Педагогикалық шығармашылық –
оқу-тәрбие
жұмысында
педагогикалық әдістемелерді түрлендіру, әдістерді жетілдіру және т.б.
Педагогикалық шығармашылық белгілі жаңашылдық элементтерінен
тұрады, бірақ көбінесе, ол оқу мен тәрбие жұмысындағы жаңа идеяларды
қозғаумен емес, оқу-тәрбие жұмысының әдістері мен түрлерінің өзгеруімен,
белгілі бір жаңғыртумен байланысты болады.
В.И.Андреев даму мен өзін-өзі дамыту процесінің 2 ерекшелігін атап
өтеді: тұлғаның өзгерісі сырттан емес, оның өзіне-өзінің ішкі мақсатқа
бағытталған әсерінен болады; өзгерістер тек қана мотивте, интеллектуалды,
эмоционалды аймақта ғана болмайды, сондай-ақ, барлық «өзіндік» процестерде
жүреді: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі өзектендіру,
өзін-өзі басқару (27-сурет).