82
Педагогикалық іскерлік – бұл мұғалімнің шеберлігінің негізі, онсыз
мектепте жұмыс істеу мүмкін емес. Мұғалім сабаққа дайындалу әдістерін білуі
керек және сабақтың әрбір кезеңдерін өткізудің мазмұны мен әдістемесін,
құрылымын дұрыс анықтауы керек.
Сурет-26. Педагогикалық іс-әрекет деңгейлері
Мұғалімнің кәсіби өсуінің келесі деңгейі педагогикалық шеберлік болып
табылады.
Шеберлік – бұл өз мамандығы бойынша жұмыс істейтін әрбір
мұғалімге қолайлы болатын оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары және үнемі
жетілдірілетін өнер. Педагог өз ісінің шебері – бұл өз пәнін терең білетін,
ғылым мен өнерге сәйкес салаларды жақсы меңгерген, жалпы және балалар
психологиясына қатысты мәселелерді шеше алатын, оқыту мен тәрбиелеу
әдісін жеткілікті түрде меңгерген білікті маман.
Достарыңызбен бөлісу: