. Жағдаяттық бағыт Білім беру қызметі – білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс. Процестік (жүйелі-функционалдық) бағыт. Білім беру мекемесін басқару қойылған мақсатқа жету бағытындағы өзара байланысқан үздіксіз іс-әрекеттер жиынтығынан тұратын мақсаткерлік циклдік үдеріс ретінде қарастырылады. Бұл іс-әрекеттер әрдайым процесс ретінде мекемеге өте қажет. Жүйелік-функционалдық бағытты қолдану иерархиялық құрылымдық жүйесі бар басқаруды түбегейлі өзгерте алады ( 171-сурет). жүктеу/скачать 4,55 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |