К. Д. Бузаубакова


Кесте 4 – «Педагогикалық процесс» ұғымының  мәні



Pdf көрінісі
бет111/446
Дата07.01.2022
өлшемі7,89 Mb.
#20932
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   446
Кесте 4  «Педагогикалық процесс» ұғымының  мәні 
№ 
Анықтама 
Автор 

Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі 
байланысқан  жиынтығы,  оның  мәні  әлеуметтік 
құнды  тәрбие  адамның  қалыптасқан  сапасына 
айналатындығы 
  М.А. Данилов 

Педагогикалық  процесс  –  үлкендердің  мақсатты, 
мазмұнды, 
ұйымдасқан 
педагогикалық                         
іс-әрекеттерінің өзара  әсері  және  тәрбиешінің басым 
рөліне  бағытталған  белсенді  өмірлік  іс-әрекет 
нәтижесінде баланың өзін-өзі өзгертуі 
Б.Т. Лихачев 

Педагогикалық  процесс  –  қойылған  мақсатқа  жетуге 
бағытталған, 
тәрбиеленушінің 
қасиеттерінің 
белгіленген  өзгерісіне,  түрленуіне  алып  келетін 
тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің    өзара  бірлескен            
іс-әрекетінің дамуы 
И.П. Подласый 

Педагогикалық  процесс  –  тұлғаны  тәрбиелеу  мен 
дамыту  заңдылықтары  негізінде  қойылған  мақсатқа 
сәйкес 
баланың 
өмірлік 
іс-әрекетін 
мақсат-
бағыттылыққа ұйымдастыру 
С.А. Пуйман 

Педагогикалық  процесс  тәрбиеленушінің  тұлғалық 
қасиеттері  мен  сапалық  түрленуіне  алып  келетін, 
қойылған мақсаттың нәтижесіне бағытталған, арнайы 
ұйымдастырылған,  уақыт  пен  кеңістікке  қатысты 
нақты  тәрбиелік  жүйеде  дамитын  тәрбиеші  мен 
тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті 
В.И. Смирнов 
 
 
 
 
 

Педагогикалық  процесс  –  өзінің  табиғатында  өзіне-
өзі  әрекет  жасай  алатын  жеке  қоғамдық  тұлғаның 
жан-жақты жетілуі 
П.Ф. Каптерев 
 
 

Педагогикалық  процесс  –  ұстаздардың  қатысуымен 
және  басшылығымен  жүзеге  асатын  оқушылардың 
бірлескен  іс-әрекеті,  ол  әлеуметтік  тәжірибені  
меңгеру,  әрбір оқушының дамуға және  өзін еңбекте, 
қоғамдық  өмірде  жүзеге  асыруға  дайын  тұлғасын 
қалыптастыруға бағытталған 
 Педагогика 
/Абай атындағы 
Ұлттық 
педагогикалық 
университетінің 
авторлар 
ұжымы  
 
   
Педагогикалық  процесс  өзін  біртұтастық  ретінде  субъектілердің  өзара 
әрекеттегі  арнайы  ұйымдастырылған  іс-әрекеттерін  бөле  көрсете  алады.  Егер 


89 
 
әрбір  субъектінің  жетістіктері  болса,  онда  «ұстаздар-оқушылар»  жүйесінің 
тұрақтылығымен өзін-өзі дамыту мәселесі шешіледі. 
 Педагогикалық  процестің  негізгі  сипаттамасы  оның  біртұтастығында. 
Педагогикалық  процестің  барлық  құраушылары  бір  мақсатқа  бірігеді: 
білімділік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық процестің тұтастығы жеке 
тұлғаны  тәрбиелеу,  оқыту,  дамыту  мақсаттарының  бірлігімен  және  нақты  оқу-
тәрбие процесінің өтуімен сипатталады. 
 Тұтас педагогикалық процестің  басты  қасиеттері: 
а)  педагогикалық  процесс  –  әлеуметтік  жүйе,  оның  өмір  сүруі,  қызмет 
істеуі  оған  қатысушылардың  арасындағы  іс-әрекеттердің  алмасуымен 
анықталады; 
ә) ынтымақтастық  (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалімдермен, бір-
бірімен  де)  оқушы  үшін әртүрлі  іс-әрекеттердің  тәсілдерін  тезірек меңгерудің, 
яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы 
болады; 
б)  «ұстаздар-оқушылар»  жүйесінің  біртұтастығы  педагогикалық  процесс 
ішіндегі  әртүрлі  деңгейдегі  жүйелердің  өзара  әрекеттері  барысындағы  мақсат 
пен нәтижелердің бірлігімен анықталады; 
в)  педагогикалық  процестің  негізгі  интегративтік  қасиетін  әртүрлі 
тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан  жүйелердің оқушылар 
тұлғасының  қалыптасуына  әсері  іс-әрекет  субъектілерінің  (ұстаздар  мен 
оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады.    
Ғалым    Т.А.Стефановскаяның  пікірінше,  педагогикалық  процестің 
құрамды бөліктері болып табылатындар:   
-  педагогикалық процестің негізгі басты идеялары мен принциптері;  
-  тұтас педагогикалық процесс функциялары; 
-  тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері; 
-  тұтас педагогикалық процесс тиімділігінің көрсеткіштері; 
-  педагогикалық процесс мазмұны; 
-  педагогикалық процестің негізгі құралдары, іс-әрекет түрлері. 
 Педагогикалық  процесс  –  көптеген  процестердің  ішкі  байланысқан 
жиынтығы,  оның  мәні  –  әлеуметтік  тәжірибе  қалыптасқан  адами  санамен 
байланыстылығы.  Тұтастық,  жалпылық,  бірлік  –  бірдей  мақсатқа  бағытталған 
педагогикалық  процестің  барлық  құраушыларының  негізгі  сипаттамасы. 
 
С.А.Смирнов,  И.Б.Котова,  Е.Н.Шиянов,  Т.И.Бабаева  және  т.б.  ғалымдар 
педагогикалық 
процесті 
көптеген 
педагогикалық 
іс-әрекеттер 
мен 
құбылыстарды  біріктіретін  тұтас  жүйе  ретінде  қарастырады:  тұтас 
педагогикалық  процесс,  тұтас  педагогикалық  процестің  заңдылықтары,  тұтас 
педагогикалық  процестің  кезеңдері,  педагогикалық  инновациялар,    креативті 
педагог. 
Педагогикалық  процесс  –  тәрбие  процесінің  негізгі  құрылымдық  бірлігі, 
оның  ерекшелігі  сол  –  ол  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  өзара  іс-әрекетінің 
педагогикалық  жүйесін  анықтай  түседі:  егер  тәрбие  процесі  ұғымы  тұлғаны 
қалыптастыратын  барлық  мақсатты  бағытталған  әсерлердің  жиынтығын  өзіне 


90 
 
біріктірсе,  ал  педагогикалық  процесс  ұғымы  алдын  ала  ұйымдасқан  тәрбиелік 
өзара іс-әрекеттерді бейнелейді. 
Педагогикалық 
процесс
  білім  беру,  тәрбиелеу  және  дамыту  міндеттерін 
шешуге  бағытталып,  арнайы  ұйымдастырылған  мұғалім  мен  оқушы 
арасындағы  өзара  ықпалды  қызметті  атқарады,  яғни  педагогикалық  процесс  – 
бұл  арнайы  оқу  мен  тәрбиенің  бірлігін  қамтамасыз  ету  жолымен  кең  мәндегі 
тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас 
процесс. 
Педагогикалық  процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің 
ішкі  байланыстарымен  көрінеді.  Процесс  алға  басу,  жағдай,  белгілі  бір 
нәтижеге  жетудегі  бірізді  әрекеттердің  бірлігін  білдіреді.  Мұнда  «процесс» 
деген  ұғымның  мағынасы  «
мұғалім  мен  оқушы
»  жүйесіндегі  түпкі  мақсатқа 
бірізді  әрекеттер  бірліктері  арқылы  жету  ұстаздан  қандай  нақтылы  жағдайды 
өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек. 
Педагогикалық  процестің  мәні  туралы  қалыптасқан  түсініктердің 
сыртында  мұғалім  үшін  өте  маңызды  бірқатар  мәселелер    туындайды:  не 
себепті  біртұтас  педагогикалық  процесс  оқыту  мен  тәрбиенің  бірлігі 
(А.Ф.Каптерев, М.А.Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің 
бірлігі  қалайша  қамтамасыз  етіледі  (Ю.К.Бабанский)  оқушылардың  өзара 
әрекетінің  ерекшеліктері  қалай  анықталады  (С.Т.Шацкий,  Н.К.Крупская, 
В.А.Сухомлинский);  өзара  әрекет  тек  қана  оқудан  тыс  уақытқа  тән  бола  ма 
(А.С.Макаренко);  біртұтас  педагогикалық  процестің  қандай  ерекшеліктерін 
білу  оның  бағытты  дамуының  мәселелерін  шешуге  көмектеседі  (Б.Т.Лихачев) 
және қызмет істеулерін басқару (В.С.Ильин, И.П.Радченко) және т.б.  
Педагогикалық 
процес
тің  негізі  тірегі  –  бұл  оқу  және  тәрбие. 
Педагогикалық 
процес
тің 
құрылымы 
екі 
тұрғыдан 
қарастырылады: 
педагогикалық  процеске  қатысушылардың  субъективті  құрамы;  іс-әрекеттік 
құрамы (28-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет