В.Ратке - көрнекті неміс педагогы, Я.А.Коменскийдің ережелеріне жақын оқыту ережелері жүйесін жасаған ірі дидакт.
Дидактика- оқытудың теориялық негіздерін зерттеумен айналысатын ғылыми пән.
Я. А. Коменский (1592 – 1670 жж.)
Я. А. Коменский -педагогика ғылымының философия шеңберінен өз алдына дербес ғылыми пән болып қалыптасуына айырықша үлес қосқан чех халқының ұлы педагогы.
«Ұлы дидактика» – Я.А. Коменскийдің педагогикалық жүйесінде толық және дәлелді түрде баяндалған шығарма. Бұл еңбекте ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері, сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді.Осыдан келіп ол орта ғасырлық мектеп тәртібіне қарсы шықты, мектеп балаға сүйіспеншілікті, адамгершілік жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін «адамгершілік шеберханасы» болуға тиіс деген көзқарасты ұсынды.
И.Ф.Гербарт- педоцентристік тұжырымдаманың авторы.
Оқыту мақсаты -оқушының ақыл-ой іскерлігін, түсініктерді, ұғымдарды, теориялық білімін қалыптастыру.
Сонымен қатар Гербарт тәрбиелеп оқыту принципін ұсынды. Оқытуды ұйымдастыру, оқу орнындағы тәртіп, моральдық жағынан жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударды.
Гербарт оқыту процесін формалдық сатыларға бөлді: баяндау, түсіну; жинақтау, қолдану.