К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы



бет71/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

мақсаты шектеулі – алдына шағын мақсат қояды, сол мақсатқа жету үшін ғана жұмыс жасайды;

  • өзіне ілестіру бағыттылығы – кең көлемде білім бермесе де, қандай да бір мәселенің жеке жақтарын терең ашуға тырысады;

  • қолданбалық сипаттылығы – оқытудың басқа әдістерімен салыстырғанда, алған білімнің өмірге тікелей пайдалануымен ерекшеленеді.

  • Педагогикалық тренинг негізгі функциясы – іскер қарым-қатынасты орнату:

    • арнаулы білім, дағдыны дамыту;

    • адам өміріне қажетті ақпараттар беру;

    • адамның қазіргі іс-әрекетіне жаңалық енгізу, жаңаша көзқараспен қарау, болашаққа көз тастау және т.б.

    • ұжымдағы қарым-қатынасты жақсарту, оны бір-біріне деген сенім тұрғысында құру.

    Тренингтің бағдарламасында 3 компонент болуы шарт:

    1. Ұжымның сұранысын қанағаттандыруды талдау. Ұжымды (жекелеген оқушыларды) толғандырып, қызықтырып жүрген көкейкесті мәселені көпшілік талқысына салу.

    2. Тренингтің мақсатына сәйкес техникалық құралдарды дұрыс таңдай алу.

    3. Тренингтің нәтижесін бағалай алу, диагностикалық сараптама жасау.

    Тренингтің бағдарламасының бірінші компоненті – ұжымның сұранысын қанағаттандыруды талдауда ұжымның, жеке оқушының өтініш-сұраныстарын ескерген абзал.
    Оқу жылының, тоқсанның басында сыныптан әртүрлі сауалнама алып, олардың ұсыныс-пікірлерін ескерген жөн. Тіпті кей жағдайда тренингтің тақырыбын да оқушылардың өздері таңдаған дұрыс. Себебі өздерін қызықтыратын тақырып төңірегінде ой бөліскенді әрбір оқушы ұнатады және белсенділік танытады.
    Мұндай жағдайда тіпті оқушыларға еркіндік беріп, оларға тренингтің бағдарламасын жасауды да ұсынуға болады, тіпті кей жағдайда (жоғары сыныптарда) тренингті өздеріне жүргізуге ұсынуға болады.
    Тренинг бағдарламасының екінші компоненті – тренинг мақсатына сәйкес техникалық құралдарды дұрыс таңдауда «тренинг әдістері» және «тренинг құралы» деген екі терминді бір-бірінен ажыратып алуымыз керек.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   171




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет