К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


РИЗАХОДЖАЕВА Гүлнара Абдумажитқызы



бет169/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

РИЗАХОДЖАЕВА Гүлнара Абдумажитқызы на беріледі.
Баяндама тақырыбы: ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ТАҒЫЛЫМДАРЫ


2-жүргізуші:
«Бұл әлемде ең бастысы – біздің қай жерде тұрғанымыз емес, қай бағытта жылжып барамыз - міне сонда» деп Оливер Холмз айтқандай, қашықтықтан оқыту жағдайында.
Рахымжанов Қалжан – №87 Абай атындағы мектеп-гимназиясы тарих пәні мұғалімі, Нұрсұлтан қаласы .
Баяндама тақырыбы: ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ ҮЛГІСІ
1-жүргізуші:
«Нағыз тәрбие ережелерден емес, жаттығулардан тұрады?» деп Жан-Жак Руссо айтқандай ЖОО тәрбие жұмысының жаңа формасы, жаңа әдістері қандай болмақ?
«Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан да пайда жоқ» деп Саиф Сараи айтқандай сіз бұл пікірге қалай қарайсыз?
«Кішілік пен кісілік ұлылықтың белгісі» деп өз заманынла М.Қашқари айтқандай қашықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтар бойында кішілік пен кісілкті қалай дарытуға болады?
«Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп М.Әуезов айтқандай қазіргі кезеңде ЖОО-да ұл мен қыз тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлінеді?
2-жүргізуші:
Абай атамыз айтқандай «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». Сіз не дейсіз?

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.


Абай
Адамды ойлай білуге үйрету өркениетке жетудің басты міндеті.
Томас Эдисон
1-жүргізуші: Ежелгі философ Демокрит: «Даналықтан мынадай үш ерекшелік шығады: тамаша шешімдер ұсыну, қатесіз сөйлеу және қажетті нәрсені ұсыну» деп айтқандай кезек - Айтарым бар...» Ашық микрофон айдарында.

2-жүргізуші:


ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҰСТАЗҒА ЖАЗҒАН ХАТЫ
Аса қадірменді ҰСТАЗ!
Баламның барлық адам бірдей әділетті емес, әр адам шынайы болмысқа ие болмайтынын білуге мәжбүр екенін білемін. Бірақ оған әр оңбағанға қарсы тұрар бір батыр, өзімшіл саясаткерді сазға отырғызар адал көшбасшы табылатынын түсіндіріңіз. Егер дұшпан бар болса, онда дос та табылады деп үйретіңіз. Мұның барлығын санамен түсіну үшін көп уақыт қажет екенін түсінемін.
Ұлым маңдай термен тапқан 1 доллар жолдан тауып алған 5 доллардан артық екенін түсініп өссін. Сіз оған керек кезінде жеңіле білу мен өз жеңістеріне риясыз қуануды үйретіңіз. Қолыңыздан келсе, оны жалған күлуден бойын аулақ ұстап, тек шынайы түрде жымиюдың құпиясын көрсетіңіз. Мақтаншақтар мен бұзықтарды жеңу өте оңай екенін ертерек білуге баулыңыз. Шамаңыз жетсе, кітаппен достасуына күш салыңыз. Арасында мәңгілік құпиялар туралы ойланатын бос уақыты болсын. Аспандағы құсты, омартадағы араны бақыласын, атқан таң мен көк шалғынның кереметіне көз жеткізсін.
Мектеп қабырғасында жүргенде алаяқтық жасағаннан гөрі жеңіліс тапқан әлдеқайда мәртебелі болатынын үйретсеңіз екен. Өзгелер бұрыстығын дәлелдеп тұрса да, өз меніне деген сенімі нық болатындай етіп тәрбиелеңіз. Жұмсақ адамдармен жұмсақ, қатыгез адамдармен қатал болуға үйретіңіз. Менің ұлыма тобырға ілесіп жаңсақ басудан сақтайтын рухани қуат беріңіз. Кез-келгенді тыңдап, әр сөздің мәні мен мағынасын түсініп, електен өткізіп, тек дұрысы мен ақиқатын таңдауға дағдыландырыңыз.
Қайғырып отырып та күле білуге болатынын көрсетіңіз. Көз жасын көрсету ұят еместігін түсіндіріңіз. Арсыздардың қылығына күле білетін, мақтанға бой үйретпесін. Өз ақылы мен күш-қуатын ең жоғарғы бағаға сатуды үйретіңіз. Бірақ ешқашан жүрек пен жанын саудаға салмасын. Ысқырығы жер жаратын боскеуделерді тыңдамауға, өзінікін дұрыс деп білсе, орнынан тұрып күресуге бел шешіп кіріссін. Оған мейірімді болыңыз. Дегенмен де тым жұмсақтық таныта бермеңіз. Өйткені, тек отқа салған құрыш мықты болып шығады. Ұлыма ымырасыздыққа баратын батылдық беріңіз. Қайратты болуға рұқсат етіңіз. Әрдайым өзіне деген сенімі нық болсын. Тек сонда ғана адамгершілікке деген сенімі зор болмақ.
Менің айтқанымды орындау оңай емес екендігін түсінемін. Қолыңыздан келгенін жасап көріңіз. Менің кішкентай ұлым сондай жақсы бала!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет