К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Сурет-78. Дәріске қойылатын талаптар



бет60/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Сурет-78. Дәріске қойылатын талаптар


Тақырыпты ашу барысында индуктивті әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар, айғақтар; нақты мысалдар арқылы жалпы ережелерді түсіндіруде дедукция әдісін де қолдануға болады. Дәрістің соңында айтылған мәселелер бойынша қорытынды жасау дәрістің құңдылығын арттырады. Жоғары мектептегі дәстүрлі дәрістер ақпараттық болып табылады. Дәрістердің мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болғанымен, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қағидалар ортақ болады.
Дәрістің үш түрі болады: кіріспедәріс; ағымдағы дәріс; қорытынды немесе шолу дәрісі.
Кіріспе дәріс - пәннің мақсаты, ғылымдар жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі, мамандыққа қажет оқылатын басқа да пәндермен байланысы, сол пән ғылымының зерттеу пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық материалдар, даму тарихы, студенттердің болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған жөн.
Кіріспе дәрісте курспен жұмыс істеудің жалпы әдістерін әңгімелеу, курсқа ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының сипаттамасын беру, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыру, емтихан талаптары мен басқа да курсты толықтыратын оқу түрлері туралы әңгімелеу пайдалы болады. Осындай кіріспе студенттерге курстың жалпы мазмұны мен құралымын пайымдауына көмектеседі, оларды дәріспен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттайды, курспен жұмыс істеу әдістерімен таныстырады.
Ағымдағы дәріс - оқу жоспары негізінде жасалған типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Қорытынды немесе шолу дәріс – қысқаша конспект түрінде берілмейтін, білімнің жоғары деңгейде жүйеленіп берілуі.
Өзара сабаққа қатысу барысында қызметтестер оқытушының дәрісті оқу сапасын бағалайды. Дәрісті бағалау критерилерінің негізгі түйіндері мазмұны, әдісі, студенттер жұмысына жетекшілік, лекторлық дарын, дәрістің нәтижелілігі.
Дұрыс әрі тиімді ұйымдастырган дәрістің тәрбиелік маңызы арта түседі, ойлау, еңбек әрекеті, пәнге деген ынта, ықылас және қызығушылық дамып, қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет