К. Д. Бузаубакова жоғары мектеп педагогикасы


Бағалаудың ішкі критерийлеріне жататындар



бет74/171
Дата15.12.2022
өлшемі4,55 Mb.
#57541
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   171
Байланысты:
ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)

Бағалаудың ішкі критерийлеріне жататындар:

  • Білім алушы лардың өздері үшін тренинг бағасының пайдасы.

  • Тренинг барысында алған білімнің оқушының жеке жетістіктеріне әсері.

Бағалаудың сыртқы критерийлеріне жататындар:

  • Білім алушы лардың тәрбие деңгейлерінің артуы.

  • Білім алушылардың бір-бірімен қарым-қатынастарының жақсаруына әсері.

Тренингтік бағдарламаның тиімділігін бағалау тренингтен кейінгі және ұзақ мерзімді болып 2 бөлінеді.
Тренинг барысында тренингтен кейінгі бағалау – білім алушы лардың іс-әрекетіне, білік, дағдысының дамуына тренинг қалай әсер ететіндігімен өлшенеді, ал екіншісі – тренингтің әсері оқушыларға ұзақ уақыт өткеннен кейін (мысалы, жарты жыл, бір жыл өткеннен кейін) қалай әсер еткендігімен өлшенеді.
Қазіргі кезеңде тренингтің 3 түрі кеңінен оқу-тәрбие процесінде қолданылады. Олар: когнитивтік тренингтер; қарым-қатынас тренингтері; релаксациялық тренингтер.
Тәрбие жұмысында көптеп қолданыста жүрген қарым-қатынас тренингісін қарастырайық.
Қарым-қатынас тренингі үш технологияны біріктіреді: өзара қабылдаушылық; өзара түсінушілік; өзара іс-әрекеттілік (93-сурет).


Сурет - 93. Қарым-қатынас тренингісінің құрылысы
Қарым-қатынас тренингінің толық бағдарламасы төмендегілерді қамтиды:

  1. Ұжым мүшелері өздерінің дербес қабілеттерін арнаулы тестілеуден өткізіп, біле алады. (Мысалы, арнаулы «Өрмекші-МИБ» әдістемесімен, 74- сурет).

  2. Серіктестігін білу мақсатында өз жобасының тұсаукесерін жасау арқылы өзара қабылдай алуы;

  3. Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдары арқылы өзара түсінушілік;

  4. Бірлескен-жекеленген, бірлескен-жүйеленген, бірлескен-өзара іс-әрекеттілік жұмыстарды қамтитын өзара іс-әрекеттілік.

Іс-тәжірибе көрсеткендей-ақ, тренингке қатысушылардың саны 8-ден 12-ге дейін болғаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет