Байланысты: ПЕЧАТЬ Жоғары мектеп педагогикасы -2021 ж777 ТЕКСЕРУГЕ(1)
сипаттамалы технология: арнайы бір әдістің технологиясы, оқу пәнінің ақпараттық мазмұнына сәйкес, оқытудың ауызша әдісі пайдаланылады (мәселен, әдебиет күндері, тарих, география және т.б.); оқушы тыңдау, ұғыну, есте сақтау арқылы оқу материалын меңгереді;
репродуктивті технология: оқу пәндерінің ғылыми-оқу ақпаратын жаңаша өңдеу, жетілдіру іс-әрекеті; белгілі бір үлгі бойынша мұғалімнің басшылығымен тапсырманы бірнеше рет қайталау іс-әрекеті;
Дидактикалық инновациялар білім беру сапасы бойынша 5 түрге бөлінеді:
алгоритмдік технология: оқу міндеттерін тиімді шешуді қамтамасыз ететін ойлау процесі мен оған сәйкес ақыл-ой әрекетінің реттелген, ойластырылған, өзара байланысқан моделіне негізделген технология; алгоритмдік технология барысында білімді меңгеру бірінен кейін бірі белгілі ретпен, жүйемен келетін өзара байланысқан операцияларды орындау барысында жүзеге асады;
ақпараттық технология: ақпаратты алу, өңдеу, түрлендіру және тарату технологиясы; қоғамның әрбір мүшесінің үздіксіз білім беру жүйесінде бұл технология адамға ақпаратты кең көлемде жинауға мүмкіндік береді; ғылымда ақпараттық технологияны қолдану тәжірибелік-эксперименттік нобайлауға әдіснамалық ізденіс, диагностикалық жобалауды алып келді; ақпараттық технологиялар қазіргі кезеңде компьютерлі бағдарламалық оқыту, интеллектуалдық оқытудан эксперименттік жүйені, гипермәтінді, мультимедиа, микроәлем, имитациялық оқыту, демонстрацияны пайдалануға дейін алып келді;
дифференциациялық (саралау) технология:оқушыларды жеке, дара, дербес ерекшеліктеріне сәйкес топтарға бөліп оқыту;
интеграциялау технологиясы: ұқсас белгілері бойынша қосу, біріктіру, синтездеу технологиясы; бұл технологияның негізіне жеке тұлғаны жан-жақты дамыту идеясы алынады, мысалы, жиынтық сабақтар, жақын пәндерді біріктіріп қарастыру, мысалы, астрономия мен физиканы біріктіріп, астрофизика бір пән ретінде оқыту және т.б.;