2.2 Жоғары мектеп дидактикасы (ЖОО-ғы оқыту теориясы)
Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың атқаратын қызметі және негізгі категориялары. Дидактикалық принциптер. Дидактика – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактика (грек тілінен аударғанда ( «didaktikos» – оқытушы; didasko -зерттеуші) – балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін сипаттайтын, оқытуды ұйымдастыру ұстанымдары, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогиканың құрамдас бөлігін құрайды.
Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы «дидактика» терминінің қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы Вольфгант Раткенің (Ратхия) (1571-1635) шығармасында оқыту өнері мағынасында қолданылған. Соған ұқсас, «бәрін, барлығын да оқытудың әмбебап өнері» мағынасында, чех педагогы Я.А.Коменскийдің 1657 жылы Амстердамда шығарылған негізгі еңбегі «Ұлы дидакикасында» дидактиканы түсіндіреді.
Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф.Гербарт, И.Г.Песталоцци,
А.Дистервег, КД.Ушинский, Д.Дьюи, Г.Кершенштейнер, В.Лай
және т.б. зор үлес қосты ( 13 -кесте).
Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін зандылықтарды зерттейді, оқыту процесінін барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын теуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат-міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде екі басты қызмет атқарады:
1. Теориялық (диагностикалық және болжамдық - прогностикалық);
2. Практикалық (нормативтік құрал ретінде).
Кесте 13-Педагогикалық тұжырымдамалар