сайыс – ойындарға белсене қатыса отырып оқушылардың нәтижеге жетуге ұмтылысы түрінде көрінеді.
Іскерлік ойындарының негізгіміндеттері төмендегідей болады.
Оқылған материалды еске сақтау және терең ұғынуға жағдай жасау.
Дұрыс шешім қабылдау және жағдаяттарға баға беру білігін қалыптастыру.
Қабылданған шешімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру.
Шығармашылығын дамыту.
Іскерлік ойынды өткізудің кезеңдері төмендегідей түзіледі.
1-кезең: мұғалімнің тақырыпты таңдауы, мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, күтілетін нәтижені болжауы, құрылымын анықтау, сыныптағы ойынға қатысушылардың рөлдік қызметіндегі қасиеттерін ескеру, ойын барысындағы әсер етуші жағдайларды зерттеу.
2-кезең: соңғы оқу материалдарын талдау, мәселені шешудің әдіс-тәсілдерін талдау. Тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша қолдануда шығармашылық өңдеу, сценарийді дайындау, рөлдерге бөлу.
3-кезең: мұғалімнің оқушыларды іскерлік ойынның сценарийі, мақсаты, мазмұнымен таныстыруы, ойынды ұйымдастыруы, оқушылардың рөлдік қызметтерін орындауы, мұғалімнің, оқушылардың ойынды басқаруы, ойын барысын, нәтижесін талдау, мұғалімнің қорытынды жасауы жүзеге асырылады.
Іскерлік ойындардың әлеуметтік мәні мынада: белгілі бір міндеттерді шешу барысында оқушыларды меңгеру белсенділігін ғана арттырып қоймайды, сонымен қатар күрделі шешімдер қабылдай білуге үйретіп, ұжымдағы өзара қарым-қатынасты дамытуды көздейді. Ең бастысы, қандай да болсын ойын түрлері арқылы адам баласы қоғамдық тәжірибені меңгереді, психикалық қасиеттері мен танымдық ерекшеліктері қалыптасады.