Сурет-98. Жаңашылдық ( инновация) деңгейлері
Егер де инновация бұрынғы оқыту жүйесінің барлық бөлігін
қамтитын болса, онда ол жүйелі инновация түріне жатады. Жүйелі инновацияға байланысты бүкіл мектепті жаңа идеямен, тұжырымдама бойынша немесе жаңа білім беру орынын бұрынғы базада қайта құру жатады.
99-суретте педагогикалық инновациялар классификациясы берілді.
Сурет - 99 .Педагогикалық инновациялар классификациясы
Модификациялық инновация бағдарламаның немесе белгілі
бір әдістеменің түрін өзгертіп пайдаланумен байланысты. Дәстүрлі әдістемені басқа пәнге кеңейте отырып, тиімділігін арттырып пайдалану. Мысалы, В.Ф. Шаталовтың «Тірек белгілерін» жатқызуға болады. Бұл идея психолог Б.Я. Гальпериннің еңбектерінде көрсетілген.
Комбинаторлық (аралас) инновация. Бұл жаңа құрылымда элементтердің қосылып, бұрыннан таныс әдіс-тәсілдердің осы қосылыста бұрын пайдаланылмаған жаңа түрі. Бұл әрбір бағдарлама технологиясының бөлшектерінің жай бірігуі емес, жаңа кіріктірілген тәсілдің пайда болуы.
3) Келесі радикалды инновацияның мысалына дәстүрлі пәндерді оқыту емес, басқа жаңа пәндерді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер жатады.
оқыту процесін ұйымдастыру бойынша;
оқыту құралы бойынша;
оқу-тәрбие процесін басқару жүйесі бойынша.
Дидактикалық инновациялар жүзеге асыру тәсіліне қарай 2 түрін ажыратуға болады:
жүйелі, жоспарлы;
спонтанды, кездейсоқ.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде инновациялық педагогикалық технологияларды жүйелеу, яғни классификациялау әртүрлі қарастырылады (1-сурет).
мағыналы технология: құрылымы қызметіне қарай анықталынатын технологиялар (оқыту технологиясы, тәрбие технологиясы, дамыту технологиясы және т.б.);
Достарыңызбен бөлісу: |